Сыныбы 6 «б»
|
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
биология
|
Уразғалиева Мейрамгүл
Атырау қаласы
№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Биология пәнінің мұғалімі
|
Сабақ тақырыбы:
|
Астық тұқымдастар
|
Жалпы мақсат:
|
Оқушыларда дара жарнақтылар класы, астық тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау.
|
Сілтеме:
|
Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков Биология 6-сынып
|
Оқыту нәтижесі:
|
Оқушылардың астық тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін түсінуіне; ақпараттарды саралауға қабілетті сыни ойлауға; өзіндік дербес шешімдер қабылдай алуға; өз бетімен жұмыстарының нәтижесін білу; білім деңгейін бағалауға көмектеседі.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
А4 парақтар, үлестірме мәтіндер, сызбанұсқалар, постерлер, желім, интерактивті тақта, слайдтар.
|
Оқыту әдістері:
|
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни ойлауды дамыту, АКТ, диалог
|
жеке жұмыс
жұптық жұмыс
топтық жұмыс
|
Психологиялық ахуал туғызу
|
Амандасу
топтастыру
| -
«Бидай тобы»
-
«Күріш тобы»
-
«Жүгері тобы»
|
Тапсырмалар:
|
Оқыту барысындағы мұғалім әрекеті, жетелеуші сұрақтар
|
Оқушы әрекеті
|
1 тапсырма
«Сұрақ-жауап»
Жеке жұмыс
|
Өтілген тақырыптар бойынша интерактивті тақтадан сұрақтар беріледі:
-
Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ бергілерді атауға болады?
-
Пияз тұқымдастардың маңызы қандай?
-
Фитонцид деген не?
-
Інжуғүлдің ерекшелігі туралы не айтуға болады?
| -
Өткен оқу материалын еске түсіреді;
-
Өсімдіктерді жіктейді, салыстырады, қалыпты емес ойлау тәсілдерін қолданады;
-
Табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызын айтады;
-
« Қызыл кітапқа» енген түрлерін атайды;
|
2 тапсырма
«Мәтінмен жұмыс»
|
«Астық тұқымдастар» мәтіні таратылады. Оқушылармен талқыға тарта отырып, оқу мақсатын айқындайды
| -
Жаңа оқу материалымен танысады ;
-
Ұсынылған тақырыпты талдай отырып, өзіндік қорытынды шығарады;
|
3 тапсырма
«Белгілерді ата»
Топтық жұмыс
|
Берілген үлестірме парақтардан астық тұқымдастарға тән белгілерді табу:
-
шөптекті өсімдік
-
тіршілік формасы – ағаштар мен бұталар
-
жапырақтары доға жүйкелі
-
жапырақтары – қатар жүйкелі, жапырақтары күрделі
-
жемісі - дәнек
-
жемісі - тұқымша
-
гүлшоғыры – себетгүл
-
гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, масақ
-
гүлінің формуласы -- Гс 2 А3 Ж(1)
-
гүлінің формуласы - Гс 3+3 А3+3 Ж1
-
сабағы - бунақты сабансабақ
-
гүлдері - тілшелі, түтікшелі
-
гүлдері екі кейде үш түссіз жұқа қабыршақтан тұрады
-
тамыр жүйесі – кіндік тамырлы
-
тамыр жүйесі - шашақ тамырлы
| -
Бұрынғы білімдерін қолданады
-
Бірін-бірін оқытады
-
Топта жүргізілген өзара қатемен жұмыс арқылы ЖАДА тиімділігін көреді
-
Өзін-өзі формативті бағалай алады
|
4 тапсырма
«Өсімдік гүлшоғыр»
|
Сызбанұсқа бойынша сәйкестігін табу
| -
Бірін-бірі бағалай отырып, тақырыпқа қатысты білімдерін бекітеді
|
5 тапсырма
«Шындық және жалған»
|
Сөйлемдердегі қатені (егер болса) түзетіңдер:
1.астық тұқымдастар
қосжарнақтылар класына жатады
2.астық тұқымдастарда тамыр жүйесі – кіндік тамырлы.
3. құмай жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдік.
4. бидайдың жемісі –дәнекер
5. екпе күріштің дәнегінде 9-12 пайыз нәруыз болады.
| -
Өз мүмкіндіктерін өзгелермен салыстыра алады;
|
6 тапсырма
«Өсімдік – тұтас ағза»
|
Постермен жұмыс
Өсімдік мүшелерін құрастыру
|
Тапсырманы орындауда ерекше қызығушылық танытады
|
Рефлексия
|
«Бағдаршам»
|
Үш түрлі түс арқылы сабақтан алған әсерлерін жазады
|
Қорытындылау
|
Алдын-ала талданып жазылған оқу мақсатына оралу, бағалау.
|
Жаңа оқу материалына қатысты білімдерін жинақтайды, бағалайды.
|
Үйге тапсырма
|
§ 32.Астық тұқымдастар
Ы. Жақаев, Ш. Берсиев туралы шағын мәнжазба жазу
|
|
Мұғалім рефлексиясы
|
Не сәтті өтті?
|
Неліктен?
|
Не сәтсіз өтті?
|
Неліктен?
|
Көңілді сабақ болды
|
Сабақтың құрылымы өзгеше
|
Оқушының өз-өзіне айқын баға бере алмауы
|
Өз-өздеріне баға беріп рефлексия жасауға дағдыланбаған
|
Белсенділік талпыныс
|
Топтық жұмыс стратегиялары
|
Сұрақ қою және жауап беру, сыни ой аз
|
Биология сабағында сыни ойлау үдерісіне мүмкіндік беру
|
Оқушылар өздері игерген білімді қолдана алды
|
Бірін-бірі оқытты, мұғалім көшбасшылығы
|
|
|
Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін?
-
Сабақта оқушының өзіне рефлексия жасауын үнемі ұйымдастыру
-
Сыни тұрғыдан сұрақтарды өзім қоя отырып әр сұрақтың, жауаптың құрылымына назар аудару
-
Сыни тұрғыдан құрылған сұрақтарға қалыптастырушы баға беру
|