Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет115/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
68-сурет.
Сызықты тат
Залалданған бөлікте жергілікті жіпшумақ да- мып, оның үстінде урединий мен урединоспо- ралары түзіледі. Урединийлер қоңыр-қызыл түс- ті, пішіні сопақша (кейде 10 мм) көбінесе буын аралығында қатарласқан сызықшалар түрінде орналасады. Урединиоспоралары сопақтау, түсі сары-қоңыр, көлемі 26-40 х 11-13 мкм, қабығы қоңырлау, қалың (1-3 мкм), беті тікенекті. Ол су тамшысы мен 3-30°С температура аралығында (қолайлы 20°С) өнеді.
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ уредино- споралардың бірнеше ұрпағын береді. Алғашқы бір урединоспорадан миллиондаған споралар

түзілуі мүмкін. Вегетация соңында урединийлердің орнында те- лиоспораларымен телий бөртпелер пайда болады. Телиоспоралары ұзын сабақты, екі клеткалы, ұзынша шоқпар тəрізді, көлемі 25-78 х 10-24 мкм. Жоғарғы бөлігі сопақтау, кейде тегіс, жуандау, қабығы жылтыр, түсі сары-қоңыр немесе қоңыр.
Телиоспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде жеті- ліп 9-29°С температурада (қолайлы 18-22°С) жəне 95-100% ылғал- дылықта өнеді. Пісіп жетілген телиоспоралар ылғалды ортада 3-4 сағатта базидия мен базидиоспораларға айналады. Базидиоспора- лар бөріқарақат пен магонияны залалдайды. Олардың жапыра- ғында спермагоний мен эцийлер түзіледі. Бұл саңырауқұлақ көп- жылдық дəнді арам шөптердің тамырында урединий жіпшесі түрін- де қыстап, көктемде урединиоспоралар беруі мүмкін.
Өсімдіктің сабағында, жапырағында, оның қынабында, масақша қабыршағында, мұртшаларында сопақтау қоңыр татты бөртпелер пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет