Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Айналымды (шұғыл) суғару желісі



бет32/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)

Айналымды (шұғыл) суғару желісі


Айналымды (шұғыл) суғару желісі – бұл ғылыми тұрғыда негіз- делген суғармалы ауылшаруашылық алқаптарды жəне тəлімді егіс- тіктерде пайдалану желісі, онда топырақ жамылғысының көп- ғасырлық құрылу үдерісінің ерекшеліктеріне байланысты ауысудың ұзақтығы жəне айналымы анықталады. Айналымды суғару жаңа бағытты суғармалы егіншілік жүйесінің дамуын ұсынады жəне белгілі айналым кезеңінде суғару телімін үздіксіз суғаруды

түсіндіреді (бұрын суғармалы егістік жүйесінен шығаруға тура кел- ген жерлерді қоса есептегенде) жəне оның ұзақтығы топырақтың қасиетімен, жерді пайдаланудың технологиялық ерекшелігімен анықталады.

Айналымды (шұғыл) суғару тұрақты суғару жүйлерінің есебінен ғана емес, жартылай тұрақты, шұғыл жəне шұғыл суғару желілерінің- де есебінен жүзеге асырылады. Айналымды (шұғыл) суғарудың оң- тайлы технологиясын пайдаланудың негізгі жағдайлары мыналар:


  • суғару экономикалық тиімді жəне экологиялық қауіпсіз жағдай- да ғана жүргізілуге тиісті;

  • айналымды суғарудың технологиясы, нақты топырақ жүйесінің қалыптасу ерекшелігін анықтайтын, оның қолайлы тұз жəне ылғал- дану тəртібін өзгертпеу керек;

  • ұсынылған суғару жүйесінің ауданы суғармалы танаптардың ауданына сəйкес келуі қажет;

  • суғаруға экологиялық тұрғыдан қарағанда, біркелкі жерлерді қолдану керек.

Айналымды (шұғыл) суғарудың тұрақты суғарудан негізгі артық- шылығы, суғару кезіндегі топыраққа түсетін қысымды азайтады. Ауылшаруашылық дақылдарды суғаруға шұғыл суғару желілерін пайдалану, біріншіден, салыстырмалы түрде қарағанда суғарудың қажеттілігі ұзақ болмайтын, орнықты емес ылғалдану аймақтарында, екіншіден, айналымды немесе кезеңді суғару технологияларын пайдаланған кезде, үшіншіден, күрделі гидрологиялық жəне гидро- геологиялық жағдайда, төртіншіден, жоғарғы қуаты су көздері жоқ жерлерде қажет.

Суғармалы егістік алқаптардың табиғи ылғалдануының негізі себепші шарттары ауа райы болады. Орнықты емес ылғалдану аймақтарында жауын-шашынның шамасына қарағанда, буланудың мерзімді басымдығымен сипатталады. Сондықтан бұл аймақтарда суғару мелиорациясы жыл сайын емес, ауық-ауық қана қажет. Осыған байланысты тұрақты күрделі суғару жүйесінің құрылысын жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз, яғни құрылысқа кететін күрделі қаржы жəне оның жұмыс атқару қабілетін қамтамасыз ету- ге кететін шығын оны пайдаланудан түсетін тиімділіктен үлкен бо- лып шығады. Осы жағдайда, шұғыл суғару желісін пайдаланудың негізгі себепші шарттары экономикалық көрсеткіштер болып табы- лады. Сонымен қатар, шұғыл суғару желісін пайдаланудың, тұрақты суғару жүйелеріне қарағанда негізгі артықшылықтары:



  • суғару кезеңі аяқталған соң шұғыл суғару желісін бөлшектері суғармалы егістік танаптардан алдырады жəне қыстың күндері ар-

найы жерлерде сақталады, ал бұның өзі олардың қызмет ету мезгілін ұзартады жəне егістік жердің топырағын өңдеуге кедіргі тудырмайды;

  • ауылшаруашылық дақылдарын жыл сайын суғарудың қажет- тілігі болмайды жəне шұғыл суғару желісінің бөлшектерін сақтаудан тұрады.

Ауылшаруашылық дақылдарды айналымды (шұғыл) жəне мер- зімді суғарудың технологиясы суғару техникаларының ауыспалы егістік танаптарына ауысып отыруын болжайды.

Айналымды (шұғыл) суғарудың желілері, негізінен үш бөлшектен тұрады: су алатын құрылым, су тарататын желі жəне суғару қондыр- ғылары. Олардың қызмет ететін негізгі нұсқасының белгілері бо- лып: номенклатуралық жəне түрлік өлшемдерінің алуантүрлілігі, қызметтік жəне құрылымдық бітірілгені, жоғарғы реттік қатардағы ішкі бейімділігі, бөлшектерін жаңарту жəне өлшемдік сипаттамасын жаңалау мүмкіншілігі.

Айналымды (шұғыл) суғарудың желілерінің құрамында құры- лымдық нұсқалар қызметтік нұсқалардың бірлік бөлшегі болып табылады жəне құрылымдық жəне технологиялық жағынан қара- ғанда бітілген жобаның шешімі. Айналымды (шұғыл) суғарудың желілерінің орналасу жағдайына суғармалы ауыспалы егістік жүйесінің су көзінің бойында орналасу жағдайы, жер бедері, ауылшаруашылық дақылдардың құрамы жəне ауыспалы егістіктегі танаптардың ауданы əсерін тигізеді.

Жоғарыда аталған айналымды (шұғыл) суғарудың желілерді құ- рудың ерекшеліктерін ескере отырып, бес жəне алты танаптардан






96-сурет. ДДА-100ВХ жаппай қозғалатын жаңбырлатқыш машинасын пайдаланып құрастырылған айналымды (шұғыл) суғарудың желілерінің сұлбасы

1 – жиналатын тасымалдаудаушы құбыр; 2 – жиналатын бас құбыр



97-сурет. ДДН-100 жаңбырлатқыш машинасын пайдаланып құрастырылған айналымды (шұғыл) суғарудың желілерінің сұлбасы

1 – жиналатын тасымалдаушы құбыр; 2 – жиналатын бас құбыр




  1. сурет. ДМ «Bauen» темір білек AS50 E31 жаңбырлатқыш машинасын пайдаланып құрастырылған айналымды (шұғыл) суғарудың желілерінің сұлбасы

1 – жиналатын тасымалдаудаушы құбыр; 2 – жиналатын бас құбыр
тұратын суғармалы ауыспалы егістік жүйелерін жаңбырлатқыш машиналармен суғаруға арналған желілердің сұлбасы келтірілген (96-98-сурет). Барлық жағдайларда да суғару құбырлары жер бетіне орналасқан. Ауылшаруашылық машиналарының кедергісіз қозғалы- сын қамтамасыз ету үшін топырақ үйінділерінен тұрғызылған жол- дар немесе шұғыл өткелдерді пайдалану қарастырылған.

Суғармалы егістік жердің бетіне орналасқан ауыспалы таратушы құбыр тұрақты таратушы құбырға жалғасады (99-сурет).



Айналымды (шұғыл) суғарудың желілерінің өлшемдік көрсеткіш-



    1. сурет. Тұрақты құбырлардың орналасу сұлбасы

терін (құбырдың түрі жəне диаметрі, сорғы бекетінің түрі) пайда- ланып, нақты ауыспалы егістіктерге арнап шұғыл суғару желісінің құрылымдық нұсқасын құруға болады.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет