48
надан. Егістікті алдымен жаткамен орып, 15-20 см биіктікте пая ның
үстіне дестеге салады. Астынан да, үстінен де
құрғақ жел соғып десте-
лер кебеді. Кебумен қатар өсімдіктің сабағындағы, жапырақтарындағы
əлі масаққа келіп жетіспеген органикалық заттар келіп жетіп, дəннің
толуы жалғаса түседі жəне кебеді. Екі үш күннен кейін, дестелер əбден
кепкен соң, оны десте жинайтын комбайнмен жинап, бастырады.
Осының арқасында сынудан жəне басқа да механикалық зақымдардан
аман
сақталады, ал сабан, топандар, арамшөптер түгел үгітіліп жел-
мен ұшырылып, астық жақсы тазарады. Арамшөптердің тұқымдары да
жақсы ажыратылады. Тура жиналғанда шығын болатын əбден піскен,
сапасы жоғары дəндер де сақталып қалады. Осының салдарынан түсім
неғұрлым жоғары болады. Бірақ, астық дестеде жатқанда жаңбыр көп
жауса, əсіресе, қара бидай дестеде жатып өніп кетуі мүмкін.
Дегенмен,
бұл тəсіл Америкада жəне басқа елдерде де көп қолданылады. Ору мен
бастыруды екі бөлек жүргізу тəсілі комбайнмен тура оруға қарағанда
қымбаттау түседі. Себебі оны ору жəне бастыру екі рет жүргізіліп,
астықтың өзіндік құны өседі, ал бірақ ол шығын түсімінің көбеюі жəне
оның сапасының артуы арқасында өзін-өзі ақтайды.
Дегенмен, Солтүстік Қазақстанда күздің ерте түсуіне байланысты
жаңбыр жəне қар ерте жауып, егістіктер көп шығынға ұшырайды. Су
астықтың өніп, шіріп кету қауіптері туады.
Сондықтан көптеген астық
кептіретін агрегаттар қоюды керек етеді.
Кейінгі кезде ору, одан түскен массаны түгел маяға салып, егістіктің
шетіне шығарып, қырманға жинап, қыста бастыру əдісі қолданылып
жүр. Егер бұл тəсіл
іске асса, онда астық сақтайтын элеваторлар мен
қоймалардың да керегі едəуір азаяр еді. Бұл тəсілді Қазақтың ауыл
шаруашылығын механикаландыру ғылыми-зерттеу институты іске
асыру жолында көп жұмыстар істеуде. Оған Жамбыл технологиялық
институтының Алматы филиалы (Ізтаев Ə.) да қатынасады. Осы
зерттеулердің қорытындысына қарағанда бұл тəсіл өте тиімді екені
дəлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: