Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73



бет2/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)

Оқулық



Алматы, 2014

ƏОЖ 631.67 (075.8)

КБЖ 40.6 я73

М 85

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен

Пікір бергендер:

Ə.С. Сейтқазиев – техника ғылымдарының докторы, профессор;

А.И. Мұсаев – техника ғылымдарының докторы;

С.И. Өмірзақов – техника ғылымдарының докторы.



М 85

Мұстафаев Ж.С., Қозыкеева Ə.Т.

Ауылшаруашылық мелиорациясының негізі. / Ж.С. Мұста- фаев, Ə.Т. Қозыкеева. – Алматы, 2014. – 448 бет.

ISBN 978-601-217-492-2

Оқулықта ауылшаруашылық мелиорациясының негіздері қарастырыл- ған: мелиорацияның табиғаты, тиімді үйлестірудегі орны, мелиорацияның қажеттілігін анықтаудың жолдары, суғармалы егістікке қолданылатын жер- лерді мелиорациялаудың негізгі мақсаты, мəні, əдістемесі жəне құралы, ме- лиорация түрлерінің əдістемелік қағидасы, суғару жүйлері жəне əдістері көрсетілген. Ауылшаруашылық дақылдардың суғару тəртібін ұйымдастыру жəне анықтау, суғару əдістері мен техникасын таңдау жолдары, суғару жүйелерін жобалаудың əдістерімен қатар, мелиорацияның əсерінен табиғи жүйенің өзгеруі жəне оның заңдылықтары қарастырылған.

Оқулық 5В08100 – «Мелиорация, жерді баптау жəне қорғау», 5В080900 – «Су қоры жəне суды пайдалану» жəне 5B080100 – «Агрономия» мамандықтары бойынша оқитын білімгерлерге арналған.



ƏОЖ 631.67 (075.8)

КБЖ 40.6 я 73


ISBN 978-601-217-492-2

© Ж.С. Мұстафаев, Ə.Т. Қозыкеева, 2014

© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014




КІРІСПЕ

Адамзат алғашқы табиғатпен қарым-қатынасын орнатқан ке- зінде-ақ өзінің өмір сүруіне қажеттілікті қамтамасыз ету үшін алғашқыда табиғи, ал одан кейін суармалы мəдениетті егіншілік агроландшафтық жүйелерді құрудың барысында, адамға қажетті бірден-бір қуат көзі болып табылатын – азық-түлік өндірумен айналысқан. Бұл кезең мезомент дəуірінен басталып, адамзат бірінші рет өзінің қажетін өтейтін жаңа өсімдік топтарының пайда болу жо- лын алғашқы рет өндіріске қойып, оның біздің Жер планетасына тез тарауына мүмкіншілік тудырды.



Жер табиғаттағы судың өнімді күшін жəне топырақтың қуатын мыңдаған жылдар бойы адамзат өзінің қажетіне пайдаланудың нəтижесінде олардың жоғарғы дəрежеде экономикалық жəне руха- ни дамуының ең күшті себепшісі болды. Адам осылай тəжірибе жи- най отырып, табиғатты «мақсатты пайдалану» қарым-қатынасының негізін құрды. Ертедегі өркениетті Аксум патшалығы (IV ғасыр б.э.) кезіндегі Эфиопия, Грециядағы Акрагамата (490-430 жж. б.э.), Ежелгі Рим (23-79 жж. б.э.), құрылуы жəне олардың дамуы, ал одан бері табиғи жағдайы өте ыңғайлы Меспотамидағы Тигр жəне Ев- фрат, Египеттегі Нил, Үндістан түбегіндегі Инд жəне Ганга, Қытай- дағы Хуанхэ жəне Янцзы, Орта Азиядағы Сырдария жəне Амуда- рия секілді үлкен өзендерінің бойында жəне Америкада ертедегі халықтар үндістердің мая жəне ацтектер тайпаларының жерді игеру туралы бай тəжірибесі, жүйесіз жəне ойсыз табиғи қорды пайдалануына қарамастан, жаратылыстану ілімінің, оның ішінде ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялаудың бастапқы жүйесінің құрылуы басталған еді. Бұлар барлық адамзаттың даму кезеңінде табиғатты пайдалану жүйесінде, табиғат қорын пайдаланудың орнықтылық қағидасын сақтап, шөлейт аймақтарды өнімді егістік аймаққа айналдырды.

Қазіргі кезде, ерте дəуірдің дамуының саласы болып табы- латын ауылшаруашылық өндірісі, адамзаттың табиғи жүйедегі өндірістік қызметіне айналып, жалпы егіншілік жүйесінің өндірістік табиғаттық, техникалық жəне егіншілік нысанын кезеңдік уақытпен

біріктіретін күрделі бірлестік айнала отырып, суармалы егістік жер- ден өнім өндірудің белгілі бір технологиялық əдісін құрайды жəне ол барлық тарихи даму кезеңінде мелиорация ілімінің арқасында, ол табиғи қорларды жəне қуатты түрлендірудің негізінде қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Қоғамдасудан қарапайымдылыққа, ал одан соң жетілдірілген егіншілік жүйесінен, жалпы жоғары жетілдірілген ауыл шаруашы- лығына көшу, өндіріс қорын өндіруді өсіріп жəне адамзаттың ойлау қызметін арттыру арқылы біріншіден, агралық саланың мəнін өсіре отырып, өсімдіктің бірінші өнімін құруға мүмкіншілік тудырды, екіншіден, ауылшаруашылық жердің мелиорациясының əдістемелік негізін жəне қағидасын қалады.

А.Н. Костяков (1950) тəжірибелік істерді сауатты жүргізу үшін суғармалы егістік жүйесінің құрылымдық жағдайын негіздеуге ар- нап, ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялаудың негізгі мə- селесін – «топырақтың құнарлығын мен өнімділігін үнемі арттырып отыру жəне қоршаған ортаның нашарлауын бол- дырмас үшін судың жəне химиялық заттардың биологиялық жəне геологиялық айналымен реттеу» деп анықтаған болатын. Бұл кездегі А.Н.Костяковтың мелиорация ғылымының əдістемелік жəне теориялық дамуына қосқан үлесі: табиғи ортаны түрлендіру кезіндегі негізгі мəселе өсімдіктің өмір сүруіне қажетті жағдай- ды қамтамасыз ету; мелиоративтік қажетті қызметтік іс-əрекет- терді есептеугі сапалы əдістерді, оның ішінде су қорының тепе- теңдік теңдеуін пайдалану; ауылшаруашылық мелиорациясын табиғи-техникалық жүйе ретінде қарастыра отырып, оның басқа табиғаттың бөлшектерімен қарым-қатынасын дəл есепке алу.

Адамзаттың тарихи даму жолында «мелиоративтік-егіншілік білімі» – ауылшаруашылық мелиорациясы арқылы ауылшаруа- шылық дақылдарының қоршаған ортаның қасиетіне деген ыңғай- лы сұранысына байланысты суармалы жерлердің «жер асты суы-топырақ-өсімдік-жер беті су» жүйесіндегі жылу мен ылғал алма- суының орнықтылығын қамтамасыз ететін жағдайды қарастыратын, бірлескен техникалық жəне қоғамдық ғылым.

Мелиорация – адамның табиғатқа əсер етуінің ең күшті негізгі іс-əрекетінің жəне қызметінің бірі. Мелиорация кезінде топырақ қабатының табиғи жағдайына қарағанда, ылғалдандыру дəрежесі бірнеше есе артады, судың жəне химиялық заттардың геологиялық айналымға түсу қарқыны өседі. Мелиорация топыраққа, гидросфе- раға, биоценозға жəне агроценозға одан да көп əсерін тигізеді. Бұл

əсер суғарудың түрін, əдістерін, технологиясын жəне техникалық құралдарын таңдауға байланысты, табиғатқа қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

Мелиорацияның негізгі міндетіне, А.Н. Костяков жəне басқа да ғалымдардың айтуы бойынша, топырақтың құнарлылығына ауыл- шаруашылық дақылдарының өнімдерін жəне сапасын арттыру, құрғақшылық далалық аймақта өсімдіктерден өнім алуды тұрақ- тандыру, азық-түлік жəне мал-азықтық өнімдермен қамтамасыз ету үшін, табиғатты өзгерту жəне қуаңшылықпен күресу, топырақтың су, ауа, қоректік, микробиологиялық тұз, жылу тəртібін жəне жеке жылу-су қорының тепе-теңдігін реттеу жатады. Бірақ қазіргі кездегі мелиорация мақсаттарының көптеген тұжырымдамаларында қорша- ған табиғат ортаны қорғаудың қажеттілігі ескерілмеген.

Академик Б.Б. Шумаков «Табиғат қорын пайдалану жүйесін- дегі өткен кезеңдердегі жіберілген қателерді жөндеу, біздің ол туралы сана сезімімізді, көзқарасымызды қайта түзеуден ба- стау керек» деп санайды. Біз өзімізді табиғат байлығын шексіз жəне қайтармай алу мақсатында ғана, оны қайта құру мəселесін қарастырумен шектелмеуіміз керек, қайта өзіміздің əрекетімізді оның заңдарына үйлестіріп жүргізудің қажетілігін тереңірек ұғынғанымыз жөн.

Сондықтан «Ауылшаруашылық мелиорациясының негізі» оқулығын дайындау кезеңінде, табиғи жəне табиғи-техникалық экожүйелердің арасындағы барлық күрделі өзара байланыстар- ды ашу жəне бейнелеуге көп көңіл бөлу жағы қарастырылды. Мелиорацияның əсерінен табиғи құбылыстардың өзгеру қарқынын жəне бақылау арқылы, жүйеде жалпылай өзара байланысты жəне олардың түрленуін, қоршаған ортаны қорғау шараларында, оларды есепке алу керектігін ескеріп жеке мамандандыру бағытында баян- дауды мақсат етіп қойған жоқпыз. Осы қарастырылып отырған мəселені экологиялық тұрғыдан шешуді дəріптеудің жəне оқырманға жеткізудің негізгі маңызды қағидасы ретінде жаратылыс жəне мелио- рация кезінде топырақты ерекше табиғи дене деп қарастырған, До- кучаев-Вильямс-Костяков іліміне, Докучаев-Григорьев-Будыконың эволюция заңы жəне топырақтың географиялық аймақтығының біркелкілік заңдылығы қабылданған.

«Ауылшаруашылық мелиорациясының негізі» оқулығын дайын- дау барысында, қазіргі кездегі өркенитетті дамыған елдердің мелио- рация саласындағы алдыңғы қатарлы озық техникалар жəне техно- логияларды дəріптеу мəселелеріне көп көңіл бөлінген.


1 МЕЛИОРАЦИЯ – ТАБИҒАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ІЛІМІ




    1. Мелиорация ұғымы жəне оның анықтамасы

«Мелиорация» анықтамасы тарихта бұрыннан қалыптасқан мағынада ғана пайдаланған жөн, ол – ауылшаруашылықта пайда- ланатын жерлердің табиғи жағдайда қалыптасқан өсімдіктің өсіп- өнуіне жəне топырақ жамылғысының табиғаттың заңдылықтарына сай дамуына ыңғайсыз жағдайларды адамзаттың іс-əрекеті арқылы жақсарту.

Бірақ тек қана барлық табиғи жүйелерді мелиорациялаумен шектелмей, жеке табиғи-техникалық бірлестіктерінде осындай жағдайда тап болуына байланысты, біршама салыстырмалы қысқа мезгілде мелиорация өзінше жоғары қарқынмен даму кезеңін кешірді. Нəтижесінде «мелиорация» ұғымы табиғатты пайдалану жəне ұйымдастыру саласындағы адамзат əрекетін белгілеуге талап қоятын жалпы əсемдік сипаттаманы иемендене бастады. Осының салдарынан мелиоративтік геодезия, гидрогеология, гидрология, хи- мия жəне тағы басқа ғылыми пəндер пайда болып, өзінің өндірістік саладағы міндетін атқара бастады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында мелиорацияның қарқынмен дамуы ондаған «мелиоративтік» атаулардың жəне аттардың пайда болуына себепкер болды. Жаңа атауларды əртүрлі ғылыми мектеп- тер мен бағыттардың өкілдері мелиорацияның мəніне жөнді жүйелік талдау жүргізбей жиі енгізетін. Тек соңғы онжылдықта мелиорация мəселесіне айтылған көп салалы сындар оның түрлерін топтастыруға жəне атауларын қалыптастыруға мұқият қарауды талап етіп отыр.

Л.М. Рекс (1986), А.Г. Сенчуков жəне В.Н. Шкура (1997) бер- ген кейбір «мелиорация» атауларының тым ерекше анықтамаларына жүгінейік. Бір жағынан, мелиорация – бұл топырақты жақсартуға жəне оның өнімділігін жоғарылатуға бағытталған жалпы əртүрлі шаралар; топырақтарды түбегейлі жақсартатын тəсілдерді неме- се əдістерді зерттейтін ғылым; гидротехникалық, агротехникалық жəне орман-техникалық жұмыстардың көмегімен техникалық жақсартулар. Басқа жағынан алғанда, табиғи ортаның қасиеттері мен тəртіптерін өзгертуге бағытталған əрекетін «мелиорация»

деп түсініп, оның жоғарғы мақсаты адамның мекен ету, қоғамның тіршілік көзі жəне даму құралы болып табылатын табиғи ортаны сақтау жəне жақсарту деп санау керек.

«Мелиорация» анықтамасының бұл екі мүдделі қайшы түсі- ніктемеcінің арасындағы айырмашылық, яғни оның алдына қо- йылған жергілікті (егістік жерлерді суғару, топырақтың дамуын немесе ауылшаруашылық дақылдардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету) жəне əлемдік (табиғи ортаны қайта үйлестіру немесе өзгерту мағынасында) мақсаттарына байланысты.

«Мелиорация» атауын қолдану, мазмұндық жəне түсініктемелік талдауы, сол сияқты анықтамаларды топтастыру, затқа жəне зерзатқа тигізетін əсерін, осы əсердің шекті жəне ерекше жағдайларын, мақсатын жəне алынатын нəтижесін анықтаған кезде, нақты ұғым- дарға сүйене отырып жүзеге асыру керек.

Мелиорацияны пəн ретінде қарастырғанда, біріншіден, оған өте ыңғайлы жəне қолдануға болатын анықтама беру керек (мелиорация дегеніміз не?). Ғылыми ортада, жауаптың оншақты түрлерін табуға болады: əрекеті (қызметі), ғылым, шаруашылық саласы, бағыты жəне бөлек (немесе əртүрлі) шара, шаруашылық жəне техникалық шараларды ұйымдастырудың жиынтығы, өндіріс жағдайларының жақсаруы, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық төңкеріс- тің негізі, топырақ қасиеттерінің өзгеруі, олардың тəртібін реттеу, жердің жақсаруы жəне тағы басқалар.

Шамасы, «мелиорация» бұл ең алдымен табиғатты пайдалану жəне ұйымдастыру саласындағы адам қызметінің түрі жəне философиялық тұрғыдан, адамның табиғатты ұдайы қайта өңдеуге жəне еңбектенуінің нəтижесіндегі табиғатты түрлендіру деп түсінуге болады.

Мелиорацияны бұл тұрғыдан қарап əрі кеңінен түсініктеме бере отырып, оның ғылыми анықтамасының төңірегінде, оны адам- ның табиғатты түрлендірудегі қызметінің теориялық негізі, ал ша- руашылық саласы ретіндегі мелиоративтік шараларды іске асыру жүйесі болып табылады.

«Мелиорация» арқылы əсер етуге тиісті табиғат құрылымы ретінде, оны ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алудың негізгі құралы ретінде есептелетін, «жерді» атайды. Осыған бай- ланысты мелиорацияның əсер ететін табиғи құрылымдары ерек- ше айқындала түскен: сөз «жер» туралы емес, кейбір жағдайларды мелиорацияның көмегімен «жердің» тұтыну қасиеттерінің бөлігі

«топырақ қабатын» жақсартудың қажеттілігіне байланысты анық- талған.

«Мелиорация» арқылы əсер етуге тиісті табиғи құрылым ретінде, сонымен қатар ормандар, суаттар, ауа жəне ауа ортасы, өсімдік қауымы, ауа райы, микроклимат жəне басқа табиғи құрылымдар, географиялық ортаның жағдайлары мен қасиеттері көрсетіледі. Бұлардың үлкен бөлігі жалпы «қоршаған ортаның бөлігі» деп ата- луы да мүмкін.

«Мелиорация» əсер ететін құрылым ретінде қоршаған табиғи ортаның бөліктерін, олардың өзара байланыс жүйесін жəне та- биғи құрылымдарын, мысалы, ландшафт жəне оның жүйелік құрамаларының жиынтығын қарастыруға болады.

Қоршаған табиғи ортаның бөліктерін мелиорациялау керектігі, олардың өлшемдерінің адамның шаруашылық талаптарының қажеттілігіне сəйкес келмеген жағдайда немесе көбіне адамның іс- əрекетінің көмегімен, ыңғайсыз табиғи құбылыстардан алдын ала сақтандыру немесе зардаптарын жою міндеті қойылған жағдайда туады.

Мелиорацияның табиғи құрылымдарға тигізетін əсерлерін

«жақсарту» жəне «сақтау» секілді ұғымдар арқылы жалпылай мінездеуге болады жəне ол өзгерту, қайту құру немесе реттеу арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылған «мелиорация» туралы анықтамаларды еске- ре отырып, болашақта экологиялық тұрғыдан А. И. Головановтың

«мелиорация» туралы келесі анықтамасын пайдаланған қолайлы:

«...мелиорация бұл қоршаған ортаның құрам бөлігінің тұтыну қасиеттерін мақсатты түбегейлі жəне ұзақ уақыт жақсартуды немесе сақтауды қамтамасыз ететін адамзаттың іс-əрекеті».



    1. Мелиорацияның міндеттері


Мелиорацияның міндетін ауылшаруашылық гидротехникалық мелиорация ғылымының алдына қойған мелиоративті білім бейне- сінің құрылымдық мінездемесін А.Н. Костяковтың тұжырымы арқылы түсіндіруге болады. Бұл – «өсімдіктің топырақтағы су тəртібіне жəне сыртқы ортамен бірге үйлесуінің үздіксіз байланы- сын зерттейтін, теориялық жəне əдістемелік мəселелері». Өсімдіктің топырақтағы су тəртібі жəне сыртқы ортаға бірге қоятын талабының үйлесу мөлшері жəне əдісі, мелиоративтік жер өндіргіш күштерінің көмегімен жүзеге асырылады.

Өндіргіш күштер, өндірістік белгілі технологиялық тəсілі болып санала отырып, табиғаттағы заттардың жəне қуаттың өзгеруіне əсер

ету арқылы, қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын, еңбектің өзінше объективтік жəне субъективтік дəлелдемелер жүйесін көрсетеді. Олардың заттық бөлшегі – топырақ, ауылшаруашылық дақылдар, жер техникасы, химиялық тыңайтқыштар жəне басқалары. Мелиоративтік – жер өндіргіш күштер – бұл мелиоративтік жер- лерден ауылшаруашылық өнімдерді өндіруге арналған, бір жалпы технологиялық мəселені шешетін, өте күрделі жан-жақты қамтылған табиғи-техникалық жəне жер-өндірістік зерзаттар жəне үдерістер. Оларды негізінен мелиоративтік қатынастар арқылы, өсімдіктердің талабының, оның өніп-өсу жағдайларымен үйлесу жəне қатынастық бірлігінің тəртіпке келуі секілді, үш бір-бірімен өзара əрекеттескен біршама дербес жүйе тобының біртұтас жиынтығы ретінде қарау

керек.


  1. Жер-өндіріс жүйе тобы мұнда жан-жақты қарастырылған

«топырақ-ауылшаруашылық дақылы» (агроэкожүйе) негізі бейне болып табылады.

Ауылшаруашылығы өндірісінің құрал-жабдығы ретінде топы- рақтың ең мəнді көрсеткіші (қасиеті) – оның құнарлығы, оны өнді- ріске неғұрлым көптеп пайдаланған сайын, өнеркəсіптегі жыл өткен сайын тозатын өндірістік құрал-жабдықпен салыстырғанда, оны дұрыс агротехникалық шаралар арқылы үнемі жақсартып жəне арт- тырып отыруға болады.



  1. Гидротехникалық мелиоративті жүйелер (ГМЖ) өндірістік

«тамырлы» (тасымалдығыш) жүйе тобына жататын мелиоративті

  • жер өндірістік күштерінің жүйесі болып табылады. Су «өндіріс жүйесі ретінде» гидротехникалық мелиоративті жүйедегі тасымал- дау кезінде, өте үлкен өзгеріске ұшырайды. Егер ол тасымалдау кезінде – еңбек құралы болса, ал шыға берісте (мысалы, суарғанда, оның топырақ ылғалына айналған кезінде), гидротехникалық жүйелерінің жұмыс істеу сапасының өнімі ретіндегі топырақ ылғалдылығының тəртібімен істес болатын өндірістік жүйе болып табылады. Енді топырақтағы ылғалдылық тəртібі басқа жүйе тобы- ның – агроэкожүйенің – жаңа ортасында қызмет ететін, өндіріс құралы ретінде іске кіріседі.

Тек қана қызмет атқару тəсілі (амалы) арқылы мелиоративтік жүйелердің құрамы мен ортасы, ішкі жəне сыртқы байланыстарын айқын анықтауға болады. Олардың құрылымына, шын мəнінде басқа мелиоративтік жер өндіргіш күштердің жүйе топтарына жататын бөлшектер мен байланыстарды кіргізбейді. Өнеркəсіптік техникаға қарағанда, ауылшаруашылық техникасының ерекше өзгешелігі, ол

тікелей егін шаруашылығында соңғы өнімді – ауылшаруашылық өнімінің органикалық затын өндірмейді. Бұл жер-өндіргіш күштерді жетекші бөлімге айналдыратын ауылшаруашылық дақылдардың ерекше артықшылығы. Сондықтан өнім – бұл гидротехникалық мелиоративті жүйелер жұмысының тікелей жемісі деп қабылдасақ, онда қателік жіберген болар едік. Мелиоративті жүйенің қызметі



  • ауылшаруашылық дақылдарының тіршілік етуіне қажетті негізгі дəлелдемелерді ықтималдау немесе үйлестіру арқылы, оны тұрақты мол өнім алу дəлелдемесіне айналдыру.

  1. Табиғи жүйе тобы табиғи-аймақтық жиынтық жүйесінің неме- се əртүрлі деңгейдегі мелиоративтік – жер өндіргіш күштерінің экожүйесін құрайды. Мелиоративтік жұмыс майданы болып сана- латын табиғи-аймақтық жиынтығын, осы жұмыстарға қарағанда, бейтарап жəне таза табиғаттың іргетасы ретінде қарауға болмайды. Экожүйенің барлық бөлшектері, заттар мен қуаттың айналымы арқылы жағымды немесе жағымсыз дəлелдемелер ретінде агроэко- жүйенің өндіргіш (өндіру) кезеңіне белсене қатысады. Сондықтан мелиорацияны өнімімен байланысқан, агроэкожүйедегі барлық кезеңдер (гидрогеологиялық, геохимиялық жəне тағы басқа), оның жұмыс істеуінің табиғи-өндіріс жағдайлары ретінде есептеліп жəне оны мелиоративтік – жер жүйесінің құрамына кіргізу керек. Қазіргі уақытта мелиоративтік алқаптар үлкен жерлерді қамтитындықтан, оның маңызды ғылыми-тəжірибелік мəселелер дəрежесіне, эколо- гиялық-мелиоративтік құрылымдарды, олардың байланыстық ба- ғынушылық жəне топтасу дəрежесін анықтау мəселесін ұсынады. Демек, гидротехникалық мелиоративті жүйелерінің құрылымдық ерекшелігін мелиоративтік экологияның, яғни жер мелиорациясының экологиялық талабын ескере отырып құруды қажет етеді.

Көрсетілген үш мелиоративтік-жер өндіргіш күштерінің жүйе тобы мелиоративтік жерлердегі ауылшаруашылық өнімін өндірудің технологиялық тəсілін құрастырады. Онда агроэкожүйе жетекші орын алып, мелиоративті жүйе жəне біртұтас табиғи-технологиялық жүйенің жұмысын өзіне бағындырады. «Топырақ-өсімдік» жүйесі технологиялық орындаушы құралы ретінде алға шықса, ал жүйе тобының ішіндегі жəне оның арасындағы байланыс, оның сапалы заңы ретінде қабылданады, яғни жер-өндірістік əрекет, агроэкожүйе мен мелиоративтік жүйелердің экологиялық заңдарына сүйенген өзара əсер заңы болып табылады. Осындай тұжырымның нəтижесінде келесі мелиоративтік білім құрылымының анықтамасын ұсынуға болады. Бұл мелиоративтік өндіргіш күштер, яғни жер өндіргіш

күштерінің бір бөлігі топырақтардағы топырақ түзуші кезеңдердің қолайлы тəртібін қамтамасыз ету жолымен, ауылшаруашылық дақылдарының талабына сай, олардың өсу жəне даму ортасының жағдайларын неғұрлым орынды үйлесу түрлерін ұйымдастыру ар- қылы, өте ыңғайлы пайдалы өнім алу жолын қарастыру.

Мелиоративтік білім құрылымының мəнін жəне шекараларын анықтау, мелиоративтік білімнің ерекшелігі мен құрылымы, мелио- ративтік ғылымды топтастыру туралы мəселеге айқындық беру- ге мүмкіндік береді. Мелиоративтік өндіргіш күштерін үш басты жүйелік топқа бөлу арқылы, ауылшаруашылық дақылдар талабы- ның негізгі салалық қатынастары ретінде, ортаның қасиеттерімен үйлестіру қатынастарын қарастыруға болады. Бұл қатынасты үйлестіру дəрежесі, жан-жақты қарастырылған мелиоративтік- технологиялық жиынтық жұмыс істеу мəнін құрайды. Бұл қаты- нас – мелиоративтік білім ортасындағы мелиорация табиғи құрылымдарының барлық бөлшектерінің болашақ интегралдық дəлелдемесі, оның бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі қағида. Бұл қағидалық пікірді негізінен мелиоративтік ғылымды бірыңғай топтастыруды қалыптастыруға тетік ретінде пайдалануға болады. Сонымен, (осының барысында) үйлестіру қағидалық пікірі, кемінде негізгі салалық мелиоративтік қатынасының үш бөлшегін белгілейді. Ол – ауылшаруашылық дақылдардың талаптары, өсім- діктердің мекен ету ортасының қасиеттері, орта қасиеттерінің ауылшаруашылық дақылдарының талаптарымен үйлесу қатынасы.

    1. Мелиорацияның пəні


Мелиорация, бар табиғи қуатты қорларға сай, топырақтың құнарлығын үдемелі арттыру жəне ауылшаруашылық дақылдардан тұрақты өнімді қамтамасыз ету үшін мелиорация жүргізілетін жерлердегі су, онымен байланысқан ауа қоректік жəне жылу тəртіп- терін реттеуге жəне бағытталған өзгертудің жолымен, қолайсыз табиғи жағдайларды (топырақтың ауа райының, гидрогеологиялық) түбегейлі жақсартуға арналған ұйымдастыру-шаруашылық жəне техникалық шаралар жүйесі болып табылады.

Мелиоративтік жерлердегі өсімдіктердің тіршілік ету жəне то- пырақты түзуші кезеңдердің негізгі дəлелдемелерін жан-жақты тұрғыдан реттеу мелиорацияның мақсаты емес, құралы, ал мақсаты



  • топырақтың құнарлығын үздіксіз арттыру. Бұл нағыз ақиқат, өйткені А.Н. Костяковтың анықтамасы бойынша, тану жəне іс-əрекетті бөліп

түсіну үшін – «мəселе-шешім», «мақсат-құралы» секілді қатынастың өзін, өте тереңнен қарау керек. Қойылған мəселе – қолайсыз табиғи жағдайлар; оның шешімі – осы жағдайларды түбегейлі жақсарту; мақсаты – жер қорларын неғұрлым тиімді пайдалану; құралы – ұйымдастыру шаруашылық жүйесі жəне техникалық шаралар.

Осы бөлімдерге сəйкес мелиоративтік білім құрамын, келесі мелиоративтік ғылым топтарын бөліп көрсетуге болады:



  1. Агробиологиялық ғылым бөлігі агроэкожүйедегі ауылшаруа- шылық дақылдарынын тұрақты жəне мол өнім алуды қамтамасыз ететін, мелиоративтік жер-өндіргіш күштерінің жетекші бөлімшесі ретіндегі, «топырақ-өсімдік» жүйесінің жұмыс істеуін жəне дамуын қамтамасыз ететін-мелиоративті топырақтану, мелиоративтік егін шаруашылығы, агрохимия, мелиоративтік география жəне басқа пəндердің жиынтығы.

  2. Жаратылыс-тарих (табиғат) ғылым бөлігі – қоршаған орта- ны ауылшаруашылық мелиорациясының табиғи құрылымы ретінде зерттейтін – гидрогеология, гидроморфология, топырақтану, эколо- гия, геология, егін шаруашылығы, ландшафтану, метеорология, кли- матология жəне басқа пəндер.

  3. Инженерлік-техникалық ғылым бөлігі – мелиоративтік жүйені (МЖ) жобалау, құру, салу жəне пайдаланумен байланыс- ты ауылшаруашылық гидротехникалық мелиорациясы, геодезия, іргетас жəне негізі, инженерлік конструкция, гидротехникалық құрылым, мелиоративтік машиналар мен механизмдердің теориясы жəне басқа пəндер.

  4. Əлеуметтік-экономикалық ғылым бөлігі – мелиорация эконо- микасы, басқару теориясы, статистика, инженерлік психология, ин- женерлік эстетика жəне басқалары. Бұл барлық пəндер жиынтығы біршама дербестікке ие болып, сонымен қатар оны ұйымдастыруды жалпы қағидалық бірлескен, мелиоративтік білімінің біртұтас алқа- бын құрайтын бөлігі жəне үзіндісі болып саналады.

Сонымен, мелиоративтік білім – бұл ауылшаруашылық мелио- рациясы арқылы мелиоративтік – жер-өндіргіш күштерді жетілдіру негізінде ауылшаруашылық дақылдарын талаптарына сай ортаның қасиеттерін үйлестіруге мүмкіндік беретін, жаратылыс, техникалық жəне қоғамдық ғылымдардың бірыңғай жиынтығы.

Мелиоративтік білім бірыңғай жеке білімдердің жинағы бо- лып, күрделі ішкі құрылымға ие. Ол біріншіден, мелиоративтік пəндер бейнелейтін, материяның қозғалысын анықтайтын белгілі əсерлердің түрі жəне екіншіден, ауылшаруашылық мелиорация

ғылымының бірыңғай саласына барлық мелиоративтік пəндерді біріктіретін, интегралдық бағыттағы – мəселелердің қағидалық ерекшелігінің ықпалымен пайда болады. Материяның қозғалысына, түріне сай ауылшаруашылық топырақтану тарауының салалық негізі – физика, химия, топырақ биологиясы болып табылады. Басқа жағынан, егін шаруашылығының заңдарын пайдалануға негізделген, ауылшаруашылық тəжірибесінің өзі, материя қозғалыс нұсқасымен бірқатар өзара байланысқан жəне бір-біріне өтпелі мақсаты қайта құру, одан басқа ешнəрсе де емес. Мелиорацияның негізгі өндіргіш мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, топырақтың су, тұз, қоректік жылу жəне басқа режимдерін үйлестіру – осындай қайта құрудың көрнекті мысалы. Материяның қозғалыс нұсқасы – ғылымдарды салалық дифференциялаудың негізі; олардың бірлігі мен тұтастылығы – олардың топтасуының негізі.

Жалпы мелиоративтік білім пəні зерттеу табиғи құрылымдардың өзінің табиғатымен ғана емес, сонымен қатар мелиоративтік ғылымының көмегімен шешілетін, ауылшаруашылығының іс- жүзіндегі мəселелерінің құрылымы.

Мелиоративтік пəндердің ерекшелігі – олардың тəжірибелік- құрылымдылық іс-əрекетпен тығыз байланыста отырып, іс-жүзінде қолданбалы ғылымдық зерттеулердің тобына кіруінде. Олар іргелікті (негізділікті) теориялық зерттеулер саласының жəне іс-жүзіндегі əрекет кеңістік ортасының арасындағы аралық орынды алады.

Мелиоративтік білімнің жалпы ғылым тобындағы орнын анықтаған кезде жалпы теориялық, сонымен қатар олардың жал- пы пəндерінің жеке тəжірибелік ұйымдасу қағидасын ескеру қа- жет. Ауылшаруашылық мелиорация тұтас алғанда іс жүзінде қолданылатын ғылым бола отырып, ол теориялық жəне қолданбалы бөлімдерден тұрады. Өсімдіктердің талаптарының, олардың тір- шілік-əрекет ортасының қасиеттерімен үйлесу заңдар – мелио- ративтік білімнің теориялық жағы, осындай үйлесудің əдістері мен тəсілдері, яғни оның қолданбалы бөлігі.

Сонымен мелиоративтік білімнің байланысы, бір жағынан ме- лиоративтік білімнің іргелі ғылымдар – метематика, механика, фи- зика, химия, метеорология, геология, топырақтану, биология жəне əлеуметтану саласымен ұласуымен қатар, басқа жағынан қарағанда


  • ауылшаруашылығының саласы ретінде, ауылшаруашылық ме- лиорациясының даму мəселесімен тығызаралық байланысты көр- сетеді. Мелиоративтік білім өсімдіктердің тіршілік ету ортасы туралы қолданбалы ғылымының тобы арқылы теориялық метео-

рология жəне геологиямен ұштасады; бір-бірімен шектес агро- биологиялық ғылымдар арқылы – теориялық биология жəне топырақтанумен; əлеуметтік-экономикалық ғылымдар арқылы

  • саяси экологиямен жəне басқа қоғамдық ғылымдармен байла- нысты. Осы байланыстардың себебі, бағыты жəне түрлері негізінен мелиорацияның зерттеу жəне тəжірибелік мəселелерінің ерекше- ліктеріне мазмұнды қарқын береді.

Мелиоративтік «жер-өндіргіш» күштерінің дамуы мелиорация- ның тəжірибесіне қатысатын барлық ғылымдарға елеулі ерекшілік алып келеді. Осының нəтижесінде бір-бірімен шектес биология- лық, агрохимиялық жəне агрономиялық ғылымдарға жататын, ауылшаруашылық өсімдіктердің анатомиясы, физиология, биохи- мия, генетика, селекция, тұқым шаруашылығы, энтомология, фи- топатология жəне басқа ғылымдардың зерттеу тақырыбын елеулі кеңейтетін мелиоративтік мəселер пайда болады.

Мелиоративтік білім жинағында негізгі жəне болмашы деген жоқ. Ұсыныстың біреуін болса да елемеу, даусыз сала жұмысының тиімділігінің төмендеуіне соқтырады. Сондықтан өнім жəне өнімді- лік бұл тек қана ауылшаруашылық дақылдардың қызметі ғана емес, ол мелиоративтік – «жер өндіргіш» күштері жұмысының жалпы ба- лама көрсеткіші, оларға қызмет етуші мелиоративтік ғылымдардың бағасы екеніне ерекше көңіл аудару қажет.

Мелиоративтік ғылымның іргетасты ғылымдармен байланыс- тарын бақылау жəне оны тұрақты нығайту, сонымен қатар мелио- ративтік ғылымдардың ішіндегі теориялық жəне қолданбалы жақта- рын жетілдіру – ауылшаруашылық мелиорациясындағы тəжірибелік мəселелерінің ғылыми шешімдерін іздеуге жағдай тудырады. Мелиоративтік ғылымның жалпы білімнің тобындағы орнын талдау, одан жаңа ой табатын, өзінің зерттеу қағидаларын жəне əдістерін, жер мелиорациясының мақсаттарын шешудің жаңа құрылымдық- техникалық жолдарын құрастыратын, теориялық қайнар көздерін ашуға көмектеседі. Топтастырудың тəжірибелік мағынасы үлкен: мелиоративтік білімнің тікелей өндіргіш күшіне айналудың жаңа жолдарын белгілейді, саланың ғылыми-техникалық дамуының та- бысын қамтып көрсетеді.

Ауылшаруашылық мелиорациясының дамуының сапалық жаңа кезеңі – сыртқы ортаның өсімдік жəне топырақ үшін барлық маңызды жағдайларды инженерлік əдіспен түбегейлі жақсарту тео- риясы жан-жақты қамтылған мелиорация болып табылады. Тікелей басқару арқылы əсер ететін зерзат тек қана топырақтың су тəртібі

емес, сонымен қатар тұз, жылу, қоректік жəне ауа тəртіптері, ал біртұтас алғанда агрожүйедегі жəне ауылшаруашылық дақылдар- дың денесіндегі морфофизиологиялық кезеңдер болып табылады. Негізгі мелиоративтік қатынас немесе үйлесу қатынасы, бөлшектерді зерттеу бағдарламасын іске асырудың басты бағытын жəне кезеңін анықтайды, оның соңғы мақсаты – жан-жақты қарастырылған мелиорацияның технологиялық кезеңдерін автоматтандыру жүйе- мен басқаруды (АСУ) құру. Оның нəтижесінде өсімдіктің жəне топырақтың тіршілік ету жағдайларын басқару шарасы жаңа сапа- лы дəрежеге келтіріледі, ал «жер өндіргіш» күштерінің жұмыс істеу жəне тұтас алғанда табиғи-экологиялық жүйелердің шекараларын- да болатын табиғи кезеңдеріндегі апатқа ұшырау қарқынын елеулі төмендетеді.

Сонымен, ауылшаруашылық мелиорация ұғымы өзінің көлемін ұлғайтты, мазмұнын тереңдетті, себебі гидротехникалық мелиора- ция жан-жақты қарастырылған мелиорацияның интегралды үзіндісі немесе құрама бөлігі болып шықты.

Жан-жақты қарастырылған мелиорацияның дамуының арқасын- да мелиоративтік білімнің теорияландыру кезеңі едəуір күшейеді. Оның құрамында іргелі дербес теориялық зерттеу дəрежесінің пайда болу бақыты айқындала түсті. Осы зерттеулерді мазмұны мелиоративтік емес теориялық ғылымдармен байланысын күшейтті. Осылар арқылы іргелі ойлар тасымалданып, қазіргі ғылымның ой- лау мəнері құрастырылды. Теориялық бетбұрыс кезең, жүйелі тал- дау, математикалық бейнелеу, ықтималдықтар əдістері, басқарудың үйлесімді теориясы жəне тағы басқа осы секілді зерттеулердің жаңа жалпы ғылыми əдістерінің бірсыпырасын пайдалану арқылы күшейтілді. Жан-жақты қарастырылған мелиорация шешетін мəсе- лелер шеңберінің кеңеюінің нəтижесінде, өзіне биофизиканы, био- химияны, микробиологияны, биокибернетиканы жəне тағы да басқа жаңа ғылыми пəндерін кірістіріп, оның қағидасы жəне біршама үйлесімді белгілер есебін шешуге арналған заңын қатыстыру арқылы, өсімдік физиологиясы мен теориялық биология арасындағы байланысын қайта құрды.

    1. Мелиорация – табиғатты үйлестіру кезеңінің құралы


Ауылшаруашылық мелиорациясы – бұл, біріншіден, қолайсыз табиғи жағдайларды жақсарту мақсатында табиғи ортаны үйлестіру əрекеті жəне екіншіден, осы əрекеттің құбылыстары, үдерісі жəне нəтижесі. Мелиорация мəселелерін шешуге көптеген ғылыми пəндер, зерттеулердің теориялары жəне əдістері қатысады. Соның ішінен біз агробиологиялық, жаратылыс-табиғи, инженерлік-техни- калық жəне əлеуметтік-экономикалық пəндерді табамыз, яғни олардың ішіндегі кейбір пəндер мелиорацияның зерзатын жəне мəнін бейнелейді. Мысалы, физикалық географияның көзқарасымен

«Мелиорацияның нағыз табиғи құрылымы ақыр аяғында өзара байланысқан бөліктерінің диалектикалық бірлігі ретіндегі табиғи жергілікті құрылымы (ТЖҚ) болып табылады, ол мелиорацияның мəнін жəне су айналымына, биологиялық бөлшектердің, соның ішінде геохимиялық ерекшеліктердің жұмыс ісін құрайды».

Сонымен, табиғи-жергілікті құрылым мелиоративтік үдерістерді күшейтетін географиялық кеңістіктің уақыт алаңы болып саналады. Ауылшаруашылық мелиорациясы – кеңістікте жүйелерді құру үшін ғылыми-техникалық бағдарламалардың жинағын қолданудың көрнекті мысалы, онда өндірістік үдерістер белгілі географиялық өлшемде, қоршаған ортаның «өзін тазарту» құбылысымен тең ке- леді. Олардың ерекше белгісі мақсаты – дəлме-дəл тұжырымдау арқылы оған жету үшін, қоршаған ортаның талабына сəйкес, оның қорларын неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында, қолайсыз табиғи (гидрологиялық, топырақ, агроклиматтық) жағдайларды түбегейлі

жақсарту мəселелерінің өзара байланысқан жиынтығын шешу.

Өсімдіктердің географиялық таралуы олардың күн сəулесін жəне жылу қорының шамасына байланысты өсіп-жетілуі жағдайларының мүмкіншілігі арқылы анықталады. Ал, топырақтың табиғи жағдай- дағы ылғалдану дəрежесінің, салыстырмалы географиялық аймақты- лық заңдылығына бағынатын маңызды қасиеті.

Сонымен, бірге жылу мен ылғалдың шамаластығы, егілетін өсім- діктердің өсіп-жетілуіне қолайлы болып, оның үйлесімдік қорының жағдайын анықтайды. Сондықтан «топырақ-жылу» ауа райының өл- шемдік көрсеткіші, суғарылатын жерлердің топырақ жағдайларының ылғалмен қамтамасыздануы, өсірілетін өсімдіктердің топырақ жы- луына, ылғалына, қорегіне жəне тұз тəртібіне қойылатын талабы көзқарасындағы салалы мəселелерді шешуге арналған, оңтайлы

есептеудің сапалық мəні болып табылады. Мелиорацияның негізгі міндеттерінің бірі – «топырақ-өсімдік жəне ауаның жерге жақын қабаты» жүйесіндегі өсірілетін өсімдіктердің физиологиялық талапта- рына жақындату мақсатында табиғи ауа райының жағдайларын қолдан өзгерту. Мелиорацияның əсерінен сыртқы ортадағы қолайлы өзгерістер топырақ құнарлылығының артуына, микроклиматтың жақсаруына, топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатында өсімдікке қажетті ылғалдың, қоректік жиналуына əкеліп, өсімдіктердің өсіп-өну кезеңін ұзартуға жəне оның нəтижесінде далалық өсімдіктерден қосымша өнім алуға мүмкіндік береді.

Сыртқы орта жағдайының уақытша жəне кенет өзгеруі (ауа мен топырақ құрғақтылығы, жауын-шашынның үдемелігі), өнімінің қалыптасуына сөзсіз əсер ететін құбылыс жəне ол өсімдіктің əлсі- реуіне əкеліп соқтырады. Сонымен қатар, топырақта қоректік заттар құрамының біреуінің жетіспеушілігі, мысалы, қуаңшылыққа азот көміртегінің тапшылығын тудырады. Керісінше, азоттың молшы- лығынан, аммиактік улануға байланысты гүлдің аталығының көп байланбауына жəне клеткалардың жыныстық бөлінуі əдеттегідей өтуінен ауып кетуі байқалады. Макроэлементтер – калий азот, фос- фор жəне микроэлементтер – мыс жəне əсіресе бор өсімдіктердің қиын-қыстау кезеңіндегі тіршілік əрекетіне едəуір əсер етуі мүмкін. Мысалы, калий өсімдіктің өткізгіш жүйесінің үлкеюіне əсер ете ала- ды. Сонымен қатар, қиын-қыстау кезеңде жəне астық тұқымдастарды баптау сатысында фосфорды енгізу өнімнің сақталуына жағымды əсер етуі анықталған. Сөйтіп, табиғатты, сонымен қатар жер мели- орациясында, тілек пен мүмкіндік арасындағы үйлеспектік болма- уы, агромелиоративтік шаралардың əлсіз болған көрсетеді, ол бір немесе бірнеше жағдайлардың қиын-қыстау мəніне жеткен кезінде ерекше сезіледі. Сонымен қатар, топырақ мелиорациясы саласының ғылыми-техникалық деңгейі жəне жетістіктері, жоғары сапалы өнім алуға жəне топырақтың жаратылыс заңдылықтарына сай дамуына қажетті қорларды анықтауға мүмкіндік береді. Агромелиоративтік ғылым тұрғысының негізінде, осы қорларды жұмылдыру, сыртқы ортаның үйлесімді, физиологиялық тарапынан қолайлы жағдай- ларды туғызуымен байланысты, бұл кезде өсімдіктер өзінің тірішілік қызметін өсу жəне биологиялық салмақты жинауына, өзінің қалып- тастыру мүшелерін дамытуына, ал көп жылдық өсімдіктердің бұдан басқа, өзінің тіршілік ету кезеңін аяқтап, тіршілік əрекетінің жаңа кезеңін бастауына мүмкіндік береді.

2–1125 17

Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары жəне тұрақты өнім- дерді алу жəне топырақтың құнарлығын арттыру мақсатында, таби- ғатта өсімдіктердің негізгі тіршілік ету жағдайларының жинағын үйлесімді басқару технологиясын құру мəселесін шешу, мелиора- тивтік табиғи құрылымдардың сыртқы ортасының дəлелдемелерін басқару теориясын тереңдету, табиғи құрылымдардың кезеңдерін ұғынуды кеңейту, өсімдіктің негізгі тіршілік ету жағдайын үйлесімді басқару пікірін озық технологияға дейін жеткізу, мелиоративтік құрылымдардың табиғи кезеңдерін мақсатты басқару арқылы, сыртқы ортаның дəлелдемелерін үйлесімді басқару жəне реттеудің техникалық шешімдерінің негізгі шарттарын құруды қажет етеді.

Сыртқы ортаның үйлесімді басқару жағдайларының техноло- гиясын жете зерттегенде «топырақ-өсімдік-атмосфера» (1-сурет) жүйесіндегі, сонымен қатар өсімдіктің өзінің өсуіндегі барлық қыз- мет істеу негізін анықтайтын, тұрақты əсер ететін белгісі үшін уақыт дəлелдемесінің зор маңызы бар.

Үйлестірудің бастапқы дəлелдемесі ретінде су, жылу, қоректік, ауа, фитоклиматтық дəлелдемелерді қабылдау керек, олар өсімдіктің физиологиясы тұрғысынан негізгі тіршілікке қажетті дəлелдемелер болып табылады. Жоғарыдағы ерекше атаған дəлелдемелермен бірге, уақыт дəлелдемесін қосымша енгізу ауылшаруашылық жер мелиорациясы жағдайындағы топырақта, өсімдіктерде, атмосфера- да өтетін үдерістерді жəне құбылыстарды көзге елестетіп, терең түсінуге мүмкіндік береді.






  1. сурет. Өсімдіктің өмір сүру қызметінің негізгі дəлелдемелерінің желісі

Бəрімізге мəлім, табиғи ортаның өзгеруінің үдемелігі, сонымен қатар табиғи құбылыстардың ретсіздігі уақыт сайын өсіп отырады. Уақыт дəлелдемелерін басқара отырып, дербес табиғи аймақтардың жағдайларындағы өсімдіктердің өсуі мен дамуын жəне топырақты түзуші үдерістердің мелиоративтік зерзатқа жоғары дəрежеде қолай- лы жағдайлар туғызуға болады.

Агроландшафттардың топырағының мелиоративтік тəртібін рет- теудің кешенді бейімделген əдістемесі – ол, біріншіден, адам өмір сүретін ортаның қызметін ықтималдау үшін агроландшафттардың талап-тілегіне сай, табиғаттың ресурстарын тиімді пайдалану мақса- тындағы, бір жағынан табиғаттың ыңғайсыз жағдайын жақсарту бол- са, екінші жағынан эволюцияның заңдылықтарына сай топырақтың даму жүрісін мақсатты бағытта реттеу жəне екіншіден, бұл құбылыс, жүріс жəне осы қызметтің нəтижесі туралы ілім, ол география жəне мелиорация секілді екі ғылымның түйісінде дамиды.



Бұның негізі – табиғи жүйенің заңдылықтарын мойындау (А.И.Голованов, В.В. Шабанов, 2001):

  • ашықтық – жүйе барлық уақытта қоршаған ортамен қуаттық алмасу арқылы өмір сүруі мүмкін;

  • біртұтастық жүйенің жеке бөлшектерінің бір-бірімен байла- ныстылығы жəне бір-бірімен тұтастығы;

  • қызмет етуі – жүйеден тыс жəне жүйемен жаналай салмақ жəне қуат алмасу;

  • динамикалық – жүйенің құрлысын қайта құрмай тұрғандағы‚ əртүрлі кезеңдік өзгеріп отыратын əсерлердің нəтижесінде‚ өзінің орнына қайта келу мүмкіншілігі‚ яғни өте аз уақыттағы əсердің нəтежесінде өзінің қаситетін сақтап қалуы;

  • биологиялық салмақты өндіруі – бұл жүйенің өте қажетті қасиеті‚ ол арқылы күннің қуатын пайдаланудың нəтижесінде орга- никалық заттардың таралуын қамтамасыз етеді;

  • топырақтың пайда болу мүмкіншілігі – ландшафтың өте ерекше қасиеті‚ ол арқылы тірі денелер жəне олардың литосферадағы қалдықтарының арқасында ерекше табиғи дене пайда болады;

  • құрылымдылығы жүйе кеңістік-уақыт аралығында өзін-өзі тəртіпке келтіру мүмкіншілігі;

  • орнықтылығы – ішкі ортаның‚ оның ішінде табиғи-техника- лық əсердің арқасында өзінің құрамын сақтап қалу мүмкіншілігі;

  • даму мүмкіншілігі – жүйе эволюциялық өзгеріске түсіп оты- рады‚ оның қайтып орнына келе алмайтын бағытта өзгеріске түсіп‚ түпкілікті құрылымдық қайта құру арқылы жаңа геожүйенің пай-

да болуы‚ оның өзгеріске түсу жылдамдығы жүйенің табиғи даму жылдамдығына сай болмайды;

  • табиғи құбылыстардың тура еместігі қуаттың жəне заттың алмасуы барлық уақытта өшу жылдамдығына сай жүруі‚ ол жүйенің орнықтылығын қамтамасыз етеді;

  • эволюция – жүйенің құрылысы мен оның жеке бөлшектерінің өзгеруіне байланысты‚ өзгеріске түсуі;

  • күтпеген жүйенің пайда болуы жүйенің бұрынғы қасиетімен өзгеріске түскен қасиетінің сай келмеуі;

  • бөлшектердің əртүрлі болуының қағидасы кез келген жүйе біркелкі бөлшектерден тұруы мүмкін емес‚ олардың қызмет етуі үшін əртүрлі бөлшектерден тұруы қажет;

  • біркелкі емес қағидасы – тірі денелердің қатысымен қызмет ететін жүйе‚ барлық уақытта ашық болады‚ сондықтан оларға тəн қуаттың жəне заттың түсуі жəне ағыны болуы қажет‚ ол жүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді;

  • табиғи жүйенің бөлшектерінің кеңістікте өзгеру қасиеті қайсыбір заңдылықтарға бағынбай, табиғи жүйенің қасиеті нүктеден нүктеге дейін өзгеріп отырады;

  • табиғи жүрістердің түзу еместігі заттың жəне қуаттың тасы- малдануы жəне алмасу ылғида баяулататын жылдамдықпен жүреді. Сонымен бірге айрықша атап өту керек, егіншілік өндіріс күшін құру кезеңіндегі мелиорацияның əсер ететін нысаны жəне өндіріс құралы топырақ болып табылады жəне ол ландшафттық жүйенің кез келген деңгейінде, табиғи жүйенің бөлшектерін байланысты- рушы жəне тұрақтылығын қамтамасыз ететін, негізгі сапа ретінде қатысады. Топырақ, өсімдік жамылғысымен бірге, тектоникалық емес үдерістермен салыстыруға болатын, табиғи жүйеге түсетін қар-

қынды қысымдарға кедіргі болатын қызмет атқарады.

Топырақтың құрылымдық жағдайынан белгілі, ол үш ортамен: атмосфера, литосфера жəне гидросферамен байланыста болған- дықтан, белсенділікті, əртүрлілікті жəне күрделілікті сипаттайтын, мұнда биохимиялық реакциялар жəне айналымдар, сонымен қатар еш жерде кездеспейтін байланыстар жүреді.



Топырақтың бұл табиғи ерекшелігі, топырақтың даму үдерісін, эволюция заңына сай мақсатты реттеген кезде, ландшафттардың экологиялық орнықтылығын жəне биологиялық өнімділігін қалпына келтіруге жəне тұрақтандыруға мүмкіншілік береді.

Бұл ретте, адамзаттың қызметінің тарихи даму жəне қалыптасу кезеңі көрсеткендей, табиғатты үйлестіру – барлық тарихи кезеңде, адам жəне табиғаттың арасындағы қарым-қатынастық қызмет ре-

тінде дайындалған жəне адам мен табиғаттың тіршіліктерінің ара- сындағы мəселелерді шешудің дұрыс бағытына алып келетін, ешбір саясаттық, экономикалық, экологиялық жəне əлеуметтік мə- селелермен шектелмейтін, əлемнің біртұтас байымдарының диалек- тикалық философиялық дамуын куəландырады.

Сондықтан табиғатты үйлестіру, жоғары дəрежеде бір-біріне жақындасқан жаңа ілімді қажет етеді жəне іргетасты ғылым сала- сына жаңа мəселелер қоя отырып, нақты жəне нақты емес табиғи денелердің ішіндегі біркелкі емес, сызықтық үдерістерге жатпай- тын құбылыстарды ескере отырып, табиғи-техногендік жүйелердің қызметін бағдарлауды жəне үлгілеуді қамтамасыз ететін, үдерістер туралы жаңа ілімді құрастыру қажет.



Р.М. Орловтың (2005), табиғат жəне табиғатты үйлестіру қызме- тіндегі бірлесіп даму немесе экологиялық эволюция туралы ірге- тасты түсініктемесінің негізінде құрылған, адамның егеменді (қы- зығушылығымен) мүрдесінің, табиғаттың егеменді «мүрдесін» («қызығушылығын») үйлестіру мақсатынан туындайтын тірекесу, Н.Ф. Реймерстің (1994) табиғатты үйлестіру, В.В. Шабановтың (2003) табиғи жаңғыру жəне адамгершілік қағидалары, табиғат қо- рын пайдаланудың негізгі қағидаларын құрайды:

  • біртұтастық қағидасы – үйлестіруге немесе пайдалануға түсетін табиғи нысандарды, əртүрлі денгейдегі геологиялық жүйе секілді біртұтас қарастырады, яғни бір мақсатта дамитын, барлық табиғи бөлшектердің жиынтығы;

  • тепе-теңдікті сақтау қағидасы – шаруашылық қызмет атқа- рылатын аймақтың қоры жəне табиғи жүйенің экологиялық-эко- номикалық мүмкіншілігіне сай келуі керек;

  • табиғи ұқсастық қағидасы: табиғатты қайта үйлестіру жəне қорды пайдалану бағыты жəне технологиясы, табиғи бөлшектердің қызметі мүмкіншілігінше табиғи үдерістер жаңғыртады;

  • əртүрліліктің қажеттілік қағидасы – табиғи қорды пайда- лануға арналып адамның құрастырған табиғи-техногендік жүйесі, өзінің құрамы жағынан барынша əртүрлі болуы керек;

  • айналымның бір-біріне сай келу қағидасы – заттар жəне қуаттың табиғи жəне табиғи техникалық қысымның арқасындағы айналымның өте жақсы қатынастық мəнін табу;

  • алдын ала сезу қағидасы – табиғатты пайдалану жəне үйлес- тіру жобасы, басқару қызметінің əсерінен өзгеріске түсетін табиғи жүйенің қызметінің əсерінен туындайтын экономикалық, эколо- гиялық жəне əлеуметтік жағдайды сипаттайтын, көп жылдың нақты мəліметтердің негізінде жүзеге асырылуға тиісті;

  • бір уақыттағы тиімділіктің жəне қауіпсіздіктің ұстаным- дылық қағидасы – тиімділік еңбектің жəне өнімнің көлемінің өсуі көрсететін экономикалық болуы мүмкін, ал əлеуметтік – тұрғын- дардың өмір сүру денгейі, олардың денсаулығы жəне көрсетілген қызмет атқарулардың көлемімен сипатталса, экологиялық тиімділігі адамның өмір сүру ортаның сапасы жəне қорошаған ортаның орнықтылығымен бағаланады;

  • білімді біріктіру қағидасы табиғатты пайдалану жəне үйлес- тірудің, инженерлік-техникалық шараларды негіздеуге қолданатын қызметтің түрлері, табиғат туралы ғылымды, əлеуметтік-экономи- калық жəне қолданбалы ғылымдарды қамтитын, жыинақталған тəжірибенің нəтижесінде қол жеткізген меншікті түсініктерге сүйен- ген жəне басқа ғылыми бағыттармен бірлескен, өзінің ғылыми жеке жүйесіне ие болуы керек;

  • адамгершілік қағидасы – кейбір жеке еркіндіктегі сезімнің тəуелділігінің ортақ еркіндікке байланыстылығын сезетін, яғни адамның ішкі дүниесінің табиғатқа жақсылық жаса жəне жамандық жасамау керек деген шешімі, адамның өз əрекеті үшін ұялмайтындай, адам жəне табиғаттың арасындағы қарым-қатынас жүйесі ретінде қарастырылады;

  • табиғаты пайдаландыру жəне үйлестірудің кешенді қағи- дасы – əртүрлі мақсаттағы жерлерге əртүрлі мəдени ландшафттар- ды құру үшін адамның қызметі ғылыми негізде де адамның жəне табиғаттың мүдделеріне ыңғайластырылуы қажет.

Жоғарыда келтірілген табиғатты қайта үйлестіру жəне пайдала- нудың қағидаларын сақтаған кезде, табиғатты үйлестірудің мəселе- сі айқындала түседі, яғни бірінші кезекте жаңартылмалы табиғи (топырақ, су қоры, биологиялық топтар) қорларды молайту, эко- логиялық жағдайды жақсарту жəне əлеуметтік-экономикалық мə- селелерді (ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін жəне орнық- тылығын) шешу.

Өсімдіктердің негізгі тіршілік ету дəлелдемелерін жан-жақты реттеу негізіндегі, табиғи зерзатының бейнесін немесе нышанын құру, табиғи кезеңдегі жұмыс істеудің тапсырылған белгіге лайық, өсіп-өндірілетін ауылшаруашылық дақылдардың талаптарына сəй- кес жан-жақты қарастырылған мелиорациясын басқаруға, ауыл- шаруашылық дақылдарға топырақ жағдайын жəне қоршаған ортаның əсер ету заңдылығын анықтауға, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен, мелиорацияның тиімділігін қамтамасыз ету үшін

өндірістік қызметті орындауға арналған бастапқы геожүйелерді, теңгерменің бағытында жылжытуды болдыратын жəне ландшафты лайықтандыруға бағытталған үрдістермен табиғи ортаға əсер ету арқылы жүзеге асырылады, ал ол табиғаттың қоғамға əсерін көр- сетеді. Бұл мелиорацияның тек қана геожүйенің ерекшеліктерін өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар өзі де оған ыңғайланады не- мес үйлеседі. Ал кейде өзінің шаруашылық бағытына қажетті тəжірибелік іс-əрекеттеріне шек қойып, табиғи ландшафттардың дербес жəне мінездік ерекшеліктеріне, іс-əрекетімен бейімделеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет