Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет126/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

76-сурет. Септориоз
Бидай мен қара бидайдың өскіндерінде S.tritici Rob. et Desm. саңырауқұлағы кездеседі. Өсімдік сабағында ұзынша, сары түсті көптеген пикнидалы дақтар пайда болады. Ауру қатты дамығанда өсімдік сабағы қисайып, сынады.
Бидайда S.nodorum Berk. саңырауқұлағы да кездеседі. Бұл қоздырғыш бидайда қабыршақ немесе жолақ септориоз түрлерін туғызады. Өскін жер бетіне шыққаннан кейін 2-4 апта аралығында аурудың алғашқы белгілері колеоптильді түгел қамтыған қоңыр сызықшалар түрінде білінеді. Көктемде залалданған жапырақ қы- набының бөліктерінде қара-қоңыр жəне ашық түстер кезектесіп орналасады. Жапырақта пайда болған қоңыр дақтар жансызданып қурайды.
Сабақтағы дақтар ұлғайып буынаралығының көпшілік бөлігін алады, ал жоғарғы буынаралықтары жасыл түсін сақтайды. Масақ өзегі негізінің қабыршақпен жабылмаған бөлігі қоңырланады. Дəн- дер бүрісіп, қоңырланып, шыны тəрізденіп, жырашығы тереңдейді. Пикнидалар өсімдік қалдықтарында жəне дəнде қыстайды.
Кесел белгісі негізінен жапырақтарда, кейде сабақ пен масақ- тарда білінеді. Залалданған мүшелерде ашық-сары, ашық-қоңыр, қоңыр жиекті дақтар пайда болып, бетінде қара, майда пикнидалар түзіледі. Жапырақтар түссізденіп, бірте-бірте қурайды. Ауру өсім- діктердің өсуі саябырлап, қатты түптеніп, дəн қауызы дақтанып, масақ түсі қоңырланып немесе ала-құла болады. Бұл масақта дəн түзілмейді, егер түзілсе, жетілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет