23
Негізгі сабақтарға бұтақтар орналасады. Олар өзара бірінші,
екінші, т.б. қатар бұтақшаларға бөлінеді, кейбір бұтақшалар өзінің
өсуін тоқтатып бүршікке айналады. Бүршіктер жапырақбетінде немесе
бұтақшаның басында болады да, кейін келе гүл шоқтарына айналады.
Дəнді дақылдардың жаздық жəне күздік түрлерінің сабағы біржыл-
дық болады, жеміс беріп болған соң қурап қалады. Олар тік өседі, тек
қана бұршақ тұқымдастардың сабағы шырмауық тəрізді өрмелеп өседі.
Дəнді дақылдардың сабағы сабан деп аталады. Ол сабақтардың іші
қуыс, көп буындарға бөлінген. Буындардан жапырақ өсіп шығады.
Өсімдік жапырақтары – негізгі органдардың ішіндегі ең негізгісі.
Егер астық дəнінде қоректік заттардың қоры жиналатын болса, олардың
өзі тек жапырақтарда ғана пайда болады жəне сонымен қатар тыныс
алу үдерісінде көміртегін жұтып, оттегін бөліп шығарады. Сондықтан
қоректік заттар (соның ішінде ет, сүт, май, жүн, т.б.),
құрылыс матери-
алдары, киім, отын, (ағаш, тас көмір, мұнай, газ) түгелдей жапырақта
жүретін үдерістерге байланысты. Көпшілік өсімдіктерде жапырақ өзінің
пластинкасы (алақан) мен сабағынан тұрады, ал дəнді дақылдарда
сабақтың орнына сабанды қаптап тұратын қынап (влагалище) болады.
Жапырақ алақанының үстіңгі жəне астыңғы жағында көптеген мұршалар
деп аталатын ұсақ тесікшелер бар. Оларда хлоофилл дəндері көп бола-
ды. Осы тесікшелер арқылы өсімдік тыныс алады жəне ол жасыл түсті
болғандықтан, күн сəулесін байлап, көмір қышқылы мен судың буы-
нан көмірсутектерді (қант, крахмал) синтездейді. Жапырақтың үстіңгі
жағында май тəріздес кутикула қабыршағы бар. Ол жапырақтың үстіне
түскен зиянды нəрселерден қорғайды.
Тесікшелер күндіз ашық, түнде жабық болады. Өсімдік тыныс
алғанда ауамен бірге көмір қышқылы кіреді де, ол сумен қосылып
көмірсутектерге (6СО
2
+ 12Н
2
О = (С
6
Н
12
О
6
+ 6Н
2
О + 3О
2
) айналады
да, газдар қайтадан сыртқа шығады. Бұл үдеріс күн жарығы мен мен
хлоофиллдің қатысуы арқылы жүреді. Синтезделген қант (С
6
Н
12
О
6
+ nН
2
О = (C
6
H
10
O
5
)n крахмалға айналады да, тамақ жəне энергия
қоры ретінде дəнге құйылып сақталады. Хлорофилл жасыл түсті
болғандықтан, ол күн жарығының ультрақызыл сəулесін өзіне сіңіріп
алады. Бұл құбылыстың қалай жүретінімен биохимия пəнінде таны-
самыз. Осы сəуле арқылы көмір қышқылы сумен қосыла алады, ал
сəуленің өзі көзге көрінбейтін электрон ретінде астықтың энергия
қорына айналады. Бұлардан басқа да жер қыртысынан көптеген ми-
нералды заттар құрамындағы
органикалық заттарға қосылып, оның
қоректік қорына айналады.
24
Жазда бидайдың бір га егістігі 40 центнер өнім береді деп есептесек,
осы мерзім ішінде 10 тоннаға жақын биомасса пайда болады. Бұл син-
тезге 150 кг азотты, 500 кг басқа да минералды заттарды жерден сіңіріп,
ал аудан 20-25 тонна көмір қышқылын байлап, 14 тоннаға жақын оттегін
бөліп шығарады. Міне, осы 1 га жердегі жасыл өсімдіктер 4,5 млрд
ккал күннің энергиясын сіңіреді, оның 2,2 млрд ккал өсімдік құрамына
кіреді де энергия қорына айналып, жылулыққа,
судың буға айналуына
пайдаланылады. Бір грамм молекула қант синтезіне 674 ккал (2821,9
Джоуль) күн энергиясы жұмсалады. Бұл:
2Н
2
О → 4Н + О
2
;
СО
2
+ 4Н → СН
2
О + Н
2
О болып жүреді.
Міне, осы заттар кейін қантқа, крахмалға, майға, сағыздарға, фер-
менттерге, дəрумендерге айналады.
Фотосинтез ауаның температурасы 25-30°С болғанда жақсы жүреді.
Соның өзінде күн сəулесінің 1-2 пайызын ғана сіңіре алады. Ол энергия
1м
2
жапырақ ауданында бір сағатта тек 80-100кг органикалық заттарды
байла алады.
Жазда фотосинтезбен қатар өсімдік жапырақтары арқылы тыныс
алу үдерісі жүреді жəне су буланады. Судың булануынан өсімдік
салқындайды да, өсімдіктің тамыры арқылы сорғы сияқты суды со-
руды қамтамасыз етеді жəне су буының фотосинтезге қатынасуын
мүмкіндік туғызады. Өсімдік көп суды буға айналдырады. Мысалы,
бір күнбағыс өсімдігі жаз бойы 200 кг
суды буға айналдырады, би-
дай егістігінің 1 гектарында жаз бойы 2 млн кг су буға айналады.
Сонымен 1 грамм органикалық синтезіне 125-1000 г су кетеді. Суды
ең аз жұмсайтын бидай 1 г органикалық заттың синтезіне 300-400 г
су жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: