127-сурет. Жалған ақ ұнтақ
Бұл ауруға көшеттер, өсіп-өркендеген өсімдіктердің жапыра- ғы, сонымен қатар тұқымдықтардың сабағы жəне тұқымқаптары шалдығады.
Аурудың белгісі жапырақтың үстіңгі бетінде ашық-сары, жа- йылған дақ, ал оның астыңғы бетінде ақшыл-сұр, селдір өңез түзілуімен білінеді. Залалданған жапырақтар сарғайып, жансыз- данып, өсімдік қурайды.
Тұқымдық өсімдіктердің жапырағында, сабағында, гүл саға- ғында, тұқымқабында түсі қара, көлемі əртүрлі дақтар түзіледі. Тұқымқабындағы басылған дақтардың бетінде селдір ақ түсті өңез пайда болып, онда түзілген тұқым да ауруға шалдығады. Мұндай тұқымды сепкенде ауру өскін дамып, саңырауқұлақ диф- фузды таралып, кеселдің белгісі тұқым жарнағы жапырақтарында білінеді. Қоймада сақталу кезінде залалданған қауданның сыртқы жапырақтарында ақ өңезді, жайылған сұрғылт дақтар пайда болады. Фомоз немесе құрғақ шірік. Ауру қоздырғышы Phoma lingam Desm. саңырауқұлағы (128-сурет). Жіпшумағы эндофитті, клет- ка аралығымен тарайды. Пикнидалар ұлпаға батып орналасып, сыртқа жоғарғы бөлігі ғана шығып тұрады. Пикноспоралары ұзын- ша, цилиндр тəрізді, сəл иілген, түссіз. Саңырауқұлақ өсімдікке зақымданған ұлпалар арқылы енеді. Инкубациялық кезеңі 5-8 күнге, кейде одан да ұзаққа созылады. Аурудың дамуына қолайлы жағдай 21-230С температура жəне 60-80% ауа ылғалдылығы. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ 5-8 ұрпақ береді. Капустамен қатар барлық крестгүлділер бұл ауруға шалдығады. Ауру қоры тұқымда жəне
өсімдік қалдықтарында сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |