Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет197/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Вирусты аурулар




Жолақты мозаика. Ауру қоздырғышы – Y (Solanum virus 2 Smith.) вирусы (123-сурет). Қоздырғыш картоптан басқа да алқа тұқымдастарын – қызынақ, темекі, тəтті бұрыш жəне жабайы өсімдіктерді (меңдуана, қара алқа) залалдайды. Вирус бітелермен жəне өсімдік шырынымен жұғады. Өсімдік шырынында ол 20-22оС температурада 12 тəулік бойы тіршілігін сақтайды. Бұл вирустың көптеген штаммдары бар. Инфекция қоры – ауру түйнек.


1 2 3


123-сурет. 1 – жолақты, 2 – секпілді, 3 – қатпарлы мозаикалар
Кеселдің белгісі алғаш өсімдіктің төменгі жапырақтарында мозаика түрінде білініп, біртіндеп жоғарғыларына жылжып, кейін жолақты некроздар мен дақтар пайда болады. Жапырақтар морт сынып, түсі қоңырланып, қурап түсуі мүмкін немесе жіңішкеріп жансызданған сағағымен негізгі сабақта ілініп тұрады.
Қатпарлы мозаика. Ауру қоздырғышы – Y (Solanum virus 2 Smith.) жəне X, S, K, A вирустары. Қоздырғыш картоптан басқа алқа тұқымдастарын да залалдайды. Кесел негізінде картоп түйнегі арқылы жұғып, ал вегетация кезінде бітелер жəне механикалық жарақаттар арқылы таралады. Инфекцияның негізгі қоры – залал- данған түйнектер.
Залалданған жапырақтың жүйке аралығындағы перенхима ұл- пасы қарқынды дамып, қатпарланып төмен (астына) қарай шира- тылады.
Алғашқы жылы аурудың белгісі аса білінбей, ал екінші, үшінші жылдары (ұрпағында) залалданған өсімдіктердің өсуі саябырлап, буынаралықтары қысқарып, жапырақтары бұйраланып, хлороз- данады. Өсімдік жапырақтары мен сабақтары сынғыш келіп, мер- зімінен ерте қурайды. Ауру өсімдіктің леп саңлауының қызметі бəсеңдеп, ұлпаларының ылғал сақтау қабілеті төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет