Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Дəнді дақылдардың сары таты



бет118/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Дəнді дақылдардың сары таты. Ауру қоздырғышы – Puccinia striiformis West. саңырауқұлағы (70-сурет). Қоздырғыштың дамуы жартылай циклмен өтеді. Аралық иесі белгісіз. Вегетация кезеңін- де саңырауқұлақ урединиоспораларының бірнеше ұрпағы түзіледі. Урединиоспоралары бір клеткалы, түсі қызыл-сары, шар тəрізді немесе сопақша, көлемі 18-32 х 14-25 мкм, қабығы түссіз, ұсақ тікенекті.


70-сурет. Сары тат
Телий бөртпелер жапырақтың астыңғы бетінде жəне жапырақ қынабында майда, түсі қара-қоңыр, сызықша орналасқан эпи- дермиспен жабылған дақ түрінде пайда бола- ды. Телиоспоралары екі клеткалы, ұзынша, шоқпар тəрізді, көлемі 2 6-56 х 13-24 мкм, төбесі тегіс, түсі қоңыр, сабағы қысқа, түссіз. Күзде саңырауқұлақ жіпшесі күздік би- дайды залалдап, оның жапырағында сақта- лады да, көктемде түзілген урединиоспо- ралар жаздыққа көшеді. Жаздық пен күздік аралығында саңырауқұлақ жерге түскен би- дай тұқымынан өз бетінше өнген өскінде
сақталады.

Тау жəне тау бөктеріндегі аймақтарда астық тұқымдас жабайы өсімдіктерде саңырауқұлақ жіпшумақ түрінде сақталады. Қоздыр- ғыштың қолайлы даму температурасы 15-170С. Өсімдіктің залал- дануы су тамшысы (ылғал) болған жағдайда өтеді. Бидайдан басқа сары тат ауруымен сұлы, арпа, қара бидай жəне көпжылдық астық тұқымдас жабайы өсімдіктер залалданады.
Аурудың белгісі өсімдіктердің масақтану кезеңінде кейде ерте- рек білінеді. Өсімдік жапырағында майда қызыл-сары немесе ашық- сары ұнтақты бөртпелер қатарласып, ретпен, кейде тізбектелген сызықша тəрізді орналасады. Жапырақтан басқа өсімдіктің жапы- рақ қынабы, кейде сабағы, қылтанағы, масақ қабыршақтары жəне дəндері ауруға шалдығады. Залалданған ұлпалар
түссізденіп, жапырақ қурап, кейін эпидермис ас- тында қара бөртпелер (телий бөртпелер) пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет