Секпілдімозаика. Ауру қоздырғышы – X (Solanum virus 1 Smith.) вирусы. Кейде S, M, Y, A, F вирустары аралас кездеседі. Қоздырғыш картоптан басқа көптеген өсімдіктерді – қызанақ, темекі, беде, алқа, меңдуана жəне т.б. залалдайды.
Кесел өсімдік тамыры арқылы сирек таралады. Вирус насе- комдармен, ауру жəне сау өсімдіктердің жанасуымен, жұмыс киім- дерімен жəне арам шөптермен (қалуен, ақ алабұта, гүлтəжі, да- лалық шырмауық, меңдуана жəне т.б.) таралады. Жұмыс киімінде қоздырғыш 6 аптаға дейін тіршілігін сақтайды. Инфекцияның қо- ры – ауру түйнектер.
Жас жапырақтарда ақшыл-жасыл түсті, секпілді дақтар пайда болады. Өсімдіктің кейбір сорттарында қара, майда некрозды дақ- тар түзіліп, басқаларында аурудың сыртқы белгісі білінбейді.