Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Бактериялы жəне вирусты аурулар Жоңышқаның солуы (вилт)



бет157/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Бактериялы жəне вирусты аурулар Жоңышқаның солуы (вилт). Ауру қоздырғышы – Corinebac-
terium insidiosum Jensen бактериясы. Қоздырғыштың дамуына су
тамшысы мен 12-18°С температура қолайлы жағдай туғызады.
Бактериялар насекомдар, топырақ өңдеуде қолданылатын құрал- саймандар, сабақ кесінділері, төменгі температураның əсерінен болған жарықтар арқылы өсімдікке енеді. Бұл ауру беде мен түйе- жоңышқада да кездеседі.
Өсімдіктің сабақ түтіктері жəне тамыр жүйесі залалданады. Ауруға шалдыққан жоңышқаның өсуі саябырлап түбінен көптеген сабақтар дамып «мыстан сыпырғышы» тəрізденеді. Кеселденген өсімдік ақшыл-жасыл, сары түсті, ыссы ауа райында оның жапы- рақтары қоңырланады. Əр шабыннан кейін өсімдік нашар дамып, соңынан қурайды.
Залалданған өсімдік сабағы мен негізгі тамырдың көлденең кесіндісінде қабық астында алғаш сарғыш сақина немесе жартылай сақина тəрізді, кейін қоңырланатын түтіктер байқалады. Тамыр қабығын аршығанда орталық сүректің сыртқы бөлігі сары немесе ашық-қоңыр түсті, ал сау өсімдіктерде ол ақ немесе сəл сарғыш болады.
Бактерия шөп шапқыш машина, насекомдар, кеміргіштер арқы- лы таралып, қолайсыз жағдайдың əсерінен нашар дамыған өсім- діктерді залалдайды. Ауру қоры – залалданған өсімдік қалдықтары. Беде бактериозы. Ауру қоздырғышы – Pseudomonos trifolio-
rum Stapp бактериясы. Жоғары ылғалдылық пен 18-200С темпера- турада бактерияның инкубациялық кезеңі 6-10 күнге созылады. Өсімдікке бактериялар жапырақ саңлаулары арқылы енеді. Бакте- рия өсімдік қалдықтары жəне тұқым арқылы таралады.
Кесел негізінен жапырақта дамиды. Жапырақтың төменгі бе- тінде сулы дақ пайда болады. Ылғалды ауа райында дақтан экс- судат шығып, кейін ол қатып, ақшыл жұқа қабыршаққа айналады. Дақ айналасы сары жиекпен жиектеледі. Ұлғайған дақ қоңырла- нып, қараяды. Кепкен дақтар жарылып үгітіледі де, орнында тесік қалады. Ауру қарқынды дамығанда, өсімдік қурайды. Дақтар өсім- діктің барлық бөлігінде түзілуі мүмкін.
Мозаика. Ауру қоздырғышы – Alfalfa mosaic virus вирусы. Бұл аурумен мəдени өсімдіктермен қатар арам шөптер залалданады. Ви- рус бітелер арқылы таралады. Түрлі өсімдіктер (ақ түйежоңышқа, далалық шырмауық, жабайы беде) ауру қоры болуы мүмкін.
Өсімдіктің жапырақтарында əртүрлі (ашық-жасыл, сары) мо- заикалар түзіліп, жапырақтар деформацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет