Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Жаңбырлатқыш машиналар жəне қондырғылар



бет19/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)

Жаңбырлатқыш машиналар жəне қондырғылар

Жаңбырлатқыш қондырғылардың қозғалуының жəне оған қажет- ті су арынын құратын құрылымдық шешіміне байланысты, олар жаңбырлатқыш құралдар, машиналар, қондырғылар жəне құрал- саймандар болып бөлінеді.

Жаңбырлатқыш құралдар, жаңбырлатқыш құрал-саймандар бекі- тілген, өздігінен жүруге арналған тірегі мен сораптау қондырғысымен сипатталады: екі қанатты жаңбырлатқыш құрал ДДА-100МА

120 метр арақашықтыққа орналасқан ашық арықтардан су алады. Суғаруды барлық уақытта арықтың бойы арқылы алға-артқа қозғалып жүріп жүзеге асырады. Ол негізінен мынандай негізгі бөліктен тұрады: шынжыр табанды ДТ-75 тракторынан, ұзындығы 100 метр болатын жəне оған қысқа арында жаңбырлатқыш құрал-саймандар бекітілген екі қанатты су сорғыш сораптан, сору құбырынан, тракторға жаңбыр- латқыш қанаптарды бекітетін түйіннен, еріген тыңайтқыш беретін қондырғыдан, сорапты жəне сору құбырын суға толтыруға арналған ауа сорғыш қондырғыдан, сору құбырын жəне жаңбырлатқыш екі қанатты басқарып отыратын гидрожүйеден тұрады (50-сурет).

Екі қанатты ДДА-100МА жаңбырлатқыш машинасының суғару желісінің сұлбасы 51-суретте көрсетілген, яғни уақытша суғару арығының арақашықтығы 120 м, суғару танаптарының ұзындығы жердің көлбеулігіне байланысты 500-1000 м аралығынада.

ДДА-100МА жаңбырлатқыш құралдың негізінде құрастырылған екі қанатты жаңбырлатқыш суғару құралы ДДАП-130/140. Мұның құрамында жаңбырлатқыш құрал-саймандардан басқа арақашықты- ғы 0,70 метрден екі қанаттың, төменгі жағына орналасқан су ағатын құбырдың бойына орналасқан 160 су жібергіш түтіктер арнайы ал-



11–1125

161

малы-салмалы етіліп, қосымша құралдармен бекітілген. Əрбір су жібергіш түтіктер су шашатын жəне су ағатын шүмектермен жабдық- талған, олар жер бетінен 30-70 см биіктікке орналасқан.




50-сурет. Екі қанатты ДДА-100МА жаңбырлатқыш машина

1 – қанат; 2 – саптама; 3 – трактор; 4 – сорғы; 5 арынды құбыр; 6 – тірек;

7 – сүзгіш; 8 – уақытша арық




51-сурет. Екі қанатты ДДА-100МА жаңбырлатқыш машинасының суғару жүйесінің орналасу желісі

Екі қанатты жаңбырлатқыш құрал ДДА-145, негізінен ДДА-100 МА-ның құрылымдық жүйесінде жасалған. Ондағы жаңбырлатқыш саптамалар су ағатын белдеулі құбырға тікелей орналасқан жəне жан-жағына шашыратып шашатын жаңбырлатқыш орнына бір орын- да өзінің осін айналып жаңбырлататын құрал-сайманға ауыстырған. Гидравликалық қондырғының көмегімен қос қанатты басқару толық автоматтандырылған.

Алысқа шашырататын аспалы жаңбырлатқыш құралдар ДДН-70 жəне ДДН-100, ДТ-75 тракторына орналастырылған, ол: жақтаудан, сораптан, өзінің осінде айналуды қамтамасыз ететін қондырғыдан, ұзаққа шашатын жаңбырлатқыш құралдан, сору құбырынан жəне оны көтеріп-түсіріп тұратын қондырғыдан, сорапты сумен толтыра- тын механизмнен, еріген тыңайтқышты жаңбырмен қосып, егістікке беретін қоректендіргіштен сияқты бөлшектерден тұрады.

Алысқа шашырататын аспалы жаңбырлатқыш құралдар ДДН-70 жəне ДДН-100-дің суғару желісі 52-суретте көрсетілген.



Алысқа шашырататын аспалы жаңбырлатқыш құралдар ДДН-70 жəне ДДН-100-дің суғару желісі 53-суретте көрсетілген.




52-сурет. Алысқа шашырататын ДДН-70 (а) жəне ДДН-100(б) машинасы

1 – алысқа шашырататын жаңбырлатқыш аппараттың тірегі; 2 – сіңіру құбыры; 3 – сорап; 4 – қанқа; 5 – тыңайтқыш беретін қондырғы; 6 – ауа ағынын құратын аппарат

53-сурет. Алысқа шашырататын аспалы жаңбырлатқыш құралдар ДДН-70 жəне ДДН-100-дің суғару желісі

а – шеңбермен суғару; б – сектормен суғару;

1 тарату арығы; 2 – суғару арығы; 3 – тұрақ)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет