80
1 литр дəннің массалары тез кеми бастайды. Ылғалдылығы жоғары
болғандықтан өне бастаған бидайдың сағызының шығымы төмендеп,
сонымен бірге сапасы да төмендеп, осалдайды, нан пісіруге жарамай
қалады.
Өнген дəнде амилаза ферменттерінің белсенділік қасиеті жоғары
сатыға көтеріліп, осының салдарынан крахмал бұзылып, оның саны
азаяды, қанттың мөлшері өсе бастайды.
1967 жылы халықаралық астық бірлестігінің техникалық комитеті
(стандарт МОХЗ №107) бидайдың өніп кеткен дəнін анықтау үшін Хаг-
берг – Пертеннің «құлау саны» деп аталатын əдісін ойлап шығарды.
Ол əдіс ұнның қою клейстерленген ботқасының жабысқақтығына
негізделген. Қазір ол əдіс кеңінен пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: