Мал шаруашылығын дамытудың негізгі мəселесі жем-шөппен қамтамасыз ету, ал оны аз уақытта суғармалы мəдени жайылым- дарды құру арқылы іске асыруға болады жəне ол өте арзан жəне құнарлы жем-шөп дайындауға мүмкіншілік береді. Қазіргі кездер- де далалық аймақтарды тұрақты түрде қалыптаса бастаған құрғақ- шылықтың жағдайында жайылымдарды суғару, бір жағынан топы- рақ қабатындағы жетіспейтін ылғал қорын толықтыру болса, екінші жағынан ауа райының жағдайына қарамастан тұрақты түрде жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді.
Жайылымдардың өнімділігі жəне ұйымдастырудың тиімділігі көп жағдайда оны пайдаланудың əдістерімен анықталады. Мəдени жайылымдарды, малшаруашылық кешендерінен, кем дегенде 2 км радиусқа орналасқан ыңғайлы жəне үлкен жерлерде ұйымдастырады. Малдарды жаю үшін бірнеше біркелкі малдық табан құрылады, яғни сиырларға, бір жастан үлкен жас ірі-қараға жəне бір жастан кіші малдарға арналады. Мəдени жайылымның ауданы, əрбір табанның ауданы мынадай есеппен анықталады: басқа шамамен 0,4 гектар табиғи жайылымдар немесе 0,25-0,30 гектар суғармалы жайы- лымдар қажет. Сонымен қатар, жайылымдар орналасқан жердің то- пырағын да есепке алу керек, яғни құнарлы топырақтарда табиғи жайылымдардың ауданы 0,33 гектарға дейін кемітуге болады, ал құнарсыз топырақтарда оның ауданын 0,50 гектарға дейін үлкейту
керек.
Суғармалы мəдени жайылымдағы табандық телімнің ауданын мына өрнек арқылы анықтауға болады:
F N g T f ,
y
мұнда, N – табандағы мал басының саны, дана; g – бір бас малмен бір тəулікте желінетін жасыл салмақ (0,65-0,70 ц); T – жайылымдық кезеңнің ұзақтығы (150-200 тəулік); y – жасыл салмақтың жобалық өнімділігі, ц/га; f – жайылымды жəне шабындықты қайта қалпына келтіруге қажетті қосымша аудан (жалпы телімнің нақты ауданының 15-25 пайызын құрайды, га).
Мəдени жайылымдардағы қашалардың санын мына өрнек арқы- лы анықтаймыз:
N = to/ tc ,
мұнда, to – орғаннан кейінгі шөптің өсіп-жетілу ұзақтығы (жайылым- ның жалпы ауданын орған кезеңге сай келеді); tc – қашадағы шөпті орудың ұзақтығы (2-3 тəулік).
Қашалардың ауданын мəдени жайылымның жалпы ауданына орналасуға тиісті қашалардың саны бойынша анықтайды: Fз=F/N.
Мəдени жайылымдардың өнімділігін сақтап отыру үшін мал-
дарды арнайы телімдерге кезекпен-кезек жаяды, себебі ол жоғарғы өнімді жəне тұрақты жем-шөппен қамтамасыз етудің алғышарты бо- лып табылады (94-сурет).
Жалпы телімнің ауданы 10-24 қашаға бөледі жəне əрбір қашада малды 2-3 күн жаяды. Құнарлы топырақтарда мал жайғаннан кейін 22-25 тəуліктен, құнарлығы төмен топырақтарда 27-30 тəуліктен соң шөп жамылғысы мал жаюға жарамды қалпына келеді.
Суғармалы мəдени жайылымдарды жобалау кезінде типтік суғару сұлбаларын пайдаланады. Қашалардың өлшемдерін суғару құбырларының немесе жаңбырлатқыш машинаның қанаттарының ұзындықтарына жəне бір орында тұрып суғару еніне байланысты қабылдайды (95-сурет).
Суғармалы мəдени жайылымдарды құрған кезде, тұрақты жəне уақытша қоршауды пайдаланады. Тұрақты қоршауды жайылым алқабының шекараларына жəне мал айдайтын жолдардың бойына орналастырады. Ал қашаларды жəне арнайы мөлшермен орылатын телімдерді уақытша қоршайды жəне ол үшін жылжымалы электрлі бақташыны пайдаланады. Суғармалы мəдени жайылымдардың ше- караларын суғару желісімен байланыстырып анықтайды.
Мəдени жайылымдағы қашаларды жəне мал айдайтын жолдар- ды қоршау үшін темірбетон немесе ағаштан жасалған қадаларды
94-сурет. Мəдени суғармалы жайылымдардағы телімдерді кезекпен пайдаланудың желілік сұлбасы
1 – шөпті ору; 2 – желінбеген шөптерді ору; 3 – шөптің демалуының басқы кезі; 4 – телімдерді тегістеу; 5 – шөптерді себу; 6 – тыңайтқыштар енгізу; 7 – суғару; 8 – шөптің өсу жəне демалу кезеңінің соңы
95-сурет. Мəдени суғармалы жайылымдағы қашалардың жəне құрылымдардың орналасу сұлбасы
1-10 – қашалар; 11 – демалу аймағы; 12 – қақпа; 13 – тұрақты қорошау; 14 – тарату құбыры; 15 – сорғы бекеті; 16 – су көзі; 17 – мал айдайтын жол; 18 – жұмыс істей- тін суғару құбыры; 19-20 – суғару құбырларындағы гидранттар; 21– жиналатын суғару құбырлары; 22 – тарату құбырларындағы гидрант; 23 – уақытша қоршау; 24 – суғару астауы
қолданады. Оларға тікенекті немесе біртегіс 4-6 мм сымды жəне белдеулерді бекітеді. Биіктігі 1,8 метр темірбетон қадалардың 70 см- ін топыраққа көмеді. Ағаштан жасалған қадалардың диаметрін 25- 30 см, бір-бірінен арақашықтығын 5-6 метр, ал темірбетон қада- лардың арақашықтығын 6-8 метр етіп қабылдайды.
Қадаларды орнатқаннан соң оларға сымды үш қатар етіп бекіте- ді. Ең төменгі сымды жер бетінен 30 см биіктікте тартады, ал қалған- дарын 35 см сайын бекітеді.
Малды шығаруға арналған қақпалардың енін 6-8 метр етіп қабылдайды жəне оны қаша қоршауының ортасына орналастырады. Малды бөлімшеден немесе жазғы қостан жайылымға дейін жəне кейін қарай, сонымен қатар қашаға қарай айдағанда, мал айдайтын жолдарды қарастырады. Олардың ені мүйізді ірі қара мал үшін 10-15 метр, ал қойлар үшін 35-40 метр құрайды. Əдетте, мал айдау кез- дерінде бұзылып кетуден сақтау үшін мал айдайтын жолдарға шөп
тұқымдарын сеуіп, шөп жамылғысын жасайды.
Мəдени жайылымдардың суғару тəртібін анықтау, негізінен 0,5 метр топырақ қабатындағы ылғалдың орташа шамасы, оның ылғал сыйымдылығының төменгі (НВ) мəнінің 75 пайызына төмен түсіп кетпеуін қамтамасыз ету тұрғысында қарастырылады. Əдетте екі орымның арасында шөпті, ауа райының жағдайына байланысты 1-2 рет суғарады. Бірінші суғару шөпті орып жəне шөп қалдықтарын жинап болысымен жүргізіледі. Ал екінші суғару 10-12 тəуліктен кейін, бірақта шөпті орардан бұрын 5 тəулік ерте жүргізіледі. Суғару мөлшері мəдени жайылымның орналасқан аймағының топырағының суды сіңіру қабілетіне, жер асты суының деңгейіне жəне суғару техникасының түріне байланысты қабылданады.
Мəдени жайылымдарды суғару кезінде суғару техникасын дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Ол үшін машиналардың сағаттық, ауысымдық, тəуліктік жəне маусымдық өнімділіктерін білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |