Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Ауылшаруашылық дақылдарын суғару тəртібі



бет8/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)

Ауылшаруашылық дақылдарын суғару тəртібі

  1. Суғару мөлшері



Жоғарыда көрсетілгендей, суғаруды мөлшерлеудің негізгі мақса- ты топырақ қабатындағы ылғал қорын өсімдіктің өсіп-өну кезеңінде оңтайлы шамасына жақын ұстап тұру. Бұған өте тез қол жеткізуге болар еді, егер жетіспейтін судың шамасын топырақ қабатына бір рет қорлаумен шектелетін болсақ. Бірақ топырақтың белсенді қабатының суды ұстап тұру ерекшелігі оны орындауға мүмкіншілік бермейді, себебі оның шамасы суды тұтынудың жетіспейтін мөл- шерінен бірнеше есе аз болады.

Өсімдіктің өсіп-өнуі кезіндегі суды тұтынудың жетіспейтін ша- масын толтыру үшін белгілі бір мөлшерде суды көп рет қайталап беру арқылы топырақтың ылғал қорын толтырып отыру керек. Олардың қосындысы жетіспейтін су қорының шамасын (суғармалу мөлшерін) құрауға тиіс. Осыған байланысты мынаны білу қажет: егіндікке өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңінде қанша су беру керек жəне бір рет оның қандай шамасын берген жөн.

Бір гектар егістік жерге бір рет суғарғанда, қандай көлемде су беру керек екендігін білу үшін – топырақтың көлемдік салмағы (γ, m/м3); ауылшаруашылық дақылдарының тамыр жүйесінің мінездемесі не- месе есепке алынатын топырақ қабатының қуаты (H, м); төменгі ыл- ғал сыйымдылығына сай келетін топырақтың ылғалдылығы (βнв), топырақты суғарар алдындағы төменгі ылғалдану шегі (β0) туралы мəліметтер қажет.

Суғару мөлшері деп бір гектар егістікке бір рет суғарған кездегі топырақтың белсенді (немесе есепке алынған) қабатын оның төменгі ылғалдану дəрежесіне сай қамтамасыз ететін су көлемінің шамасын айтады жəне оны мына өрнек арқылы анықтауға болады:



m = Wнв W0 = 100 · γ · Hнв – β0).

Жалпы суғару мөлшерін анықтауға арналған А.Н. Костяковтың өрнегіндегі төрт көрсеткіштің екеуі – яғни топырақтың көлемдік салмағы (γ, m/м3) жəне топырақтың төменгі ылғал сыйымдылығы (βнв) – егістік жердің топырағының су-физикалық қасиетін, ал ауыл- шаруашылық дақылдарының тамыр жүйесінің мінездемесі немесе есепке алынатын топырақ қабатының қуаты (H, м) жəне топырақтың суарар алдындағы төменгі ылғалдану шегі (β0) ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшелігін сипаттайды.

Бұл анықтаманың негізінде егістікті суғарған соң топырақ қаба- тында болатын су қорының шамасын есептеуге болады. Ол үшін өсімдіктің тамыр жүйесінің динамикалық дамуын есепке алып оты- ру қажет.

Егер өсімдіктің тамыр жүйесінің əсері дақылды еккен кезде бол- маса, ал оның өмір сүруіне қажетті дəлелдемелер жеткілікті бол- ғанда, оның тамыр жүйесі тəулігіне 5-10 мм жылдамдықпен өседі жəне сонымен қабат топырақ қабаты арқылы сумен қамтамасыз ету дəрежесінде өседі. Топырақ қабатының ылғалдығын реттеу үшін өсімдіктің өсіп-өнуінің бірінші кезеңінде топырақ қабатының 30-

40 см қалыңдығын ылғалдандырып отыру қажет, ал өсіп-өнудің екінші кезеңінде, шамамен тамыр орналасатын қабаттың жарты қалыңдығын ылғалдандырған жөн. Өсімдіктің тамыр жүйесінің белсенді қабатының жоғарғы қалыңдығы 1.0-1.2 метрден аспайды.

Ауылшаруашылық дақылдарының тамыр жүйесінің қуаттылы- ғын мына өрнек бойынша анықтауға болады (Ж.С.Мұстафаев, 1989):



H(Ti) = ν · Zek {1 – exp[– (2 · T(mi))/Tk]2},

мұнда, H(Ti) – тамыр жүйесінің қуаттылығы, м; ν – бірден үлкен өл- шемдік көрсеткіш, мына жағдайды қамтамасыз ететін: егерде T(mi)

= Tk тең болса, онда Zн=Zek тең, өлшемдік көрсеткіш; Tk есепке

алынған кезеңнің ұзақтығы, тəулік; T(mi) – нақты есептеу кезеңінің ұзақтығы, тəулік.



Қазақстан, Қырғызстан жəне Өзбекстанның суғармалы егістік алқаптарындағы жүргізілген ауылшаруашылық дақылдарының суға- ру тəртібін зерттеуге арналған ғылымдық еңбектердің нəтижесін жан-жақты талдау жəне статистикалық өңдеу арқылы ν, Zek жəне Tk мəні табылған (6-кесте).

ν, Zek жəне Tk өлшемдік көрсеткіштердің мəні

6-кесте


Дақылдар

Өлшемдік көрсеткіштер

ν

Zek, м

Tk, тəулік

Дəндік дақылдар

1.33

0.90

100

Жүгері

1.33

1.00

100

Қант қызылшасы

1.00

1.00

120

Жоңышқа

1.01

1.20

120

Картоп

1.00

0.80

120

Көкөніс

1.06

0.07

120

Бұршақ

1.14

0.70

120

Мақта

1.00

0.80

120

Барлық уақытта топырақтың ылғалдылығын оның құрғақ сал- мағына шаққандағы пайыздық шамасы арқылы өрнектейді. Суғару мөлшерін есептеу үшін топырақтың ылғалды ұстап тұру мүмкінші- лігіне сай келетін ылғалдану дəрежесін ең төменгі ылғалдану көлемін (Wнв) жəне суарар алдындағы топырақ қабатындағы қалған ылғалдау көлемінің шамасын (W0) мөлшерін анықтаудың маңызы зор.

Топырақ қабатындағы ылғал қорын есептеу мынадай кезек- пен орындалады: бір гектар жердің H – топырақ қабатының көлемі 1000 H 3) тең. Топырақ құрғақ болғанда, бұл көлемнің салмағы 1000 H · γ тең, мұнда γ – топырақтың көлемдік салмағы, m/м3. Топырақтың ылғалдану дəрежесін пайыздық өлшемнен бірлік қатынасқа келтірсек β0/100 жəне оны топырақтың құрғақ салмағына көбейтсек, онда ең төменгі ылғал сыйымдылығына нв) жəне суғарар алдындағы ылғалдану 0) дəрежесіне сай келетін бір гектар жердегі топырақ қабатындағы ылғал қорының шамасын табамыз:


Wíâ

10000 Í íâ

100

 100  Í íâ ;



W 10000  Í 0 0 100

 100  Í 0 .



Өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне жəне топырақтың мінезде- месіне байланысты, шамамен анықталатын топырақтың ылғалдану дəрежесі еш уақытта оның төменгі оңтайлы шегінен кем болмау ке- рек (7-кесте).

7-кесте

Топырақ қабатының ылғалдану дəрежесінің төменгі шегі,

%, НВ

Дақылдар


Топырақтың түрі

Тамыр орналасатын қабаттың есептелген қуаттылығы, м

Ауыр салмақты

Орташа салмақты

Жеңіл салмақты

Дəнді дақылдар

75

70

65

1.00

Қант қызылшасы

80

75

70

0.70-0.80

Жүгері

75

70

65

1.00

Көпжылдық шөп

75

70

60

1.00

Картоп

75

70

65

0.70-0.80

Көкөніс

80

75

70

0.60-0.70

Дəнді бұршақ

75

70

65

0.70-0.80

Сонымен, ең төменгі ылғал сыйымдылығына (βнв) жəне суғарар алдындағы ылғалдану (β0) дəрежесіне сай келетін бір гектар жердегі

топырақ қабатындағы ылғал қорының шамасының айырмашылығы ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өну кезеңіндегі топырақ қа- батынан пайдалана алатын өнімді ылғал қорын, яғни суғару мөлшері көрсетеді:

m  W

10000 H íâ 0 100 Í

100





      1. Суғару мезгілін анықтау əдісі


íâ j .

Ауылшаруашылық дақылдарының суғару мезгілін анықтау



  • суғару тəртібінің негізгі көрсеткіштері. Топырақ қабатындағы ылғал қорының оңтайлы дəрежеде сақталып тұруы оның дұрыс анықталуына байланысты.

Өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңіндегі суғару мезгілі ауылшаруашы- лық дақылдарының биологиялық ерекшелігіне, ауа райына, суғар- малы егістік жердің топырақ жəне гидрогеологиялық ерекшелігіне байланысты.

Қазіргі кезде барлық жер шарында суғармалы егістік жердегі есептелген суғару тəртібін анықтаудың негізі ретінде белгілі бір ортадағы су қорының тепе-теңдік теңдеуін құрудың əдістемесі алынған.

Бұл əдістемелік нұсқаның негізін А. Н. Костяков ұсынған жəне оның тұжырымы мынада: өсімдіктің əртүрлі өсіп-өну кезеңіне сай (он күндікте) аналитикалық жолмен (кесте түрінде), топырақтың есепке алынатын қабаты (H), топырақтағы ылғалдың жоғарғы (Wmax) жəне төменгі (Wmin) қорын, өсімдіктің өсіп өну кезеңінің басындағы топырақ қабатындағы нақты ылғал қорын (Wi) анықтайды.

Өсімдіктің əрбір анықталған өсіп-өну кезеңіне сəйкес келетін

белгілі бір ортаға сай келетін су қорының тепе-теңдік теңдеуінің кіріс бөлігі: жауын-шашынды (Oc) пайдалану шамасы, топырақтың белсенді қабатындағы пайдалануға болатын ылғал қорының өсуін W), сонымен қатар осы кезеңге сай болатын су қорының шығыс бөлігі: топырақ бетінен болатын физикалық булануды (И) жəне өсімдіктің жапырағынан болатын транспирацияны (Т) анықтайды (Е = Т + И). Осы мəліметтердің негізінде есепке алынып отырған кезеңнің соңындағы топырақ қабатындағы ылғал қорының қалған шамасын мына өрнек бойынша анықтайды (Wкон):

Wкон= Wi – Е + Oc + ΔW + g


Топырақ қабатындағы қалған ылғал қорының шамасын, өсімдік- тің өсіп-өнуіне қажетті ылғал қорының төменгі шамасымен салыс- тырады. Егер есепке алып отырған уақыт кезеңінде Wкон < Wmin бол- са, онда егістік жерді суғару керек, ал оның мөлшерін мына өрнек бойынша есептейді: Wкон + m ± g Wmax = mj.

Қарастырып отырған кезеңнің соңындағы топырақ қабатындағы ылғал қоры (Wкон), алдағы қарастырылатын кезеңнің басқы кезіндегі ылғал қоры (Wi) есебінде қабылданады. Сонымен А.Н. Костяковтың əдісі арқылы аналитикалық есептеу жолымен суғару керек ететін мезгілді (ti) анықтауға болады. Суғару мезгілінің орташа күнін табу үшін аналитикалық есептеулер арқылы топырақтың есепке алынған қабатындағы ылғал қорын жəне суғаруды есепке ала отырып, өзге- руін көрсететін сызбаларды тұрғызу арқылы толықтырылып оты- рады. Осыған байланысты А.Н. Костяковтың суғару əдісін сызба- аналитикалық деп атайды.



А.Н. Костяковтың сызба-аналитикалық əдісімен анықталған су- ғару мерзімінің сызбасы жəне су қорының тепе-теңдігінің жетіспей- тін шамасын пайдаланып тұрғызылған сызба 14-суретте көрсетілген. А.Н. Костяковтың əдісі арқылы суғару мерзімін анықтауға арналған есептерге талдау жасап көрсеткендей, оны да жалпы суды тұтынудың интегралдық қисық сызбасы ретінде көрсетіп, жетіспейтін шама- сын жеке кезеңдер бойынша ылғалдың табиғи пайда болу қорының есебімен, суғару мөлшері арқылы толтырып отыру қағидасының негізінде жүзеге асыруға болады.




14-сурет. Суғару тəртібін сызба аналитикалық əдіспен есептеу

Соңғы жылдары ауылшаруашылық дақылдарының суғару тəрті- бін анықтау үшін су қорының жетіспейтін шамасын сипаттайтын, интегралдық қисықтарды көп пайдаланып жүр (14-сурет). Оның негізгі мəні өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңіндегі су қорының жалпы тапшылығының қисық сызбасын тұрғызу арқылы жалпы жетіспей- тін ылғал қорын (ΔE) суармалау мөлшеріне (Op) теңестіре отырып, оны суару мөлшеріне (m) бөлу арқылы, берілген уақыт аралығында болатын ылғалдың жетіспейтін (ΔEi) шамасына толтырып (miEi) отыру. Суғару суының топырақтың терең қабатына сүзіліп кетуін болдырмас үшін оның мөлшері топырақтың есепке алынған белсенді қабатындағы ылғалды жоғары дəрежеде ұстап тұру шама- сымен сəйкес келуі керек, өйткені А.Н. Костяковтың суару мерзімін анықтау əдістемесі осы қағидаға негізделген.



Ауылшаруашылық дақылдарының суғару тəртібін су тапшылы- ғының интегралдық сызбасын (ΔEi = f(T)) пайдаланып анықтау үшін интегралдық сызбаның бойына сатылап суғару мөлшерін (mi) салып отырады, ал оның суғару мөлшерінің көлбеу сызығымен қиылысқан нүктесі, суғару мезгілінің орташа уақытын (ti) көрсетеді (15-сурет).




15-сурет. Ауылшаруашылық дақылдарының суғару тəртібін интегралдық сызбаны пайдаланып анықтау желісі

(mi – суғару мөлшері, м3/га; ti – суғарудың орташа уақыты; Δti – суғару аралық кезең, тəулік)

Суғару мезгілінің бастапқы жəне соңғы күндерін тағайындағанда алдыңғы суғару толық аяқталмай, келесі суғаруды басталмайтынын қатаң түрде ескеру керек. Екі суғарудың орташа уақытының арасы суғару аралық кезеңді (Δti) көрсетеді.

Ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өну кезеңіне байланыс-



ты суғару мөлшерін немесе топырақ қабатындағы ылғалдың өнімді сыйымдылығын анықтаған кезде, егістік танаптағы дақылдардың биологиялық ерекшелігі, яғни оның тамыры орналасқан белсенді қабаттың тереңдігін ескеру керек, ал өсімдіктің өсу кезеңіне байла- нысты өсіп отырады (16-сурет).




16-сурет. Ауылшаруашылық дақылдарының су тапшылығының интегралдық сызбасын жəне дақылдардың тамыры орналасқан белсенді топырақ қабатының сыйымдылығын анықтаудың негізді суару тəртібін анықтау желісі.

(di – су теңгересінің тапшылығы; Wmax Wmin – дақылдардың тамыры орналасқан белсенді топырақ қабатының тереңдігіне байланысты суару мөлшерінің ең

жоғарғы шамасы; 1 – су тапшылығының интегралдық қисығы; 2 – суарудан кейінгі топырақтағы ылғал қорының шектелген шамасы; 3 – суарудан кейінгі топырақ қабатының ылғалмен қорлану шамасы; а, б, в, г – суарудың орташа уақыты; di = mi


  • мезгіл сайын су теңгермесінің тапшылығын толтырып отыратын суару мөлшері)

Су қорының жетіспейтін шамасының интегралдық сызбалық шешімі 16-суретте көрсетілген, ол үшін қосымша топырақтың есеп- ке алынған қабатындағы (ΔW = Wmax Wmin) көлемі белгілі болу ке- рек, себебі осы аралықта суғару мөлшерін қисық сызба аралығына орналастыруға болады жəне ол оның шекті мəнін көрсетеді. Су қорының жетіспейтін шамасының интегралдық қисық сызбасы жəне А.Н. Костяковтың əдістемесі арқылы анықталған суғару мезгілі бір- бірімен сай келеді.

Ауылшаруашылық дақылдарының суғару мерзімін анықтауға ар- налған əртүрлі сызба-аналитикалық əдістемелерге жүргізілген тал- дау көрсеткендей, А.Н. Костяковтың əдістемесі суғару мөлшерінің жəне мезгілінің оңтайлы шамасын негіздеуге мүмкіндік береді.

Өсімдіктің өсіп-өну кезеңінде суғарудың мезгілін анықтау жəне жүргізу уақыты, оның биологиялық өнімінің пайда болуына бірдей қызмет атқармайтын болғандықтан, топырақтық құрғап қалуын сезетін алмағайып кезеңінде, қажетті мөлшерде ылғалмен қамта- масыз етіп отыру қажет. Жеке дақылдарға жəне табиғи жағдайларға байланысты өсімдіктің соңғы өнімділігінің пайда болуына сіңіретін еңбегін мінездейтін оның өсіп-өнуінің əрбір кезеңін «салмағын» тəжірибелік мəліметтердің негізінде анықтауға болады.

Сонымен қатар, биологиялық өнімділіктің жоғалатын потенциал- дық шамасында əрбір өсіп-өну кезеңінің «салмағына» байланысты. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің пай- да болу жағдайын, оның потенциалдық (жоғарғы мүмкін) өнімінің ретінің төмендеуі арқылы көрсетуге болады (В.В. Шабанов, 1981):


n


S 1 1 Si ai ,

i 1

мұнда, S – өсімдіктің өсіп-өну кезеңінің соңындағы салыстырма- лы өнімділік; Si – өсімдіктің өсіп-өну кезеңінің əрбіріндегі топырақ қабатындағы ылғалдың оңтайлы шамасының ауытқуын сипаттай- тын салыстырмалы өнімділік; ai əрбір өсімдіқтің өсіп-өну кезеңінің салмағы; n – өсімдіктің өсіп-өну кезеңінің саны.

Жалпы өсімдіктің өсіп-өну кезеңінің «салмағының» қосындысы- ның бірге тең екендігін ескере отырып, жоғарыда келтірілген өрнекті былай жазуға болады:
n



S  1  Si ai .

i 1

Жобаланған өнімге қол жеткізу үшін есепке алынған уақыт

7–1125 97

аралығындағы оның мəнін бере отырып, оған жетудің оңтайлы жо- лын таңдап алуға болады. Шартты түрде алынған өнімділіктің ша- масы – Sq, мұнда q – кезеңі өткен кезде өнімділіктің шығынының жиынтығы ретінде көрсетіліп, оның осы уақыттағы қорланған ша- масын мына өрнек арқылы анықтаймыз:


n



Sq  1  Si ai .

i 1

Қабылданған жолдың бейнесі (Sn) есепке алынған уақыттағы жо- баланған кезеңнің шекарасын көрсететін мəнін есепке алып отыра- ды.

Жобаланған өнімге жетіудің оңтайлы жолының бейнесін жоба- лау қағидасы арқылы өсімдіктің сумен оңтайлы мөлшерде жəне то- лық қамтамасыз ету үшін су қоры шамасының интегралдық қисығын тұрғызуға болады:

немесе


ΔE = ΔE · ai = Op · ai


E Opi Ei ai Opi ai .

i 1 i 1

Қазақстанның əртүрлі ауа райының аймағындағы ауылшаруашы- лық дақылдарының суғару тəртібін зерттеуге арналған мəліметтердің негізінде өсімдіктің өсіп-өнуінің алмағайып кезеңінің іздестіру арқылы ауылшаруашылық дақылдардың өсіп-өну кезеңінің «салма- ғын» мінездейтін көрсеткіштің мəнін есептеп таптық жəне ол 8-кес- теде келтірілді.



Ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өну кезеңінің

«салмағы» – ai

  1. кесте


Дақылдар

Өсіп-өну кезеңінің рет саны

1

2

3

4

5

6

7

8

Дəндік жүгері

0.12

0.27

0.34

0.23

0.04










Сүрлемдік жүгері

0.04

0.40

0.20

0.36













Бидай

























Қант қызылшасы

0.12

0.74

0.14
















Мақта

0.15

0.63

0.22
















Шөп


























R =0.8-1.35

0.26

0.36

0.17

0.21














R =1.35-1.80

0.19

0.27

0.15

0.23

0.06

0.10








R =1.80-3.00

0.15

0.21

0.11

0.18

0.10

0,12

0.05

0.08

Кестеде келтірілген рет сан, өсімдіктің өсіп-өнуінің мына кезеңдеріне сай келеді:

Қант қызылшасы: 1. Себу-шығу – жапырақтардың жылдам өсуі;

  1. Жапырақтардың жылдам өсуі – жапырағы мен тамыр өнімінің тез өсуі;

  2. Жапырағы мен тамыр өнімінің тез өсуі – қантты қорлауы.

Бидай: 1. Себу-шығу – қоректену; 2. Қоректену – сабақтың пайда бо- луы; 3. Сабақтың пайда болуы – дəндеу; 4. Дəндеу – дəннің сүттік пісуі;

5. Дəннің сүттік пісуі – дəннің сүттік-салмақтық пісуі.



Жүгері: 1. Себу-шығу (7-8) жапырақтардың пайда болуы; 2. (7-8) жапырақтардың пайда болуы шашақтану; 3. Шашақтану – гүлдену; 4. Гүлденуі – сүттік пісуі; 5. Сүттік пісуі – дəннің толық пісуі.

Мақта: 1. Себу – шығу қораптану; 2. Қораптану – гүлденуі; 3. Гүлденуі

– толық пісіп жетілуі.



Шөп: 1. Бұтақтану – қораптану; 2. Қораптану – гүлденуі (І орым);

3. Қайта өсуі – бұтақтану-қораптану; 4. Қораптану – гүлденудің басы (2 орым); 5. Қайта өсуі бұтақтану-қораптану; 6. Қораптану гүлденудің басы (3 орым); 7. Қайта өсуі – бұтақтану-қораптану; 8. Қораптану – гүлденудің басы (4 орым).


Су қорының жетіспейтін шамасының интегралдық қисық сызба- сы арқылы ауылшаруашылық дақылдарының суғару мерзімін анық- тауға арналған А.Н. Костяковтың əдістемесі дүниежүзінің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады жəне іргетасты еңбек болып табы- лады.

Он күндіктегі немесе өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңіндегі жобаның дəлдігі, жалпы суды тұтыну немесе тұтынудың жетіспейтін шамасы- ның дəлдігіне байланысты жəне оны өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңіндегі жалпы суды тұтынудың немесе суармалау мөлшерінің қатынастық мəні (ai · Opi) ретінде ауылшаруашылық дақылдардың өсіп-өну кезеңінің «салмағының» көмегімен анықтауға болады.


      1. Ауылшаруашылық дақылдардың ауыспалы танаптағы суғару тəртібі


Суғармалы егістік жерде ауыспалы егістік, ауылшаруашылық дақылдардың құрамы жəне егістіктің ауданының құрылымы бойын- ша ерекшеленеді. Жалпы əрбір ауыспалы егістіктегі дақылдардың суғару тəртібіне деген жеке сұранысы болатындықтан, нақты табиғи жəне шаруашылық жағдайында ауыспалы егістіктің өзіне тəн суғару тəртібі болады деп айтуға қақымыз бар.

Ауыспалы егістіктің суғару тəртібі оның құрамына кіретін бар- лық ауылшаруашылық дақылдарының суғару тəртібінің негізін-

де егістік жердің топырақ, гидрогеологиялық жəне ауа райының жағдайын ескере отырып, шаруашылықтағы жұмысты ұйымдас- тыру, суғармалау сумен қамтамасыз етілу дəрежесін жəне суғару дақылдарының жоспарына байланысты анықталады.

Сондықтан ауыспалы егістіктің құрамына кіретін ауылшаруашы- лық дақылдарының суғару тəртібі уақыт бойынша келісілген болу керек. Бұл үшін ауыспалы егістіктегі белгілі ауылшаруашылық дақылдарына берілетін бір гектар суғармалы егістікке шаққандағы берілетін метр секундпен өлшенген су өнімінің шамасын, гидромодульді анықтау керек:



q 1000 Ei ,

i 3600  t T C

i i

мұнда, ΔEi – белгілі ауылшаруашылық дақылдарының суды тұты- нуының онкүндіктегі жетіспейтін шамасы, м3/га; ti – тəуліктегі су- ғару уақытының ұзақтығы, сағат; Ti – суғарудың ұзақтығы немесе онкүндіктегі тəуліктің саны; C – тəуліктегі суғаруға пайдалынатын уақыттың көрсеткіші, C = ti /24.

Ауыспалы егістіктегі ауылшаруашылық дақылдарының гидромо- дулінің ординатасын анықтау үшін барлық суғармалы егістіктің ауданының қатынастық шамасы бірге тең деп, ал оның құрамындағы дақылдың əрбір ауданын бірдің қатынастық шамасы ретінде алады. Сонымен біріншіден, нақты дақылдардың қажет ететін меншікті су өнімінің шығынын, екіншіден, олардың əрбір жеке онкүндікке сай келетін қажетті меншікті су өнімінің шығындарының шамасын қосу арқылы ауыспалы танапқа қажетті су өнімінің шығынының меншікті шамасын анықтауға болады. Ауыспалы егістіктің құрамындағы əрбір дақылды берілген суғару тəртібіне сай қамтамасыз су өнімінің шығынының меншікті (нақты) шамасын мына өрнекпен анықтайды:

q 1000  a  Ei ,

i 3600  t T C

i i

мұнда, α – ауыспалы егістіктің құрамындағы əрбір дақылдың ауда- нының қатынастық шамасы.

Ауыспалы егістіктің құрамындағы əрбір ауылшаруашылық да- қылдардың есептелген суғару тəртібін жəне гидромодулінің ордина- тасын анықтаған соң ауыспалы егістіктің гидромодулінің ордината- сын мына өрнек арқылы анықтайды:
n



q qi a .

i 1

Ауыспалы егістіктегі ауылшаруашылық дақылдарының суғару тəртібін сызбада гистограмма ретінде көрсетуге болады (17-сурет), егер көлбеу оське уақытты, ал тік оське – суармалы егістік жердің бір гектарына берілуге тиісті, метр секундпен өлшенген су өнімінің меншікті шығынын орналастырсақ.






17-сурет. Ауыспалы егістік құрамындағы ауылшаруашылық дақылдарының бірлескен меншікті су шығынының сызбасы

Cонымен гидромодуль – суғару жүйесінің техникалық-экономи- калық көрсеткіші, себебі оны пайдаланып мына нəрселерді анық- тауға болады:

– су көзінің ең жоғарғы суғару мүмкіншілігін:



Fop

100 Qop ,

qi

мұнда, Fop – берілген су көзінің нақты суғару мүмкіншілігі, га; Qopнақты суғару көзінен суаруға бөлінетін су өнімінің шығыны, м3/с; ηсуғару жүйесіндегі су пайдалану көрсеткіші; qi ауыспалы егістіктің меншікті су шығынының (гидромодулінің) есептелген ең жоғарғы мəні, л/с бір гектарға.

– суғару жүйесіне жəне ондағы құрылысқа қажетті су өнімінің шығыны:



Qнm = qi · Fop

мұнда, Qнm тұрақты арықтың өзіне ілінген егістікті суғару тəртібімен қамтамасыз етуге қажетті су өнімінің нақты шығыны.

Сонымен, ауылшаруашылық дақылдардың əртүрлілігін жəне су- ғару тəртібіне деген сұранысының бірдей емес екенін есепке ала- тын ауылшаруашылық дақылдарының ауыспалы егістіктегі суғару


тəртібін сипаттайтын суғару ретінің сызбасын ауыспалы танаптың гидромодулінің ординатасының биологиялық оңтайлы шамасы деп атайды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет