Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Өсімдікті зиянды жəндіктерден, аурудан



Pdf көрінісі
бет47/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

6.7. Өсімдікті зиянды жəндіктерден, аурудан 
жəне арамшөптен қорғау
Егін шаруашылығынан алынатын астықтың 10%-ға жақыны құрт-
құмырсқаға жем болып, аураға шалдығып, арам шөптердің кесірінен 
ысырап болады. Егер осындай шығын болмаса, ол астық 300 млн адамға 
бір жылдық азық болар еді.


79
Бізде зиянды жəндіктермен, арамшөптермен жəне аурулармен 
күресетін мемлекеттік мекеме құрылған.
Өсімдік қорғауға ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, се-
лекция – генетикалық, биологиялық жəне химиялық шаралар жатады. 
Мұның бəрі ауаны, жерді, суды былғамай, өсімдікті қорғауға араналған. 
Сондықтан егістіктерді жыл сайын тексеріп, оған тиісті агротехникалық 
шаралар қолдану жүйесін, оларға кететін шығынды есептеп оты-
ру міндеті алға қойылған. Осылардың арқасында егістік өнімдерінің 
ысырап болуы азаяды. Мұның ішінде ең тиімдісі агротехникалық ша-
ралар – ауыспалы егіс енгізу, бір танапта өсетін өсімдіктерді жылма-
жыл ауыстырып отыру аса үлкен орын алады. Əр өсімдіктің ауруы
оған зиянкестік жасайтын жəндіктердің, арамшөптердің əртүрлі 
болатындығына байланысты олар өріс ала алмайды, тіпті, құрып та 
кетеді.
Өсімдік қорғау ісінде жаңа ауруға, əртүрлі зиянкестерге төзімді 
сорттардың маңызы зор. Өсімдік қорғауда пайдалы жəндіктердің 
маңызы да тиісті орын алады. Олар зиянды жəндіктерді жеп, оларды 
азайтады немесе құртады.
Химиялық əдістерден тек тұқымды дəрілеп себу үлкен орын алады. 
Барлық өсімдік қорғау əдістерін комплексті қолданып, жерді де, 
астықты да жақсы тазартуға əбден болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет