Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Суғармалы егістік жүйесіндегі топырақтың мелиоративтік тəртібі



бет36/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz

Суғармалы егістік жүйесіндегі топырақтың мелиоративтік тəртібі


Мелиоративтік құрылыстардың аймағының кеңеюіне, суғармалы егістік жердің ауданының жəне оған қажетті күрделі қаржыны пай- даланудың қарқынының өсуіне қарамастан, жеке агроклиматтық аймақтарда гидротехникалық мелиорацияның топыраққа жəне қор- шаған ортаға кері əсерінің экологиялық жағдайды төмендетуіне байланысты, соңғы кезде А.Н. Костяковтың ауылшаруашылық ме- лиорациясы туралы көзқарасын одан əрі дамыту үшін «жер асты су – өсімдік – жер беті суы – атмосфера» жүйесіндегі биологиялық жəне геологиялық судың жəне қоректік заттардың айналымын бас- қаруға арналған, топырақтың мелиоративтік тəртібін, жан-жақты қарастырылған шаралар жиынтығы деп қарастыру керек. Жерді

мелиорациялаудың мұндай қағидасының дамуының негізі ретінде, топырақтың мелиоративтік тəртібін алуға болады, ал ол табиғи жағдайды жəне экологиялық-экономикалық түрлендірудің тиімділі- гінің, топырақтың дамуының қажеттілігіне сай келуіне жағдай ту- дыратын жан-жақты қарастырылған гидротехникалық жəне агро- техникалық шаралардан тұрады.

Суғармалы егістік жердің топырақ қабатының мелиоративтік тəртібін ұстап тұрудың басты мəселесі – ауылшаруашылық дақыл- дарынан тұрақты өнім алуды қамтамасыз ететін егіншілікті қарқын- дандыру жағдайында, топырақтың құнарлығын жаңғыртудың қа- жеттілігін молайту жəне табиғатты қорғау үйлестіру. Топырақтың құнарлығы, биологиялық, химиялық жəне физикалық үрдістердің үлкен жиынтығын қиыстырудың нəтижесінен жүретін топырақтың даму үрдісі болып табылады.

Сондықтан тек қана топырақтың мелиоративтік тəртібін сипат- тайтын көрсеткіштерінің терімі болмау керек. Ол қазіргі кездегі пайдаланып жүрген мелиорацияның технологиясын жəне егіншілік əдістерін реттеуге көнетін көрсеткіштер болуы керек. Бұл əдістердің топырақтың дамуына əсері жақсы зертелген жəне оны сипаттайтын мəліметердің жеткілікті болғаны жөн. Ғылымның даму шегінде, ақпараттық мəліметерді жинау жəне өңдеу барысында, топырақтың мелиоративтік тəртібінің көрсеткіштері толықтырылып отырылуы мүмкін.

Бұған, негізінен ғылыми негізделген топырақтың мелиоративтік тəртібін суғармалы егістік жүйесіне енгізу арқылы қол жеткізуге бо- лады жəне оны су жəне жер қорын тиімді пайдаланып, топырақтың құнарлығын көтеретін жəне қоршаған ортаны қорғау мəселесінің шеңберінде, аз шығын жұмсап, ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты өнімді алуды қамтамасыз ететін, топырақтың дамуын басқа- ратын жəне реттейтін шаралардың жиынтығы ретінде қарау керек.

Бұл көрсеткіштердің құрамын анықтау үшін мелиорация мен егіншілік жүйесін таңдау жəне негіздеу қажетті жалпы сынақтық көрсеткіштерді қарастыру керек, ал олар В.Р. Вильямс жəне А.Н.Кос- тяковтың көзқарасындағы биологиялық айналымды күшейтетін жəне геологиялық су жəне химиялық заттар айналымын бəсеңдететін, жалпы мəселені шешуді қамтамасыз етуі қажет.



Мұндай сынақтық көрсеткіштерді келесі түрде тұжырымдауға болады:

  1. Ауылшаруашылық дақылдарының бірлік бөлшекке шаққандағы су қорының жəне қоректік заттарды барынша аз пайдалана отырып,

жоғары өнім беруі (У→max). Ол үшін егістік жердің күн сəулесін пайдалану дəрежесін қарқындандыру қажет жəне ол өсімдіктің өсіп- өнуінің себепші шарттарын (топырақтың ылғалдану, ауа, химиялық жəне биологиялық тəртібін) реттеу арқылы жүзеге асырылады.

  1. Топырақтың құнарлығын жаңғырту үшін мелиорация жəне егіншіліктің əдістері арқылы топырақтың дамуына қажетті энер- гияны арттыру (Q→max), органикалық жəне минералдық қоректік заттардың тепе-теңдіктегі қорлануын қамтамасыз ету керек. Соң- ғысына қол жеткізу үшін топырақтың дамуына пайдаланылатын күн сəулесінің энергиясын арттыру, топырақты өңдеудің сапасын жақ- сарту, топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгізу, топырақтың құнарлы қабатының шайылуына жəне тұздануына жол бермеу керек.

  2. Қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде:

    • табиғи су бөгеттерінің гидрохимиялық жəне гидробиологиялық тəртібінің нашарлауын болдырмау;

    • су көздерінің ағынының гидрогеологиялық тəртібінің күтпеген өзгеріске тап болуынан қорғау;

    • егістікті қоршаған жерлердің суға бастырылып немесе өте құрғап қалуынан сақтау.

Суғармалы егістік жердің топырақ қабатындағы биохимиялық айналымды бағалауға, негізінен мына көрсеткіштерді пайдалануға болады:

    • гидротермикалық тəртіп (радиациялық «құрғақшылық белгісі», топырақтың ылғалдану жəне жылу тəртібін қамтитын) – R ;

    • топырақтың дамуына шығын болатын энергия (қуат ) – Q, ол гидротермикалық тəртібіне жəне суғармалы егістік жерді пайдалану жағдайына тікелей байланысты;



    • топырақ қабатындағы қарашіріктің өзгеру дəрежесі – Ã ;

    • топырақ қабатындағы су-тұз тəртібін жəне оның тепе-теңдік дəрежесін бейнелейтін негізгі тұздардың жəне иондардың жылжуын көрсететін тепе-теңдік жəне дифференциалдық теңдеулер;

    • маусымдық жəне маусымаралық кезеңдегі топырақтың агрохи- миялық қасиетінің гидротермикалық (су-жылулық) көрсеткішке бай- ланыстылығы жəне катиoндардың динамикасын бағдарлау арқылы топырақтағы қоректік заттардың өзгеруі;

    • топырақтың биологиялық өнімділігі Á , ол ықтималды қоректік заттар жəне тұздану тəртібі кезінде, егістік жердің гидротермикалық тəртібіне жəне суармалы егістік жерді пайдаланудың құрылымдық жағдайына байланысты.

Егістік жердің топырақ жүйесінің мелиоративтік тəртібі, жерді

мелиорациялаудың негізгі бірден-бір қағидасы, техникалық құры- лымдардың көмегімен геологиялық айналымға түсетін су жəне химиялық заттардың шамасын əлсірету, оны анықтау үшін мына көрсеткіштерді пайдалануға болады:



    • топырақ жəне жер асты суларының арасындағы алмасу (g), топырақ қабатының толық жəне толық емес қаныққан аймағындағы ылғалдың жылжу теориясының немесе су жəне энергиялық (қуат- тық) тепе-теңдіктің арасындағы байланыстың негізінде құрылған математикалық үлгіні пайдаланып анықтайды;

    • топырақ жəне жер асты суларының арасындағы тұз алмасу, салмақ-тұз тасымалдауының дифференциалдық теңдеуін шешудің немесе су жəне тұз қорының тепе-теңдік теңдеуін негізінде өсімдік- тің тамыры арқылы шығын болатын ылғал қорын есепке ала оты- рып анықтайды.

Бұл биосфералық құбылыстарды негізінде, суғармалы егістік жүйедегі табиғи-техникалық қызметтің денгейін шектеудің нəтиже- сінде, биологиялық жəне геологиялық айналымның қарқынын жə- не бағытын реттеуге жəне басқаруға болады. Мұндай бір-біріне сəйкес келмейтін шектеудің нəтижесін, бір жағынан – геологиялық айналымның қарқынын, яғни топырақ қабатындағы жер беті жəне жер асты суларының алмасу қарқынын реттеу арқылы, ауыл- шаруашылық өндірісінің қарқынын дамытуға қол жеткізу, екінші жағынан – суғармалы егістік жердің мелиоративтік əсерін оңтайлау арқылы, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға жəне басқаруға арналған шаралардың жиынтығы деп түсінуге болады.

Сондықтан əртүрлі табиғи аймақтарда мелиорацияны негіздеу кезінде, топырақ жүйесінің мелиоративтік тəртібін мінездейтін мы- на көрсеткіштерді ұсынуға болады:



    • топырақтың ылғалдану тəртібі:

    • топырақтың түріне жəне ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшелігіне байланысты ылғалдану шегін реттеу;

    • топырақтың тұздану дəрежесіне, жер асты жəне суару суының тұздылығына байланысты топырақтың тұздан арылу тəртібі.

    • топырақтың тұздану тəртібі:

    • химиялық реакцияның қарқыны, топырақ ортасының қышқыл- дығы (pH), топырақтағы ерітінді сұйықтар, оның шамасы жəне он- дағы тұздардың құрамы жəне органикалық денелердің қызметі;

    • тез еритін тұздар, ол тек қана топырақ ерітіндісінің сұйық- тарында болатын еріген аниондардың, сонымен бірге топырақтың біртұтас сіңіру құрамындағы катиондарға байланысты;

–органикалық, минералдық жəне органикалық-минералдық сы- йымдылығының жиынтығын көрсететін, сіңіру сыйымдылығы (мг. экв/100 г топырақта);

    • топырақтың біртұтас сыйымдылығы (ППК) құрамы, ол натрий, кальций жəне магний иондарының дəрежесіне байланысты.

    • топырақтың қоректену тəртібі:

    • қарашірік, оның топырақтағы құрамы, өсімдік қалдықтарының топыраққа қайта сіңуі жəне жыл сайынғы егістікке берілетін органи- калық жəне минералдық тыңайтқыштар;

    • жалпы азот, оның шамасы тұрақты егіншілік жүйені сақтаған жағдайда, тек қана суғару тəртібіне байланысты;

    • жылжымалы фосфордың мүмкіншілік шамасы (мг.экв/100 г топырақта), ол топырақтың жəне ППК құрамы байланысты;

    • өсімдікке қажетті алмасуда болатын калийдің мүмкіншілік ша- масы (мг.экв/100 г топырақта), ол топырақтағы кальций (Са) жəне магний (Mg) катиондарының құрамына байланысты.

    • топырақтың жылу тəртібі:

    • топырақтың жоғарғы қабатының өсімдіктің өсіп-өну кезіндегі жылуы, ол ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық жəне агроклиматтық аймақтың ерекшелігіне байланысты 15-30°С шама- сында болуы керек.

– тапырақ қабатындағы ауа тəртібі:


  • алмасуда болатын оттегінің құрамы, ауылшаруашылық дақыл- дарының биологиялық ерекшелігіне байланысты, оның тамыры орналасқан топырақ қабатында 15-21% шамасында болуы керек;

  • көміртегінің құрамы, ауылшаруашылық дақылдарының биоло- гиялық ерекшелігіне байланысты, оның тамыры орналасқан топырақ қабатында 12% аспауы қажет;

  • салыстырмалы-қалыптасу потенциалы, ол суғару кезіндегі топырақтың кезеңінің жағдайының өзгеруін көрсетеді жəне ол жаңа органикалық заттар болғанда өте тез қуатта жəне қарқында жүреді.

– топырақ қабатының микробиологиялық тəртібі:


  • 1 кг топырақтағы микроорганизмдердің саны (миллионмен есеп- телген) жаңбыр құртары жəне басқа да омыртқасыз топырақ жəндіктері, ол жер асты суларының орналасу деңгейіне жəне топырақтың ылғалдану дəрежесіне байланысты топырақтың құнарлығын анықтайды;

  • топырақтағы өсімдіктердің тамыры орналасқан қабаттағы микробиологиялық құбылыстың қарқындау мүмкіншілігі (100 г то- пырақтағы мг есептелген), агроклиматтық аймақтың жəне ауылша- руашылық дақылдарының биологиялық ерекшелігіне байланысты;

  • топырақтағы микробиологиялық үрдісті қарқындандыру мүмкіншілігі, ол 100 г топырақтың құрамында 3-9 мг шамасында болу керек, ол мелиорация жүргізілетін белгілі бір табиғи аймақтың ерекшелігіне байланысты, мелиоративтік тəртібтің кейбір көрсет- кіштерінің өзгеріп отыруын көрсетеді.

Сонымен, суғармалы егістік жүйесінде ауылшаруашылық да- қылдарының өнімділігін арттыру қатар, онымен бірге топырақтың құнарлығын арттыру жəне қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктің өсіп- өнуіне қажетті негізгі себепкер шарттарын, яғни топырақ қабатының мелиоративтік тəртібінің көрсеткіштерін реттеуге қарама-қайшылық қажеттіліктерді тудырады. Осыған байланысты, тек қана егістік жердің ылғалдану тəртібін реттеу арқылы, ауылшаруашылық дақылдарының жоғарғы өнімділігін жəне топырақтың эволюциялық дамуының бағытын жəне қарқынын толық қамтамасыз ету мүмкін емес, тек қана олардың арасындағы қарама-қайшылықты бəсеңдетуге болады. Осыны ескере отырып, мелиоративтік тəртібтің оңтайлы дəрежесін негіздеу, топырақтың биологиялық, химиялық жəне су- ауа тəртібінің бағдарламасының негізінде жүргізілуге тиісті.
  1. МЕЛИОРАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ



    1. Суғару желілері


      1. Суғару желілерінің негізгі элементтері


Суғару желісі – бұл суды су көзінен суғару алабына тасымал- дап жеткізуге жəне оны жеке шаруашылықтарға бөлуге, осы шаруа- шылықтың ішіндегі суғару телімдеріне таратып беруге арналған суғару арықтарының деңгейлік жиынтығы (107-сурет).




    1. сурет. Суғару желісінің сұлбасы

1 – су көзінен су алатын құрылым; 2 – бас арық; 3 – шаруашылықаралық арық;

4 – шаруашылықтың ішіндегі арықтар; 5 – танаптық арықтар; 6 – уақытша арықтар; 7 – суғару жүйектері; 8 суды тарату тоспасы; 9 – су өткізгіш қондырғы
Суғару желісі, су көзінен суғармалы егістікке суды тасымал- дайтын тұрақты жəне уақытша арықтар (ашық арықтар, құбырлар) тұрады жəне ол суғару жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Суды өлшейтін құрылымдар жəне қондырғылардан (суөлшегіш), арықтардағы судың деңгейін көтеретін жəне су өтімін реттеп оты- ратын құрылымдардан (бас реттегіш, қашыртқы-реттегіш) тұрады.

Ашық суғару жүйесінің тарату желісі бас арықтардан, шаруашы- лықаралық, шаруашылық жəне шаруашылықтың ішіндегі əртүрлі деңгейдегі тарату арықтарынан тұрады. Бас арық су көздерінен (өзен- нен, суқоймаларынан, тоғандардан, тік ұңғылардан) суды шаруашы-

лықаралық су таратқыштарға жəне шаруашылық арықтарына, ал ол шаруашылық немесе ауыспалы егістік танаптарына суды жеткізіп береді. Суғару арықтарың егістік жердің жоспарында орналаcу жағ- дайы, құрылысты жүргізуге жəне пайдалануға кететін қаржылық шығынның ең төменгі шамасын, егістік жерлерге суды қажетті уа- қытта жəне қажетті мөлшерде жеткізіп беруді, суғару желісіндегі суды жəне жерді пайдаланудың ең жоғарғы көрсеткішін, ондағы құрылымдар жəне арықтарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ете- тіндей болуы керек. Суғару желісінің қызметін атқаруына қажетті жағдай, ол бас арықтың, егістік танаптың кез келген нүктесіне суды қажетті көлемде жеткізіп беру үшін, өзіндегі су ағынының деңгейі кіші арықтар желісін басқаруды қамтамасыз ету керек.

Суғару арықтарының іздері, суғармалы егістік жерлерді бөлмеу үшін шаруашылықтың, ауыспалы егістіктің, танаптардың шекара- сынан жəне оның ең жоғарғы нүктелерінен өтуі керек.

Жабық суғару жүйелеріндегі суды тарату желісі, су көзінен суды тарату құбырларына су беретін бас құбырдан тұрады жəне олар жер бетінен 0,6-1,2 метр тереңдікке орналасады, ал олардың нақты орналасу тереңдігін суғарумалы егістік орналасқан аймақтың ауа райының жағдайына байланысты, қыс кезеңіндегі топырақ қабатына мұз қату тереңдігі арқылы анықталады. Жабық құбырдағы су арынын егістік жердің орналасу бедері немесе сорғы бекеттерінің көмегімен қамтамасыз етіледі. Жабық суғару құбырларында судың сүзілуге кететін шығыны болмайды жəне суғару танаптарына суды таратуды толық автоматтандыруға мүмкіншілік береді. Оның тиімділігі тек қана жерді тиімді пайдалану көрсеткішінің жоғары болатынында ғана емес, ол өте күрделі жер бедерінің жағдайында, механикалық күштің көмегімен суды егістік жердің кез келген нүктесіне жеткізіп бере алатындығымен ерекшеленеді.

Ашық суғару жүйелерінде реттеуші желілер уақытша арықтар- дан жəне одан жүйектерге немесе атыздарға суды тарататын оқ арық- тардан тұрады. Реттуші желілерді суғару алдында тұрғызады жəне суғару кезеңі аяқталған соң, техникалардың қозғалысына кедергі тудырмас үшін, тегістеп тастайды.



Жабық суғару жүйелерінде уақытша жəне оқ арықтарды жер қабатына орналасқан құбырлармен, тасымалданатын суғару түтікте- рімен немесе жаңбырлатқыш машиналар жəне суғару агрегаттары су алатын гидраттары бар құрастырмалы құбырлармен ауыстырылады.
      1. Суғару теліміндегі суғару жүйесі


Суғару телімі – бұл суғаруға арналған судың жекелей берілуі жəне оның суғармалы жерге таратылуын атқаратын суғару жүйесінің негізгі бөлігі. Ал суғару жүйесі ауылшаруашылық дақылдарын мол өнім алу жəне топырақтың құнарлығын өсіру үшін, оның ылғалдану жəне онымен тығыз байланысты тұздану, ауа жəне қоректік заттар тəртібін реттеуге арналған, əртүрлі арықтар желісін, гидротехникалық құрылысты, су көзін жəне арнайы ұйымдастырылған суаруға тиісті ауданды айтады (108-сурет).




    1. сурет. Суғару желісінің құрылымдық бөлшектері

1 – су алатын құрылыс; 2 – бас арық; 3 – тарату жəне шаруашылықаралық арықтар; 4 – шаруашылық арықтары; 5 – бөлімшелік тарату арықтары;

6 – уақытша суару арықтары; 7 – суалатын жүйектер; 8 – суару жүйектері;

9 – суғару арықтарындағы құрылымдар; 10 – шаруашылық жолдары; 11 – орман жолақтары; 12 – байланыс жəне қуат желілері

Суғару жүйесінің құрылысын құрудың негізгі мақсаты – табиғи қорды біртұтас қайта үйлестіру. Бұл жағдайдағы негізгі мəселесі – геологиялық жəне биологиялық су жəне химиялық заттар айналы- мын мақсатты бағытта реттеу жəне басқаруға жағдай тудыру.



Суғару жүйесінің негізгі мақсатының бірі – суғару көзінен суды алып жəне оны суғару алқабына жеткізіп, ондағы егістік талаптарға қажетті мөлшерде жəне уақытта таратып беру. Осындай қойылған негізгі тапсырмадан суғару жүйесінің атқаратын қызметін анықтауға болады: суды алу жəне суғару көзінің гидрологиялық тəртібін реттеу; суды су көзінен егістік танапқа тасымалдау; топырақтың ылғалдану тəртібін реттеу; суғармалы егістік танаптағы артық суды алып кету.

Су көзінен суды алудың көлемі жəне тəртібі, тек қана ауылша- руашылық дақылдарының суды қажет ету шамасына ғана байланыс- ты емес, ол су көзіндегі судың пайда болу тəртібіне жəне суды алуға арналған құрылыстың түріне байланысты. Сондықтан, суару жүйесінің мінездемесі жəне қуатты су алуға арналған құрылыстың түріне байланысты (109-сурет).

Тау етегінің жазықтарында жəне шығару конусында бас арықтар жердің ең үлкен көлбеулік бағытымен, ал бірінші деңгейдегі су таратқыштар көлбеу белдеулікке сүйір бұрышпен орналастырылады (109 а-сурет).




    1. сурет. Суғару жүйесінің жергілікті жердің бейнесіне байланысты желісі

а – өзен арнасының тау етегіне шығар жерінде; б – тау етегіндегі жазықтықта;

в – бір жақты басқарылатын өзен арналарында; г – екіжақты басқарылатын өзен арналарында; д – өзеннің төменгі сағасында; е – бір баспалдақты су көтеру қондырғысы арқылы; ж – бірнеше тізбекпен су көтеру қондырғылары арқылы; з – араласқан су көтеру қондырғылары арқылы;

1 – өзен; 2 – су алатын құрылым; 3 – бас арық; 4 – бірінші дəрежедегі су таратқыш арық; 5 – екінші дəрежедегі су таратқыш арық; 6 – бас арықтың тарамдары;

7 – негізгі сораптау бекеті; 8 – су көтергіш сораптау бекеті)

Тау бөктеріндегі жазықтықта орналасқан жерлерді суғару кезінде бас арық жəне шаруашылықаралық таратқыштарды суды мүмкін- дігінше үлкен ауданға беру мақсатында жердің көлбеулік бағытымен немесе оған сүйір бұрышпен орналастырады (109 б-сурет).

Өзен аңғарындағы бір жақты басқару жағдайында, бас арықтар сүйір бұрышпен көлбеулікке орналасқан жағдайда, ең үлкен тара- тушы арықтар жер бедерінің ең үлкен көлбеулігінің бағытында ор- наласады (109 в-сурет), ал одан шығатын кіші деңгейдегі арықтар көлбеулікке үлкен бұрышпен орналасады.

Өзен аңғарындағы екі жақты басқару жағдайында, бас арықтар жер бедерінің көлбеулігінің бойымен, ал бірінші дəрежедегі тарату арықтары, көлбеуге сүйір бұрышпен жəне екінші дəрежедегі арық- тар көлбеу бойымен орналасады (109 г-сурет).

Өзен жағасындағы баспалдақтарда орналасқан суғару жүйелерін- де бас арықтың бос бөлігі өзен бойымен ең аз шекті көлбеулікпен жо- баланады, содан соң суғару алабына қарай біртіндеп жақындатылады (109 е-сурет).

Өзен аңғарында бірнеше тізбекпен орналасқан су көтергіш қон- дырғылар жəне араласқан су көтеру қондырғыларын пайдаланған кезде бас арықтар жер бедерінің көлбеуін тік бұрышпен, ал бірінші дəрежедегі тарату арықтары көлбеу бойымен жəне екінші деңгейдегі арықтар көлбеуге тік бұрышпен, өзен арнасына қарай орналасады (109 ж-, 109 з-суреттер).

Су көзінен алынған суды егістік танапқа шығынсыз жеткізу суғару желісін жобалаудың негізгі мақсаты болып табылады. Суды су көзінен егістік танапқа жеткізуге арналған суғару жүйесінің бөл- шектері тұрақты арықтардан тұрады жəне олардан болатын судың сүзілу шығыны белгілі бір шамадан аспау керек.

Суғару жүйесінің реттеу бөлігінің арықтары, егістікке берілген су ағынын топырақтағы ылғал қорына айналдыратын, уақытша ашық арықтар желісінен, жаңбырлатқыш жəне суғару қондырғыларынан тұрады.

Суды егістікке жеткізу желілері бас арналардан, шаруашылық жəне əртүрлі деңгейдегі шаруашылықтың ішкі тарату арықтарынан тұрады. Суды егістікке жеткізу арналары, егістікті суғару кезеңінде тұрақты жұмыс атқарады. Бас арна суды су көзінен шаруашылықтың тарату арықтарына, ал ол жеке шаруашылықтарға немесе ауыспалы егістіктерге су тарататын шаруашылықтың ішкі арықтарына немесе ауыспалы егістіктің тарату арықтарына су береді.

Егістікке берілетін суды реттеу желілері ашық суару жүйесіндегі уақытша арықтардың желісінен немесе арыққа су тарату желілерінен жəне жаңбырлатқыш қондырғылардан тұрады.



Кез келген суғару жүйесінде егістікті суғару кезеңінде, жер бетінде жəне қабатындағы артық сулар пайда болатыны белгілі жəне оларды су айналымына кіргізіп жіберуіне байланысты, су қорын тиімді пайдалану жəне табиғаттың экологиялық тұрақтылығын сақтау тұрғысынан қарағанда, оларды егістік танаптардан сырт жер- ге тасымалдауға арналған су тастағыш жəне қашыртқылар желісін жобалау өте маңызды мəселе.

Суғару жүйесі, осы аталған маңызды қажетті қызметті атқара отырып, белгілі бір қойылған мынадай қажеттіліктерді орындауы қажет:



  • ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары жəне тұрақты өнім алуға қажетті жағдайды жасау;

  • биологиялық жəне геологиялық су жəне химиялық заттар ай- налымын басқару жолымен, топырақтың дамуын реттеу арқылы, оның құнарлығының өсуін қамтамасыз ету;

  • жердің жəне суғару жүйесінің пайдалы əсер коэффициентінің жоғары дəрежесін қамтамасыз ету;

Барлық суғару жүйесін жер қорын тиімді пайдалану көзқарасы- нан қарағанда, жалпы олардың қызметін сипаттайтын көрсеткіштер ретінде мыналарды алуға болады: егістіктің жалпы ауданы; орман жолақтары, жолдар жəне басқалар қосылған суғармалы егістіктің жалпы ауданы, ауылшаруашылықтың дақылдары егілген суғармалы егістіктің нақты ауданы, ал су қорын пайдалану тұрғысынан: беріл- ген сумен қамтамасыз ету дəрежесіне сай су көзіндегі шығынның мөлшері; су көзінен суғаруға бөлінетін су қорының шамасы, суды тасымалдау кезіндегі болатын шығынды қосқандағы суғару жүйе- сіндегі су шығыны; суғару жүйесіндегі су шығынының нақты шамасы.

Осы мəліметтердің негізінде жерді тиімді пайдалану коэффициен- тін (КЗИ = Fн / Fбр), жалпы жерді пайдалану коэффициентін (ОКЗИ =



= Fн / Fo), суғару жүйесіндегі суды пайдалану коэффициентін

(КПД =Qн / Qбр) жəне су көзіндегі суды пайдалану коэффициентін (ИВР= Qн / Q) анықтауға болады.

Осы аталған мəліметтер суғару жүйесінің қуатын, оның құрылым-

дық құрылысын жетілдіруге жəне салыстыруға қажет болады.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет