Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет196/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

121-сурет. Қара мойнақ

Қоздырғыш өсімдікті өскін кезеңінен бастап өнімді жинауға дейін залалдайды. Ауруға шалдыққан өскін нашар дамып, сарғайып, солады. Жапырақтары ширатылып бірті-бірте қурайды, сабақ негізі қара-қоңыр немесе қара түске еніп, тамыр мойны шіріп, əлсіреген өсімдік топырақтан жеңіл суырылады. Түйнекте аурудың белгісі столонға тіркелген бөлігінен басталып сулы шірік түрінде ортасына қарай жылжиды. Залалданған ұлпа қарайып, жағымсыз иіс пайда болады. Кесел жоғарғы ылғалдылық орташа температурада (16- 20оС) жақсы дамиды.


Сақиналы шірік. Ауру қоздырғышы – Corynebacterium sepe- donicum Skapt. et Burkh. бактериясы (122-сурет).


122-сурет. Сақиналы шірік
Қоздырғыш алқа тұқымдастардың кейбір түрлерін ғана за- лалдайды. Бактерия өсімдікке жарақат арқылы еніп, түтіктер жү- йесімен сабағына жəне түйнегіне жылжиды. Ауру өте баяу дамып, өсімдік түтіктері бактериялармен тығындалады. Залалданған тү- тіктердің сауларынан сырттай айырмашылығы болмайды.
Ауруға шалдыққан тұқымдықтың өнгіштігі саябырлап, инфек- ция столон арқылы жаңа байланған түйнектерге өтеді. Инфекция кесілген тұқымдық түйнектер арқылы сауларына жұғады да ауру қоры болып табылады.
Ауруға шалдыққан өсімдіктердің жапырағы орта жүйкесін бой- лай ширатылып қурайды. Кеселге тəн белгі – түптің бір жақты со- луы, жеке жапырақтың немесе сабақтың қурауы. Картоп түйнегінің кесіндісінде түтіктер сақинасының сары түсі қоңырға өзгергені байқалады. Кесіндіні сəл жаншыса, одан ботқа массасы бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет