Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Сорланған жердің мелиорациясы



бет33/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz

Сорланған жердің мелиорациясы

  1. Сорланған жерлердің мінездемесі

Қазақстанда сор, сорланған жерлер жəне сорланған топырақ

71.513 млн.га аумақты алып жатыр. Оларды, негізінен өнімділігі аз болғандықтан шабындық жəне жайылым ретінде пайдаланады, оның ішінде 30% егістікте айдалған. Мұндай топырақтың түрлері барлық агроклиматтық аймаққа таралған: биоклиматтық жағдайға байланыс- ты пайда болуының негізінде қаратопырақ, қарасұр топырақ жəне құрғақшылық жерлердегі топырақ ретінде бөлінген. Сор топырақтар өздерінің табиғи жағдайдағы ылғалымен қамтамасыз етілу дəреже- сіне байланысты гидроморфтық, жартылай гидроморфтық жəне автоморфтық болып бөлінеді. Олардың мелиорациясы жан-жақты қамтылған, оның құрамына мелиоративтік өңдеу, батпақтану жəне тұздану көздерін жою үшін құрғату (жер асты суының деңгейін төмендету жəне кəрізбен суларды алып кету), суғару жəне химиялық мелиорациялауды (гипстеуді) кіргізеді.

Сор топырақтың құрамында өсімдіктің өсіп-өнуіне кері əсер ете- тін алмасуда болатын натрий болады. Бұларға тəн егіншілік саласына ыңғайсыз топырақтың су-физикалық қасиеті. Топырақтың сорлану дəрежесіне байланысты (топыраққа сіңген тұздардың құрамындағы

алмасып отыратын натрийдың болу дəрежесіне байланысты) жеңіл, орташа сорланған жəне сор болып бөлінеді (24-кесте).


      1. кесте

Топырақтың сорлану жəне олардың егіншілікке жарамдылығы (С.В. Астапов бойынша)


Топырақтың сорлану дəрежесі

Топырақтағы тұздың құрамындағы алма- сып отыратын натрий

Егіншілікке жарамдылығы жəне мелиорацияның түрі

Жеңіл

10

Химиялық мелиорация жүргізбей-ақ пайдалануға болады

Жоғары

10-30

Жарамды, бірақ алмасу өнімін жоюмен қатар химизация жүргізу керек

Сор

30

Ауыл шаруашылығына пайдалану алдында шаюды жəне химизацияны талап етеді

Сор топырақтар ыңғайсыз су-физикалық қасиетке ие: құрғақ күйінде өте қатқан майдалануға қиын, ол ылғалданған жағдайда шайылуға ыңғайлы суды нашар өткізеді, жоғарғы дисперциялығымен ерекшеленеді.

Сорлар тұзданған, құрамында натрий көп, ол топырақтың құнарлығын төмендетеді. Тұздану жағдайына байланысты сорлан- ған, сор, хлорланған, хлорлы-сульфатталған жəне сульфатты-хлор- ланған болып келуі мүмкін.



        1. Сор топырақты игеру технологиясы

Сор топырақтарды игерудің технолгиясы олардың тұздану дəре- жесіне, құнарлы жəне сорланған қабаттың қалыңдығына, сорланған төменгі қабаттың орналасуына (гипстелген немесе кемектелген) байланысты.

Сор топырақтарды мелиорациялау кезінде, егер корбинат қабаты жоғары дəрежеде орналасқан болса (жер бетінен 35 см төмен) жəне құнарлы топырақ қабаты 15 см кем болмаса, онда үш қатарлы ПТН-3- 40Г соқасымен қайтара айдайды, одан соң айдалған жердің бетіндегі топырақ кесінділерін БТТ-7 доңғалақты, сындырғыштарды пайда- ланып ұнтақтайды жəне бүрлі таптағышпен тегістейді. Сорланған қабаттың құнарлы қабатқа ауысып кетуі 20% аспау керек. Химиялық мелиорацияны гипс орналасқан қабатқа пайдаланады. Гипстің жақсы еруі үшін суды пайдалану керек, оған қарды тоқтату əдісін пайдаланған жөн.

Сор топырақтарды игеру кезінде, негізінен топырақты өңдеудің екі түрлі технологиялық желісі пайдаланылады:



  • ПТН-3-40Г үш қатарлы соқасын пайдаланып, оны корбонат қабатына терең сіңіре отырып, жерді өңдейді жəне доңғалақты сын- дырғыштың көмегімен топырақтың жоғарғы қабатын ұсақтайды, одан соң тығыздайды;

  • топырақты терең қабаттап қопсыту арқылы қуатты кəріздейді, 3-5 рет доңғалақты сындырғышпен ұнтақтайды жəне корбонаты қабатты тіліп қопсытады, тегістейді жəне оның жоғарғы қабатын тығыздайды.

Сор топырақтардағы сіңірілген тұздардың жағдайын жақсарту үшін оның құрамынан натрийді, кальцийді енгізу арқылы шығару керек. Бұл химиялық мелиорация – топыраққа күкірт қышқылды кальцийді (гипсті) енгізу арқылы жүзеге асырылады. Сор топырақты гипстеу 20-25 т/га, ал басқа сорланған топыраққа 5-10 т/га гипс беру арқылы жүргізіледі.

Гипс суда өте аз ериді, сондықтан жауын-шашын аз құрғақшы- лық далалық жəне шөлейт аймақтарда, оны топыраққа енгізгендегі тиімділігі шамалы жəне əсер өте баяу байқалады. Сорланған жер- лердің химиялық мелиорациясының тиімділігі суару жəне топырақ қабатын мəдени кəріздеу арқылы арттыруға болады. Тек қана кəріз- дерді, химиялық мелиоранттарды пайдалану жəне суарудың нəти- жесінде құнарсыз (өнімсіз) сорланған топырақтарды құнарлы ланд- шафтарға айналдыруға болады.



Ауыр салмақты сорланған топырақтарды игеру бірнеше жылдар- ға созылатын болғандықтан, гипстің мөлшерін бір жылға енгізуге ғана есептемеу керек.

Сорланған топырақтарды игеру барысында (алғашқы кезінде) тұзға, сорға жəне құрғақшылыққа төзімді фетомелиорант-дақылдар- ды: сары жоңышқа, қияқ, жабайы бидай егеді.

Қарасұр топырақ тараған аймақтарда, негізінен сорланған жер- лерді игеру үшін мелиорацияның құрамына топырақты терең қоп- сыту, химиялық мелиоранттар жəне тыңайтқыштар енгізу, игеру дақылдарын егу кіретін агробиологиялық əдістерді пайдаланады.

Топырақтың төменгі қабатында корбанаттар орналасқан жағдай- да жерді терең мелиоративтік қопсыту қолданылады. Онымен бірге 40 т/га көң немесе 30 т/га құс саңғырығы жерді қопсытумен бірге енгізіледі.

Топырақтың тұздан айырылып қалу жағдайын төмендету үшін 2 т/га əк, 40 т/га органикалық жəне физиологиялық қышқыл мине-

ралдық тыңайтқыштар енгізіледі. Гипспен бірге мелиоранттар ре- тінде фосфогипсті де пайдалануға болады. Оның да əсері гипстің дəрежесіндей, бірақ құрамында суда тез еритін фосфордың болуына байланысты өсімдіктің қоректену жəне өсу жағдайы жақсарады.

Жер асты сулары терең орналасқан жағдайда (1,0-1,5 м аралығын- да) сорланған жерлерді игеру дақылы ретінде жоңышқаны пайдалану өте пайдалы, өйткені ол биологиялық кəріздердің міндетін атқарады. Далалық-сазды сор топырақтарды тегістеу (20 см кесілген қа- баты), мелиоративтік қопсыту (суғарған жағдайда 3-4 рет жылына),

3 жыл бойы жоңышқа өсіру жəне соңғы жылы тыңайтқыштық шөптер өсіру жұмыстарын – жүргізу керек.

Пайдалануға арнап тегістеуден кейін мынадай жұмыстар орында- лу керек: 2/3 мөлшерде гипс (фосфогипс, əк) жəне 40 т/га көң; тұз- данған қабатты қамтып топырақты қопсыту 50 см тереңдікте немесе қарапайым топырақты өңдеу терең қопсытумен бірге жүру қажетті. Сонымен қатар фосфор жəне калий тыңайтқыштарын беру қажет. Келесі жылы көктемде топырақты тырмалап, азот тыңайтқышын енгізу жəне онымен бірге жоңышқаны себу өте пайдалы.

Тұзданған жер асты сулары жақын орналасқан жағдайда түп- кілікті мелиорация, жерді тегістеу жəне кəріздеумен бірге жүргізі- луге тиісті. Топырақтың агрофизикалық қасиеті нашарламау үшін сорланған жерлерге химиялық мелиоранттарды суару суымен бірге берген дұрыс. Бұл жағдайда есептелген гипстің жəне басқа да мелиоранттардың мөлшерін 2-3 есе азайтуға болады.



    1. Химиялық мелиорация

Химиялық мелиорацияның құрамына топырақтың құрамындағы қышқылды жəне сілтіні реттеуге, оның құрамын қалпына келтіріп, өсімдікті қажетті қоректік заттармен толтыруға арналған шаралар қолданылады.



      1. Топырақты əктеу

Топырақтың қышқылдығының артуы өнімнің төмендеуіне алып келсе, дəнді дақылдар жəне шөптердің қыстап шығуы кезінде өнбей қалуына, азықтық жəне дəнді дақылдардың құрамындағы белоктың

мөлшерінің төмендеуі минералдық тыңайтқыштардың тиімді пайда- лану дəрежесін төмендетеді.

Топырақтың қышқылдығына қатынасты жəне ауылшаруашылық дақылдарының, жемісті ағаштардың жəне жидектердің қажеттілігіне байланысты өсімдіктердің қышқылға төзу дəрежесін бес топқа бөледі:


  • қышқылдықты сезетін, əктегенге бейімдеу: қызылша, сазды жоңышқа, жоңышқа, кендір қурай, сарымсақ, пияз, бұрыш, шөп;

  • сезімтал ортаның жеңіл қышқылдығын талап ететін жəне əкте- генге бейімдеу: күздік жəне жаздық бидай, арпа, жоңышқа, бұршақ, азықтық жəне түсті капуста, қияр, алма, өрік, жиде;

  • қышқылдыққа сезімталдығы төмен жəне əктегенге бейімдеу: сұлы, қара бидай, біржылдық шөп;

  • қышқылдыққа сезімталдығы төмен жəне əктегенде кальцийдің көп болғанын жаратпайтын: картоп, сəбіз, темекі, қарбыз, алмұрт, тағамдық қызылша, бүлдірген;

  • топырақтың қышқылдығына төзімді жəне əктегенді онша қажет етпейтін: қымыздық жəне басқа дақылдар.

Осы топтағы дақылдардың ортаның қышқылдығына деген сезімталдығының шекті мəні, оның орналасу жағдайына байланыс- ты мына аралықтарда: 6,8-7,1; 6,0-7,5; 5,0-7,0; 5,5-6,5; жəне 4,5-6,0 өзгереді.

Əктеген топырақтың қышқылдығын төмендетумен қатар өсім- діктің қоректенуіне қажетті азот жəне фосфорды жақсартады, ка- лийдің жəне басқа микроэлементтердің пайдалану дəрежесін арт- тырады, алюминий жəне марганецтің кері əсер етуін əлсіретеді, енгізілген тыңайтқыштардың тиімділігін жоғарылатады, топырақтың құрамының қалыптасуына жағдай тудырады.

Топырақтың қышқылдылығын толық жою үшін берілуге тиісті əктің (CaCO3, m/га) есептелген мөлшерін мына өрнек арқылы анық- тауға болады:

Д = 51· Г · h · γ,

мұнда, Г – қышқылдығы, мг.экв/ 100 г топыраққа; h – əктелген қабаттың тереңдігі, м; γ – топырақтың орташа тығыздығы, г/см2.

Одан соң əктеуге қажетті заттың физикалық мөлшерін (CaCO3), оның ылғалдылығына жəне ірілегенге байланысты қайта есептейді:



Äô

Ä 106 ,

K (100  â)(100  a)

мұнда, Д əктің физикалық мөлшері, т/га; K əктегі тастардың құра- мы, %; в ылғалдың шамасы, құрғақ жағдаймен салыстырғанда; a

  • 1 мм ірі тастардың құрамы.

Топырақты əктеудің технологиясы оны тасу алыстығына, əкті заттардың түріне жəне тасу көліктерінің жеткіліктігіне байланысты қабылданады.

Аз ұшатын жəне шаңданатын заттарды топыраққа үш түрлі əдіспен енгізуге болады:



    • біртіндеп тасымалдау – автокөлікпен тасып, егістік жерге қор- лау, топыраққа арнайы қондырғылар арқылы енгізу;

    • бірден арнайы қондырғы арқылы автокөліктерден аударып, топыраққа енгізу;

    • майдалап топырақтың беткі қабатына шашу арқылы.

Əктеудің тиімділігін анықтауға арналған негізгі көрсеткіштер ретінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін жəне оны жүр- гізуге қажетті əктік заттарды тасымалдауға, жинауға жəне шашуға арналған технологиялық жұмыстарға кететін шығынды еске ала отырып анықтайды.

      1. Топырақты гипстеу

Сор жəне сорланған топырақтардың ыңғайсыз физикалық, химиялық жəне биологиялық қасиеттері (кермектік реакциясы, органикалық заттардың еруінің жоғарғы дəрежесі, минералдық бөлігінің жоғарғы дəрежеде ыдырауы, коллоидтардың қозғалғышты- ғы, байланыстылығы, жабысқыштығы, ылғалданған кездегі ісініп көтерілуі, кепкен кездегі өте жоғары тығыздығы жəне қаттылығы, төменгі қабатындағы улы тұздардың болуы жəне басқа да қасиеттері), тек қана жан-жақты қарастырылған, химиялық əдістермен бірге жүргізілген мелиорацияны пайдалану арқылы түзеуге болады.

Топырақты сордан құтқару оның құрамындағы енген катиондар- дың құрылымын өзгерту арқылы жəне алмасу натрийінің (оның шамасы 15-30-дан 40% сіңіру сыйымдылығы болғанда) орнына тез еритін кальций иондарын табиғи жəне қолмен енгізу жолы арқылы жүргізіледі. Ол, негізінен топырақты гипстеудің нəтижесінде іске асырылады.

Топыраққа енгізілген гипстің мөлшері (CaCO4·2·H2O, т/га), сіңі- ру сыйымдылығындағы оның құрамына, сорланған қабаттың қалың- дығына жəне сіңіру сыйымдылығына байланысты, оны мына өрнек арқылы анықтайды:



16–1125

241

Д = 0.086 (C – 0.05)· h·γ

мұнда, C – сіңірілген натрийдің құрамы, мг.экв/100 г топырақта; h – сорланған қабаттың қалыңдығы, м; γ – сорланған қабаттың орташа тығыздығы, г/см3.

бейтарап топырақ:

Д = 0.086 (C – 0.05)· h· γ;

жеңіл сілтілі топырақ:



Д = 0.086 [(C – 0.05 · E) + (S – 0.7)]· h· γ;

жоғары сілтілі топырақ:



Д = 0.086 [(C – 0.05 · E) + (K + 0.7)]· h· γ,

мұнда, S су ерітіндісіндегі улы сілтінің шамасы, мг.экв/100 г топы- рақта; E – сорланған топырақ қабатының сіңіру сыйымдылығы, мг.экв/100 г топырақта; K – су ерітіндісіндегі корбанатты натрийдің шамасы, мг.экв/100 г топырақта.

Есептелген гипстің мөлшері топырақтың құрамындағы сіңіріл- ген натрийды 5 % сіңірілген сыйымдылыққа дейін төмендете алады. Топырақтағы сордан құтылу үшін ұнтақталған ылғал гипсті, фосфогипсті жəне сазды гипсті пайдаланады, олардың құрамындағы CaSO4-71-73, 70-75 жəне 63-92. Осыны еске ала отырып, құрамында гипс бар заттардың физикалық мөлшерін мына өрнек арқылы

анықтаймыз:



Äô

Ä 106 ,

K (100  â)

мұнда, K CaSO4-тің құрамы, %; в заттағы ылғалдың шамасы, құр- ғақ шамасымен салыстырғанда.

Топырақты гипстеуді күзде жерді айдар алдында жүргізеді, яғни есептелген мөлшердің жартысы топыраққа сіңіріледі, ал 1/2 бөлігі топырақ бетіне шашылып жəне одан соң тырмаланады. Алмасу реак- циясының кезіндегі сульфат натрий (карбонатты жəне биокарбо- натты натриймен бірге) тез ериді жəне жоғары қарқынмен сүзілген жəне шаю сулары кəріз арқылы егістіктен тыс жерге шығарылып тасталады.

4.7.3 Топырақты қышқылдау


Қышқылдау жоғары сілтеленген (pH =9– 11) сор жəне сорланған топырақты мелиорациялаудың əдісі, ол қышқыл химиялық заттар-

ды (күкірт қышқылын, күкіртті, сульфатты темірді, сульфатты алюминийді, күкірт қышқылды темірді, хлорлы кальцийді, фосфо- гипсті, қант өндірісінің қалдықтарын, өңделген минералдық қыш- қылдарды) енгізу арқылы жүргізіледі.

Сорланған топырақтың ерекшелігі оның құрамында өсімдіктің өсуіне кері əсер жоғары дəрежеде сілтілі тұз натрийдің, хлордың жəне сульфаттың (негізінен, карбонат түрінде) болуында, олар жоға- ры сілтілі реакция береді.



Топырақты қышқылдау олардың құрамын сілтіден босатып жəне иондардың құрамын төмендету, себебі сіңірілген натрийді шығару арқылы коллоидтардың коолугиясын жылдамдатуға бола- ды. Бұл топырақтың сүзілгіштік дəрежесін жоғарылатып, сіңірілген құрамның негізін жақсартып, топырақтың шайылуын тездетеді.

Сорланған топырақтарға химиялық мелиорация үшін гипс, бор фосфогипс, хлорлы кальцийді өте жоғары мөлшерде енгізгеннің өзінде тиімділігі аз, оның себебі, олардың сілтілі ортада нашар еруінде. Сондықтан негізгі мелиорант есебінде күкірт қышқылын, күкірт жəне темір ұнтағын пайдаланады.

Карбонатты сорланған топырақтарға күкірт қышқылын енгізу, онда гипстің жəне көмір қышқылының пайда болуына алып келеді, ол карбонатты кальций жəне магнийдің еруіне сіңірілген құрамында натрийдан босатуға көмектеседі. Оған жеңіл (0,8-1,0%) күкірт қыш- қылының ерітіндісін пайдаланады, оның əсерінен пайда болған тез еритін сульфат натрий сумен тез шайылады.

Топыраққа күкіртті енгізген кезде, ол күкірт қышқылы дəрежесіне дейін қышқылданып, жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді. Темір ұнтағын енгізу топырақтың құрамында еркін гидролизденген күкірт қышқылының тиімділігі де жоғары, ал темірдің суланған қышқылы көмір қышқылымен араласа отырып, топырақтың коллоидтық жүйе- сінде үлкен қуатқа ие болады жəне оның агрегаттануының дəрежесін жақсартады. Күкіртті темір ұнтақтары, карбонаты жəне биокарбона- ты кальций жəне магний содамен реакцияға түсу арқылы сульфатты натрийдің шығуын тездетеді. Күкіртті темір ұнтағы күкірт қышқы- лына қарағанда, əжептеуір топырақтың құрамын жəне судың сүзілу қасиетін жақсартады.

Топырақты қышқылдауға мына жұмыстар кіреді: дайындау, те- гістеу, шаю, жүйектерді тілу, химиялық мелиоранттарды енгізу, топырақтағы тұзды шаю.

Мелиоранттардың мөлшерін (S, т/га) мына өрнек арқылы есеп- тейміз:

S 0.049(M d ) h ,

n

мұнда, M иондардың жиынтығы жəне сіңірілген натрий, мг.экв; a сіңірілген натрийдің шектелген құрамы (d = 3 мг.экв); γ топырақтың көлемдік салмағы, г/см3; h – мелиоранттар енгізілген қабаттың те- реңдігі, м; n – қышқылдың пайыздық құрамы.

Топырақтың қышқылдау кезіндегі шаю мөлшері (Nnp) 100 см қабатқа мына өрнек арқылы есептеледі:

Nnp = П1 · П2 · П3 (X + X1) · П2 ± 2000

мұнда, П1 – топырақтың механикалық құрамына байланысты көр- сеткіш (орташа жəне ауыр салмақты топырақтарға 0,5; қабаттанған сазды топырақтарға 1,0; сазды топырақтарға 1,5); П2 – жер асты суының орналасу деңгейіне байланысты (жер асты суының деңгейі 3 м болғанда П2=2,5, ал 1,5 м – П2 =6 тең); П3 – жер асты суының тұздылығына байланысты (тұздылығы 10 г/л дейін П3=1,6); X1 мелиорацияланатын топырақ қабатындағы тұздардың құрамы; X – топыраққа мелиоранттар енгізу жəне алмасу реакциясының нəтиже- сінде, ондағы тұздардың құрамы; П4 – қысымды жер асты суын ескеретін көрсеткіш (қысым болған жағдайда 1,5 жəне одан жоғары; қысым болмаған жағдайда – 1,0).

Бір рет берілетін шаю мөлшері 1,0-3,5 мың.м3/га. Атыздағы судың тереңдігі 30-35 см-ден жоғары болмау керек. Жер асты суы- ның деңгейі 1,8-2,0 м дейін көтерілген кезде шаю жұмыстары тоқта- тылады. Шаюды кəріздің ортасынан бастайды жəне алғашында өте жоғары тұздалған жерлерді шаю керек.

Жер асты жəне бетіндегі сулардың ластануын болдырмас үшін топырақ қабатынан төменде қиыршық тас жатқан жағдайларда хи- миялық мелиоранттарды пайдалануға болмайды.



    1. Суармалы мелиорациясы


Суармалы мелиорация дегеніміз – су қорын жан-жақты пайда- лану жəне қорғау, əртүрлі шаруашылықтың қажетіне жетіспейтін суды толықтыру үшін су көздерінің санын өсіру.

Далалы, құрғақшылық жəне қуаңшылық аймақтарда суландыру бір орталықтан, əртүрлі орталыққа жинақталған жəне араласқан жүйелер арқылы жүргізіледі. Бір орталық арқылы суландыруға жа-

татын аймақтағы суды тұтынушылар бір-біріне жақын орналасқанда бір орталықтан немесе топтастырылған жүйеде, су бірнеше су көздері арқылы қамтамасыз етіледі. Əртүрлі орталыққа топтастырылған жүйеде, бірнеше су көздері арқылы тұтынушыларға суды береді. Араласқан жүйеде, жоғарыда аталған жүйелерден басқа да сумен қамтамасыз ету бөлшектері кіреді.

Тұрақты су ағыны бар өзендерден жəне көлдерден суды тұты- нушыларға суармалау арықтары арқылы су беру – өзеннің арнала- рындағы ағынды бөгеу, ал кеуіп қалған көлдердің табанынан терең құдықтар жəне бөгеттерден – сораптар немесе өздігінен ағатын жүйелер арқылы алынады.



Су көзі болмаған жағдайда, суландыру арықтарын жобалау эко- номикалық тұрғыдан тиімді болмаған жағдайда, онда суармалау жер бетіндегі ағын суларды жинақтайтын далалық шұңқырларды пайда- лану арқылы жүзеге асырылады. Шұңқырларды, орман жолақтарын тұрғызу арқылы қорғау керек, малды суғару су өздігінен ағып кететін арнайы астаулар арқылы қорғау керек, малды суғару су өздігінен ағып кететін арнайы астаулар арқылы жүргізіледі.

Суармалау шараларының ішінен бір өзен арнасын екінші бір өзенге суды тастауды, суландырудың ішіндегі өзінше жеке бағыт деп қарастыруға болады. Бұл қалалардың сумен қамтамасыз ету дəрежесін жақсарту, гидроэлектрстанцияларының электрэнергиясын өндіруін арттыруға, балық шаруашылығының дамуының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бірақ суды өзеннен екінші өзенге тас- тау шаралары өзендердің суды қорлау тəртібіне əсер етуі мүмкін, сондықтан экологиялық жəне құрылыстар көптеп жүргізілмейді.

      1. Суды тұтынудың мөлшерін анықтау



Суландыру аймағына қажетті су қоры суаруға, сумен қамтамасыз етуге (жайылымды жəне шабындықтарды), құрғап қалған өзендерді жəне көлдерді толтыруға суды тасымалдау кезінде шығынды толты- руға қажетті су көлемінің шығыс бөлігі мамандардың көмегімен негізделеді, ал жалпы көлемі жəне суармалау жүйесінің жобасын ар- найы жобалау ұйымдары жүргізеді.

Ауылдардағы бір тұрғынның шаруашылық – тұтынысқа қажетті су мөлшерін (СНиП П-31-74 бойынша) аудандардағы тұрғын үйлер- дің ыңғайлы орналасуына байланысты анықтайды (л/тəулік):



    • үйлердің ішінде су жəне канализация жүйелері болғанда (мон- ша болмаса) – 125-160;

    • осындай, тек қана жергілікті қыздырылатын монша болғанда

– 160-230;

    • осындай, орталықтан ыстық сумен қамтамасыз еткенде – 250- 350.

Көрсетілген мəннің аз шамасы тұрғын ауылдардағы адам саны 3000 болғанда.

Тұрғын үйлердің аулаларын жəне өндірістік ұйымдардың аума- ғын бір рет жууға кететін су шығыны (л/м2):



    • ауланы жəне аумағын механизмдермен жуу – 1,2-1,5;

    • жолдарды, ауланы жəне аумағын механизмдермен суғару – 0,3-

0,4;


  • қалалық көк шөптерді суару – 3-4;

  • гүлдерді суғару – 4-6;

  • арнайы қысқы жылытылған гүл өсіретін орындарды суғару (1

тəулікте) – 5-6;

– басқа да қысқы жылытылған дақылдар өсіретін орындарды суғару (1 тəулікте) – 6.



Суғарудың саны жергілікті аймақтың ауа райына байланысты қа- былданады. Алдын ала бір тұрғынға есептелген суғаруға қажетті су шығынының өлшемін 50-90 л/тəулік ретінде қабылдайды.

Мал шаруашылығында бір басқа қажетті судың көлемі (л/тəулік) мынаны құрайды: сауын сиыр –100; бордақы сиыр 70; өгіздер 60; 2 жастағы сиырлар – 30; 6 айға дейінгілері – 20; жұмысқа мінілетін аттар жəне биелер 60; суын биелер 80; айғырлар 70; айғырлар 6 айға дейінгі – 45; қойлар – 10; тоқтылар – 6; шошқалар – 25; шошқа торайлары 5; бордақы шошқалар 15; тауықтар 1; күркетауықтар

– 1,5; үйрек жəне қаз – 27.

Жанды емдейтін дəріханаларда бір ірі қараға – 100 л/тəулік, ал майда малдарға – 50 л/тəулік. Жалпы құрғақшылық аудандарда бұл мөлшерді 25% өсіруге болады.

Малшаруашылығының сарайларындағы суды қажет ету мөлшері 25-кестеде көрсетілген.

Жайылымды сумен қамтамасыз ету, малдардың су ішетін бекетте- рін де қамтиды. Олардың орналасуы жайылымның өнімділігіне, оны маусымдық пайдалану жағдайына жəне су ішетін ауданына байла- нысты, жайылымдағы су ішетін бекеттер 2000 бас қойды, 250 бас іріқараны жəне 250 жылқыны сумен қамтамасыз етуі керек.

Далалық қостарда жұмыс істейтін адамдарды сумен қамтамасыз ету үшін бір адамға 10 м3/тəулігіне, оның ішінде 2 м3/тəулік ішуге жарайтындай болуы қажет.


Өртті сөндіруге қажетті судың мөлшері үлкен елдімекендерде (5000-50000 адам) 2,5 л/с, ал шағын елді мекендерде (50-500 адам)

– 8 л/с, өртті сөндірудің ұзақтығы 3 сағаттан аспаған жағдайда.



      1. кесте

Мал шаруашылық сарайларындағы суды қажет ету шығыны, м3/тəулік


Көрсеткіштер

Сарайдың түрлері

Шошқаны бордақылау, 108 мың бас

Ірі қара мал бордақылау, 10 мың бас

Сүт өндіретін (1200 сиыр байлаған)

Су шығыны

2953

934.5

453.0

оның ішінде










азықты дайындауға

624.8

410.0

119.1

Шаруашылыққа тұтыну шығыны

556.1

268.4

250.4

Бөлмені тазартуға

1727.3

205.6

60.7

Шаруашылық ішім сулары

158.8

8.5

8.2

Көк шөпті суару

35.0

42.0

15.0
      1. Судың сапасын бағалау

Суғару суының сапасы агрономиялық (топырақтың құнарлығы, тұзданудан сақтау, сорлану жəне карбаттану, өнімділігі, өнімнің сапа- сы жəне сақталуына), техникалық (микроэлементтердің құрамына, радиоактивтік заттарға жəне басқаларға) жəне экологиялық (жұқпалы ауруды тарататын микробтарға) сынақтық көрсеткіштердің құрамы бойынша анықталады.

Тұзданған судың сапасын арттыру үшін араластыру, тұздан ажы- рату, химиялық мелиорацияның əдістерін пайдаланады.

Суғару жəне құрғату жүйелерінен тасталатын сулардың құрамын- да су бөгеттеріндегі жəне жер асты суларының сапасына ыңғайсыз əсер ететіндей заттар болмау керек.



Судың сапасы ГОСТ 2874-73 «Ішімдік су» бойынша бағаланады. Оған байланысты судың түсін, исін көрсететін жəне лайлығын бағалау қажет (лайлану дəрежесі жарық түсіргенде 1.5 г/л жоғары, ал су тасыған кезде – 2,0 мг/л дейін) жəне жалпы лайлану 7 мг.экв/л дейін болу керек.

Химиялық заттардың тұздылығы (концентрациясы), судың дене- ге жабысу дəрежесін көрсетіп, мына дəрежеден асып кетпеуі керек (мг/л): құрғақ қалдық – 1000; хлор – 350; сульфат – 500; темір – 0,3; марганец – 0,1; мыс – 1; цинк – 5; алюминийдің қалдығы – 0,5; ген- самстафосфат – 3,5; трипалифосфат – 3,5.

Ішетін сулардың сапасын жақсарту жəне ауруға шалдықтыратын бактерияларды құрту үшін хлорлау жəне бактерияларды сəулелеу, фторлау, темірден құтқару, қалқып жүретін заттардан тазалау жəне сүзу əдістері пайдаланылады.

Суды фторлау, судың құрамында фтор 0,5 мг/л-ден кем болғанда, ал күмісті пайдаланғанда оның иондары 0,05 мг/л-ден асып кетпеуі керек.

Тұзданған сумен суғару топыраққа кері əсерін тигізеді: өсімдіктің тамыры орналасқан қабатқа, оның өсуіне зиян келтіретін тұздар қорланады, топырақтың физикалық қасиетін, судағы натрий жəне магний иондарын топырақ бойына сіңірудің салдарынан сорлану құбылысы жүреді жəне осыған байланысты сапасы нашарлайды. Сондықтан суғармалы егістікке пайдаланатын судың сапасын баға- лағанда мына көрсеткіштерді пайдалану керек: еритін тұздар жиын- тығы (немесе катиондардың жиынтығы), магний жəне натрий катион- дарының құрамы (жалпы катиондар қосындысының % шамасы) (су- рет 100):



  1. класқа жататын су барлық ауылшаруашылық дақылдарын суға- руға пайдаланылады, оны көп уақыт пайдаланған кезде топырақтың физикалық қасиеті суарғандай өнімнің шамасы төмендемейді.

  2. класқа жататын су топырақты жеңіл сорландыруы мүмкін, ұзақ мезгілде пайдаланғанда катиондардың алмасу сыйымдылығындағы сіңірілген натрийдің шамасы оның құрамында 10%-ға жетуі мүмкін. III класқа жататын су топырақтың сорлануына алып келеді, өнім

20-50% төмендеуі мүмкін, таза сумен суғарғанмен салыстырғанда. Бұл суларды пайдалану қажет болған жағдайда химиялық мелио- ранттарды пайдалану немесе топырақты өңдегенде мелиоративтік қопсыту шараларын пайдалану қажет.

IV класқа жататын су топырақтың тұздануына алып келеді, сон- дықтан оны суғаруға шектеп жəне пайдаланғанда таза сумен аралас- тыру арқылы тұздың құрамын 25-30 мг-экв/л ге жеткізу керек.

Судың сапасына байланысты топырақтың сорлануы (97-сурет, рим саны) жəне тұздану (араб саны) төрт топқа бөледі.

Бұл суларды пайдалану жағдайы топырақтың түріне де байланыс- ты жəне агрофизикалық жағдайы нашар топырақты жерлерді суғар-





    1. сурет. Судың сапасын бағалау

ғанда судың тұздылығы 50 мг-экв/л, ал су-физикалық қасиеті жақсы жəне құрылымы бұзылмаған топырақтарға 50-85 мг-экв/л шамасын- да тұзданған суларды пайдалануға болады.

Жер асты суларының орналасу деңгейі 2,5-3,5 м тереңдікте орна- ласқан жəне оның шамасы алмағайып тереңдіктен жоғары болса, онда тұзданған суларды пайдалануға болмайды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет