Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73


Жер астынан суғару (субирригация)



бет29/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)

Жер астынан суғару (субирригация)


Жер астымен суғару түсінігі мелиорация саласында, тікелей өсімдіктердің тамыр жүйесі орналасқан топырақ қабатына суғару суын беру туралы бірнеше түсініктемелерден туындайды. Бұл суға- ру əдісінің түрлері өсімдіктің тамыр жүйесі орналасқан топырақ қабатын ылғалдануы бос сулардың жер бетінің ылғалдың була- нуынан болатын тарту күші арқылы жылжуын қамтамасыз ететін құбырлы ылғалдандырғыш, тікелей өсімдік тамырын ине-тамшы- латқыштар арқылы ылғалдандыру, (тышқанның іні секілді) іннің ізімен ылғалдандыру, жеке ылғалдандыру жəне топырақ қабатының ылғалдануын екіжақты реттеу желісі болып табылады.

Жер астынан суғару (субирригация) – топырақтың жыртылатын қабатын ыза судың деңгейін қажетті деңгейге дейін көтеру арқылы капиллярлық (қыл түтікшелік) қанықтыру есебінен ылғалдандыру тəсілі.



Ыза суды қолдан көтеру тəсілдері: қашыртқы, кəріз жəне суғару арықтарын шлюздеу арқылы; 0.5-0.6 м тереңдңкте жүргізілген құ- бырлы ылғалдандырғыштар бойымен су беру; ыза сулардың табиғи ағысын реттеу; су өткізбейтін қабатты бұзу арқылы жер асты сула- рын үстеп қанықтыру.

Жер астынан суғаруды көлбеуліксіз жер бедерінде тұзданбаған, біртекті қыл түтікшелік қасиеттері жақсы дамыған топырақтарды тұщы ыза су жер бетіне жақын жатқан жерлерде, тамыр жүйесі тереңге кететін ылғал сүйгіш өсімдіктерді өсіру үшін қолданады. Тоспалап жер астынан суғаруды суды жақсы сіңіретін топырақтарда орналасқан құрғату-ылғалдандыру жүйелерінде қолданылады. Суы тайыз қазылған уақытша арықтармен немесе тұрақты тереңірек (те- реңдігі 1,0-1,5) арықтармен берілуі мүмкін. Тұрақты терең арықтар немесе құбырлы ылғалдандырғыштар ыза суларының деңгейін көте- румен қатар, бір мезгілде артық ыза суларын да əкете алады.

Жер астымен суғару желісінің желісінің сұлбасы 87-суретте көр- сетілген.

Жер астымен суғару желісінің құрамында қысылған ауаның көлемінде буға ұқсас суды дайындайтын автоматталған құралмен жабдықталған (4) құбырмен (2 жəне 3) байланыстырылған ылғалдан- дырғыш (1) бар, ол өсімдіктің тамырлы жүйесі орналасқан топырақ қабатын (5) қажетті ылғалмен қамтамасыз етеді жəне оның көлемі ылғал өлшегішпен (6) анықталады (86-сурет).



  1. т. Жер астымен суғару желісінің желісінің сұлбасы

Егістік жердің топырақ қабатында (А) өсімдіктің тамыр жүйесі сіңіре алмайтын берік байланысқан ылғалдан тұрады. Одан тө- мен орналасқан топырақ қабаты (Б) берік байланысқан жəне бос байланысқан сулардан тұрады, ал оның соңғысының көлемі терең- деген сайын өсіп отырып жəне белгілі бір тереңдікке жеткенде топы- рақтың меншікті ылғал сыйымдылығының жоғарғы дəрежесіне жетеді, яғни орнықты ылғалдану көрсеткішіне сай келеді. Одан тө- менгі топырақ қабатында (В), орнықты ылғал бос сулардың көшу ағынының арқасында жеткізіліп тұрады, ал ол төменгі топырақ қа- батындағы (Г) еркін сулардың есебінен іске асырылады жəне оның қуыстарын сумен толық қанықтырады. Топырақтың ең төменгі қабатындағы (Г) еркін сулар топырақтың жоғарғы қабатының құр- ғауының есебінен жоғарғы қабатқа қарай жылжып отырады.

Жалпы өсімдіктің тамыр жүйесі бос суларды сіңіре отырып жəне оның жеткілікті көлемінде жақсы дамиды, яғни өсімдіктің тамыры тік орналасқан конусқа ұқсаған топырақ көлемінде (5) дамиды жəне жасанды ылғалды жер асты ылғалдағыштың жүйесімен (1) іске асы- рылады.

Өсімдіктің тамыр жүйесінің, ылғал сыйымдылығы орныққан топырақтың қабатына (В) дейін таралуының себебі, құбырлы ылған- дырғыштың (1) ұзындығы, осы қабаттың жоғарғы бетіне жететіндей етіп орналастырылған, ал оның бағанасындағы ылғалдандыру тесік-

тері жоғарыдан төменге қарай үлкейіп отырады жəне ол топырақ қабатын тік орналасқан конусқа ұқсас көлемде ылғалдандырады. Одан ары қарай өсімдіктің тамыр жүйесі өзінің ыңғайлы жағдайда да- муы үшін, негізінен топырақтың төменгі қабатындағы (В) бос сулар- ды бойына сіңіре бастаған жағдайда, жер астымен суғару жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Егер өсімдіктің тамыр жүйесі орна- ласқан топырақ қабатының ылғалдану дəрежесі төмендейтін болса, онда орналасқан ылғал өлшегіш (6) басқару желсінің құрылымына


  1. белгі береді. Бұдан ары қарай өсімдіктің суға деген тұтынысы, өсімдіктің тамыр жүйесі орналасқан төменгі топырақ қабатынан (В) қамтамасыз етіледі жəне ондағы орныққан ылғал сыйымдылығы, ең төменгі топырақ қабатынан (Г) бос сулардың жер бетінің бетіне қараған ағынның есебінен толтырылып отырады.

Жоғарыда келтірілген жер астымен суғарудың (субирригация- ның) ылғалдандыру құрылымы, суғару техникасының бөлшектері, тарату-ылғалдандыру желісі егістік жердің топырақ қабатына су- ды беру жəне ылғалдандыру тəртібі жер астымен суғаруды өте жоғарғы сапалық дəрежеде жүргізуге мүмкіншілік береді жəне ауылшаруашылық дақылдарынан жоғарғы өнімді алуды қамтамасыз ете алады.

Жер астымен суғару əдісін, негізінен, табиғи жағдайларда жер асты жақын орналасқан жəне ол тұзданбаған жағдайда əрі тау ете- гінің жазығындағы өзен алқаптарында көптеп пайдаланған өте тиімді.


    1. АРНАЙЫ МЕЛИОРАЦИЯ





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет