Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет25/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

3.8. Егін шаруашылығының жүйелері
Егін шаруашылығының жүйесі деп жоғары жəне сапалы өнім 
алуға, жердің құнарлығын үнемі арттырып отыруға арналған, əр 
табиғи аймақтың жер жəне ауа райы жағдайларына қолайлы түрде 
ұйымдастыруға арналған агротехникалық шаралар жиынтығын айтады. 
ХХ ғасырға дейін Ресейде пар танапты дəнді дақылдар жүйесі бол-
ды. Бұл көбінесе, пар – күздік – жаздық бидай (немесе басқа дақылдар) 
сияқты үш танаптан тұрады. Бұл жүйеде жердің құндылығы жылдан-
жылға төмендей береді. Сондықтан дəнді дақылдардың өнімі төмен 
болады.
Академиктер (ВАСХНИИЛ) П. А. Костычев, В. Р. Вильямс, В. В. До-
кучаев көп жылдық еңбектерінің арқасында көпжылдық шөп танап-
ты жүйе жасады. Мұның негізіне көпжылдық бұршақ тұқымдас жəне 
дəнді өсімдік тұқымдас шөптерді себу алынған. Бұршақ тұқымдас 
өсімдіктердің тамыры ауадан азот жинайды, ал дəнді өсімдіктердің 
шашақты тамырларымен қосылып жер қыртысын ұсақ қиыршықтардан 
тұратын қара топыраққа айналдырады да, олар өзінен кейін егілетін 
дəнді дақылдарға қоректік заттар ретінде жұмсалады. Олар 8-10 жəне 
одан да көп танапты ауыспалы егістерден тұрады. Мысалы, бірінші, 
екінші жəне үшінші танаптар – көпжылдық шөптер, 4, 5 – жаздық, 6 
– күздік, 7 – қара пар, 8 – күздік бидай, 9 – кең аралық өсімдіктер, 10 – 
арпа, сұлы, т.б. тұратын көп танапты ауыспалы егістер. 
Сібір мен Қазақстанда, т.б. құрғақшылық, күшті жел соғатын аймақтар 
үшін А. И. Бараев атындағы егін шаруашылығы институтында жер 
қыртысын қорғау жүйесі жасалған. Мұнда жерді аудармай жырту, оның 
бетіндегі сабанның паяларын тік күйінде қалдыру мақсаты қойылған. Пая 
жазда жердің құнарлы қабатын жел ұшырып кетуден сақтайды, қысты қар 
тоқтатады. Бұл жүйеде таза парлар көп қолданылады. 
Бұлардан басқа да, оңтүстік аймақтарда қант қызылшасы танапты 
жүйе бар, жүгері, т.б. дақылдары бар ауыспалы егістер, жай ғана дəнді 
дақылдар мен шөп танапты ауыспалы егістер, кең аралықты өсімдіктер 
танапты ауыспалы егістер жүйелері қолданылады.


46
3.9. Егін ору
Егін орағы – егін шаруашылығындағы ең жауапты кезең. Мұнда 
ауыл шаруашылығы еңбекшілердің бір жыл бойы істеген еңбектерінің 
қорытындысы шығарылады. Өз уақытында, ерте де емес, кеш те қалмай 
егінді жинап алу – өскен егіннен көп жəне жоғары сапалы өнім алудың 
бірден-бір кепілі. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында егін ору екі 
тəсілде жүргізіледі: 1. Комбайнмен тура жинау; 2. Ору мен бастыруды 
бөлектеп екі фазада жүргізу. Бұл жұмыстар түгел механикаландырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет