54-сурет. «Кубань» жаңбырлатқыш машинасының құрылымдық сұлбасы
1, 4, 6 жəне 7 – бас, орталық, аралық жəне қанаты алдындағы белдеу; 2 – ферма; 3 – топса; 5 – су ағатын құбыр; 8 – кергіш; 9 – ұстап тұратын қыл-арқан; 10 – кон- соль; 11 жəне 12 – соңғы жəне аралық тіреуіш арба; 13 – арбаның орталық трегі; 14 – сораптау агрегаты; 15 – арық; 16 – дөңгелек)
55-сурет. «Кубань» жаңбырлатқыш машинасының суғару жүйесінің желісі
Жаңбырлатқыш машиналар, жаңбырлатқыш қондырғылар бірік- тіріп орналасқан өздігінен жүретін тірегі жəне сораптау қондырғысы арқылы сипатталады.
Электрленген фронтальды қозғалатын «Кубань» жаңбырлатқыш машинасы мал азықтық, дəнді, техникалық жəне бақша дақылдарын, соның ішінде далалы аймақтарда өсірілетін сабақты дақылдарды су- ғаруға арналған (54-сурет) .
Машина агрегат торабына, ферма түріндегі аралықтардан, электрмен қозғалатын жылжымалы арба мен қанаттардан тұрады.
Дөңгелектер бір-бірінен 6 м қашықтықта тұратын алғашқы арбалар- ға жанармай бөшкелері мен машинаның берілген бағыт бойынша қозғалысына басшылық жасау қорабы орналасқан. Шеткі арбалар машинаның жүру жылдамдығын, суару мөлшерін айқындайды. Негізгі су құбырының диаметрі 168 мм, консолдық құбырдың диа- метрі 102 мм жəне оның ұзындығы 25 м. Ұзындығы 52,5 м ферма аралықтарының су құбырында, жаңбыр шоғырын бір бағытқа бағыт- тайтын жарты шарлық тойтармалы қысқа ағынды 20 жаңбырлатқыш саптама бар. Тамшы мөлшері 1 мм аспайды жəне оның орташа қарқыны 0,9-1,1 мм/мин. Су өтемі 170 л/с жəне бір машина 800х 1500-2000 м тілімді қамтиды. Су жоғарғы ені 3,8 м, табан ені 0,6 м, тереңдігі 1,1 м, көлбеулігі 0,0001-ге дейінгі беті қапталған ашық арықтардан алынады жəне олар берілген тілімді екіге бөліп жатады (55-сурет).
Жаңбырлатқыш машина «Фрегат» – көп тіректі, суды жабық құбырлы желі немесе ұңғы арқылы, шеңбердің ортасына орналасқан арнайы су алғышты (гидрант) айналып, құбырдағы су арынын пайда- ланып қозғалатын жəне өзінің осін айналып орта қашықтыққа шаша- тын жаңбырлатқыш құрал-саймандармен жабдықталған (56-сурет).
«Фрегат» жаңбырлатқыш машинасының негізгі түрі ұзындығы
– 454 м, су өтімі – 100 л/с ДМ-454-100 машинасы болып табылады. ДМ жəне ДМУ машиналарының түрлерінің жұмыс істеу қағидасы ұқсас.
56-сурет. «Фрегат» жаңбырлатқыш машинасының сұлбасы
1 – қозғалмайтын тірек; 2 – тоқтату қондырғысы; 3 – су ағатын құбыр; 4 – арба; 7 – механикалық қорғаныс жүйесі; 8 – қорғаныс жүйесі; 9 – жаңбырлатқыш сапта- ма; 10 – су ағызатын қақпақ; 11 – соңғы жаңбырлатқыш саптаманы өшіретін жүйе;
12 – соңғы жаңбырлатқыш саптама
57-сурет. «Фрегат» жаңбырлатқыш машинасының суғару желісінің сызбасы
58-сурет. Көптіректі «Днепр» жаңбырлатқыш машинасының құрылымдық желісі
«Фрегат» жаңбырлатқыш машинасының суғару желісінің сұлба- сы 57-суретте көрсетілген.
Көптіректі жаңбырлатқыш машина «Днепр» – жабық құ- бырлар желісіне орналасқан су алғыштардан қоректенетін, жаңбыр- латқыш құрал-сайманы «Роса-3» су ағатын құбырлары тікелей бекітілген, ал олар арбадағы тректерге орналасқан жəне бір орында тұрып жұмыс атқарады (58-сурет).
«Днепр» көптіректі жаңбырлатқыш машинасы жалпы көлбеулігі 0.02-ден аспайтын егістік алқаптарда дəнді жəне техникалық дақыл- дарды, шабындықтар жəне жайылымдарды суғаруға арналған.
«Днепр» көптіректі жаңбырлатқыш машинасы аспалы электр
бекетінен қуат алып өздігінен қозғалады. Жабық суғару құбырлар желісіндегі гидранттардан су алып, бір орында тұрып жұмыс атқарады (59-сурет).
59-сурет. Көптіректі «Днепр» жаңбырлатқыш машинасының суғару желісі
«Днепр» көптіректі жаңбырлатқыш машинасының құрылымы велосипед тектес 17 екі дөңғалақты тірек арбаларынан, жер беті- нен 2,1 м биіктікте орналасқан, ұзындығы 448 м алюминийден жасалған құбыр түріндегі құбырлық белдеуден тұрады. Құбырда орта ағынды «Роса-3» жаңбырлатқыш саптамалары орналасқан 34 қақпақ бар. Гидранттағы су арынының шамасы 45 м, су өтімі 120 л/с, гидранттардың бір-бірінен қашықтығы 54 м.
Жаңбырлатқыш құбырлы ДКШ-64 «Волжанка» – тұрақты немесе жылжымалы сораптау бекеттерінің көмегімен, тұрақты неме- се алмалы-салмалы (құрама) жабық құбырлар желісіне орналасқан су алғыштардан қоректеніп, бір орында тұрып жұмыс істейді. Жұ- мыс істегендегі тұратын орнының арақашықтығы – 18 метр. Ор- та қашықтыққа су шашатын жаңбырлатқыш құрал-сайманмен жабдықталған су тасымалдайтын құбыр екі қанаттан тұрады. Су құбырының əрқайсысы арбаларды бір орнынан екінші жерге қозғау үшін «Дружба 46» ағаш кесетін араның қозғалысқа келтіретін қон- дырғысымен жабдықталған жəне олар суғару кезінде кезекпен жұ- мыс атқарады (60-сурет).
Жаңбырлатқыш құбырлы ДКШ-64 «Волжанка» көлбеулігі 0,02 дейінгі жерлерде өсірілетін аласа бойлы дəнді, бірқатар көкөніс-
бақша жəне техникалық дақылдарды, көпжылдық шөптерді, шабын- дықтар жəне жайылымдарды суғаруға арналған.
60-сурет. ДКШ-64 «Волжанка» жаңбырлатқыш машинасы
а – жалпы көрінісі; б – ағызу шүмегі;
1 жəне 6 – құбыр; 2 жəне 12 – гидрант; 3 жəне, 13 – қоректендіргіш; 4 жəне 11 –
қанат; 5 жəне 10 – дөңгелек; 7 – жаңбырлатқыш аппарат; 8 – арба;
9 – қозғаушы; 14 – төгу тесігі; 15 – болт; 16 – қалқан
ДКШ-64 «Волжанка» жаңбырлатқыш құбырлы машинасының негізгі құбырының диаметрі 130 мм, ұзындығы 12,6 м тұратын жеке құбырлардан құрастырылған, жалпы ұзындығы 791,2 м екі суғару қанатынан тұрады. Əр қанатта диаметрі 191 см 34 металл дөңгелек қатаң түрде құбырға бекітілген. Əр қанаттың ортасында машинаны келесі суғару орнына жылжытып отыратын «Дружба-4» іштен жану қозғалтқышы бар қозғалыс арбасы бар. Əр қанатта ағынының ша- шырау қашықтығы 17-18 м, су өтімі 9-10 л/с, арыны 30-40 м болатын 32 орта ағынды жаңбырлатқыш саптама орналасқан. Суғару бағыты бойынша бір-бірінен 18,3 қашықтықа орналасқан гидрантқа машина қанаттары жұмсақ құбырлардың көмегімен жалғанады. Бір орында тұрғанда, қос қанатқа берілетін жалпы судың мөлшері 62,7 л/с жəне ол бір мезгілде 1,46 га жерді суғарады.
ДКШ-64 «Волжанка» жаңбырлатқыш құбырлы машинасымен
суғарудың технологиялық сұлбасы жəне суғару желісі 61-суретте көрсетілген. Гидранттармен жабдықталған құбырларды бойлай жол салынады.
61-сурет. ДКШ-64 «Волжанка» жаңбырлатқыш машинасының жұмыс істеу сұлбасы
1 – сораптау бекеті; 2 – арынды құбыр; 3 – гидранты; 4 – суғару танап;
5 – жаңбырлатқыш машина
Жаңбырлатқыш ДКГ «Ока» машинасы ДКШ-64 «Волжанка» негізінде құрастырылған, жабық құбырдан гидранттар арқылы су алатын екі қанаттан тұрады жəне орында тұрып суғарады. Маши- наны бір орыннан екінші орынға көшіру үшін қанаттының орта- сында су ағынының күшімен қозғалысқа түсіретін аппарат ор- натылған. Жаңбырлатқыш машинаның құрылымдық ерекшелігі жаңбырлатқыш саптамалар кезекпен жұмыс атқарады, ал бұның өзі суғару мөлшерін танапқа біртегіс етіп беруге жəне суғару мөлшерін, қажет болғанда, егістік бетінде ағынсыз үлкейтуге мүмкіндік береді. Жаңбырлатқыш машинаның екі қанатының су өнімі 100 л/с жəне оның суғару желісінің сұлбасы 62-суретте көрсетілген.
62-сурет. ДКГ-80 «Ока» жаңбырлатқыш машинасының суғару желісі
Жаңбырлатқыш доңғалақты құбыр ДКТ-80 «Ока» өзінің құры- лымдық жəне жұмыс атқару желісі бойынша «Фрегат» машинасына ұқсайды, ерекшелігі орташа қашықтыққа шашатын жаңбырлатқыш құрал-сайман «Роса-3» өзін орналастыратын механизммен жəне гид- равликалық басқару қалқанымен оларды кезекпен-кезек жұмысқа қосып отыратын басқару жүйесімен жабдықталған.
63-сурет. КИ топтамасының суғару желісінің сұлбасы
1 – СНП-50/80 сораптау бекеті; 2 жəне 7 – ауыстырғыш; 3 – таратушы; 4 жəне 5
– құбыр-гидрант; 6 – бас құбыр; 8 – жаңбырлатқыш аппарат; 9 – жаңбырлатқыш қанат
64-сурет. ДШ-25/300 жаңбырлатқыш машинасымен құрастырылған суғару үлгісінің нұсқасы
1 – ДШ-25/300 жаңбырлатқыш машинасы; 2 – гидрант; 3 – вантуз; 4 – қорғашық қақпақ; 5 – асбесцементтік құбыр; 6 – төртбұрышты құдық
Жаңбырлатқыш қондырғыларда өздігінен жүретін арбалар бол- майды жəне су жоғары арында қызмет атқаратын суғару жүйесі ар- қылы арнайы сораптар бекетінің көмегі арқылы беріліп отырады.
Иригациялық бірлестік КИ-50А «Радуга», СНП-50/80 жылжы- малы сорап бекетінен, ұзындығы 300 метрден үлкен РТШ-80 болат бас құбырынан, аллюминий құрама құбырынан (диаметрі 150 мм, ұзындығы 613 м жəне сəйкес 125 мм, ұзындығы 286 метр) жəне екі тарату (диаметрі 150 мм, ұзындығы 270 метр), төрт жаңбырлатқыш
қанаттан (диаметрі 110 мм, ұзындығы 126 м), жаңбырлатқыш құрал- сайман «Роса 3», гидравликалық қоректенгіштен ГДП-50 жəне құра- ма құбырлардың білектерінен тұрады (63-сурет).
ДШ-25/300 жаңбырлатқыш машинасын жайылымды, көгалды, жеміс ағаштарын жəне ауылшаруашылық дақылдарын суғару үшін барлық суғару аймақтарында пайдаланады (64-сурет) жəне суғару бір орында тұрып іске асырылады.
Жаңбырлатқыш машина тез арада құрастыратын металдық құ- бырлардан жəне жаңбырлатқыш саптамадан жинақталады. Ол ұзын- дығы 150 м, диаметрі 102 мм болат құбырдан құрастырылады. Су құбыры бойында бір-бірінен 50 м қашықтықта орналасқан үш «Ти- мирязевец» айналмалы жаңбырлатқыш саптамасы орналастырылған.
3.2.3 Жаңбырлатып суғарудың есебі
Жаңбырлатқыш қондырғылар мен машиналардың жұмыс атқару тиімділігін сипаттайтын ең негізгі көрсеткіш жаңбырдың мардым- дылығы (р), ол жаңбырлату кезіндегі уақыт бірлігінде (t) пайда бола- тын топырақ бетіндегі судың қабаты (hcp) болып табылады:
Жаңбырлатқыш машинаның немесе қондырғының жұмыс істеу кезінде су өнімінің шығынының (Qp, л/с) жаңбыр қабатын құраған уақыт бірлігіне (t, мин) көбейтіндісін, оның бір орында тұрып жұмыс атқарған кездегі жаңбыр қамтитын ауданына (F, м2) бөлу арқылы жауған жаңбырдың қалыңдығын оңай табуға болады:
hср
60 Qp t , мм,
F
онда жаңбырлатқыш қондырғының сипаттамасы бойынша есептел- ген жаңбырдың мардымдылығы мынаған тең:
pср
60 Qp ,
F
Жаңбырлатқыш машина жəне қондырғылармен суғарған кездегі егістік танапқа берілген суғару мөлшерін мына өрнек арқылы анық- тауға болады:
m =36 Q 36 n ,
b
мұнда, m – суғару мөлшері, м3/га; Q – жаңбырлатқыш машинаның жəне қондырғының су шығыны, а/к; ν – жаңбырлатқыш машинаның қозғалу жылдамдығы, км/сағат; b – жаңбырлатқыш машинаның суға- ру ені, м; n – арлы-берілі жүріп өту саны; β – жаңбырлатқыш кезін- дегі судың булануға болатын шығынын есепке алатын көрсеткіш.
Жаңбырлатып суғару кезінде жер бетімен суғарған кездегідей судың топырақ қабатына сіңу жылдамдығы уақытқа байланысты азаяды. Жаңбырлатып суғару кезіндегі судың топыраққа сіңуін сипаттайтын қисық сызық жер бетімен суғарған кездегі суды сіңіру сызығынан төмен жатады. Себебі жер бетімен суарған кезде су то- пырақ қабатына жоғарғы гидростатикалық қысымда сіңеді, ал жаң- бырлатып суғару кезінде топырақ қабатына еркін сіңеді, өйткені бұл кезде топырақ бетінде шалшық немесе жиналған сулар болмайды. Егер жаңбырлатып суғару кезіндегі топырақ қабатына сіңетін судың заңдылығын көрсететін қисық сызба болса, онда топырақ бетіне жаңбырлату кезіндегі су ағынының пайда болатын уақытын (tдоп), жаңбырдың кез келген жағдайдағы мардымдылығының қандай да болған мəні бойынша анықтауға болады.
Осының негізінде кері есепті де шешуге болады: мысалы, беріл- ген жаңбырлатып суғару ұзақтығындағы жаңбырдың мүмкіншілік мардымдылығын (рдоп) анықтауға болады. Осыдан кейін топырақ бе- тінде беткейлі ағын болмайтын ең жоғарғы мүмкін суару мөлшерін есептеуге болады:
mmax· доп = рср · tдоп.
Сонымен жаңбырлатып суғарудың техникалық құрылымының бөлшектері топырақтың суды сіңіру жылдамдығына (Vt) тығыз бай- ланысты. Жаңбырлатып суғарудың негізгі жағдайы (қағидасы) мына Vt = рср тепе-теңдікті сақтау болып табылады.
Осы суғармалы егістік жағдайында кездесетін есепті шешу үшін Е.Г. Поповтың (1965) өрнегін пайдалануға болады:
V V exp h t K
t o exp o t Kф
W
мұнда, Kф – сүзілу көрсеткіші; ΔW – салыстырмалы бірліктегі топы- рақтың ылғалдану тапшылығы мына өрнек арқылы анықталады: ΔW = (Wн– Wк) / Wк; b = h/ΔW – сіңу көрсеткіші; о mо | tqon , онда
mo mo
exp mo Kф .
Суғармалы танаптың бетінде шалшық сулар пайда болғанға дей- ін жаңбырлатудың есептік ұзақтығын жоғарыда келтірілген өрнекті түрлендіріп табуға болады:
mo mo
1 exp W
tqon
K
ф
.
Жаңбырлатқыш қондырғыларды пайдаланып, суғару технология- сын негіздеу үшін мына көрсеткіштерді анықтау керек:
бір орынға тұрып жұмыс атқаратын жаңбырлатқыш қондыр- ғылардың суғару ұзақтығы:
t m ,
n 10
мұнда, β – суару кезінде судың булануға жоғалтатын шамасын есеп- ке алатын көрсеткіш;
алдына қарама-қарсы жылжып суғаратын жаңбырлатқыш қон- дырғылардың бір жүріп өткен кездегі топырақ бетіне түсетін жаңбыр қабаты:
h 60 Qp ,
V
пр â
м
мұнда, Vм – суғару кезіндегі жаңбырлатқыш қондырғының немесе машинаның қамту ені, м; в – машинаның немесе қондырғының жыл- жу жылдамдығы, м/секунд;
суғару мөлшерін топыраққа енгізгенге дейінгі қайталап арлы- берілі жүріп өту саны;
n m .
10 hnp
Шеңбер бойынша айналып суғаратын машиналардың бір рет ай- налуына кететін уақыт:
t m Fkp ,
об 86.4 Q K
p
ñóì
мұнда, Fkp – ылғалданатын шеңбердің ауданы, га; Kсут – тəулік бойын- дағы уақытты жұмысқа пайдалану көрсеткіші (0.80-0.87);
Жаңбырлатқыш машиналардың немесе қондырғылардың еңбек өнімділігі, оның жұмыс атқаратын су өнімінің шығынына (Qp, л/се- кунд), суғару уақытының ұзақтығына (t, сағат) жəне өсімдікті суғару кезеңінің ұзақтығына (T, тəулік) тура, ал суармалау мөлшеріне (Qp, м3/га) немесе суғару мөлшеріне (m, м3/га) жəне ауыспалы егістіктің 1 гектарына литрмен өлшенген секундта берілуге тиісті меншікті су өнімінің шығынына (q, л/с 1 гектарға) кері пропорционал. Л/С – аттық/күш емес пе? жоқ!
Бір сағат жұмыстың таза уақытындағы еңбек өнімділігі:
W 3.6 Qp .
час
m
Суғарудың тəулік ішіндегі бір кезеңіндегі еңбек өнімділігі:
W 3.6 Q p t n C Kсум .
сум
m
Бір тəуліктің ішіндегі таза еңбек өнімділігі:
W 3.6 Q p t n C Kсум .
сум
m
Өсімдіктің өсіп-өніп кезеңіндегі еңбек өнімділігі:
W 3.6 Qp t n C Kñóì Kñì .
ñåç
Op
Жаңбырлатқыш машина «Фрегат» арқылы суғарған кезде оның өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңіндегі еңбек өнімділігі (Fkp=const), оның суғару ауданына тең болуы керек, тек қана осы қағиданы сақтаған кезде ғана оларды ауылшаруашылық дақылдарын суғаруға пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |