Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет127/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Қарлы зең (фузариоз). Ауру қоздырғышы – Fusarium nivale Ces. саңырауқұлағы. Қоздырғыш жіпшумағы ұзын талшықты не- месе топталған, түсі қызғылт, торлы өңез түзеді. Микроконидия- лар ұнтақталған өңез түрінде, кейде топталып түйіршіктенген қыз- ғылт, шырышты қабат құрады. Кепкенде ол қоңырланып, қызыл кірпіш, кейін қызғылт түске айналады. Макроконидиялары орақ тəрізді, ұштары жіңішкеріп доғалданады, сабақсыз, 1-3 кейде 4-7 перделі, массада түсі қызғылт, көлемі 23-30 х 3-4 мкм. Қоздырғыш жіпшумағы ұшында телиоспоралар түзіледі.
Жіпшумақта кейін шар тəрізді, түсі сарғыш-қызыл, ішінде көп- теген шоқпар тəрізді қалталары бар перитецийлер түзіледі. Қал- таспоралары ұршық тəрізді, сəл иілген, екі перделі, көлемі 10-20 х 2-4 мкм. Қалталы кезеңде саңырауқұлақ Calonectria graminicola Wr. деп аталады. Қалтаспоралар дəн жəне дəн қауыздарын залалдайды.
Инфекция қоры өсімдік қалдықтарында, топырақта перитеций мен хламидоспора түрінде сақталады.
Көктемгі жоғары ылғалдылық пен төмен температура аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қоздырғыштың дамуына қо- лайлы температура 2-60С.
Көктемде қар ерігеннен соң күздіктердің жапырағында сулы дақтар пайда болып, олардың бетінде алғаш ақ, кейін қызғылт түс- ті жеңіл өңез түзіледі. Залалданған жапырақтар қурап, кейде жапы- рақ қынабы жəне түптену бунағы жансызданып, көпшілік жағ- дайда өсімдік түгел жойылады. Ауруға шалдыққан өсімдіктер тобы жойылып, егістік тазданады.
Бұл кесел көбінесе қолайсыз жағдайдан əлсіреген өсімдіктерде дамиды. Жылы көктемде саңырауқұлақ басқа патогендермен бірге өсімдіктерді залалдайды. Қарлы зең ауруын Fusarium туысына жа- татын басқа да саңырауқұлақтар (F. avenaceum Sacc., F. culmorum Sacc. жəне т.б) қоздырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет