Жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз. Ауру қоздырғышы – Peronospora brassicae Gaeum. саңырауқұлағы (127-сурет). Оның бір клеткалы жіпшумағы клетка аралығында таралып, жапырақ сырты- на леп саңлауы арқылы конидиялы спора тасушылары шығып, ақ түсті, жеңіл өңез түзеді Конидия тасушылар дихотомиялы тармақ- талып, сəл иілген соңғы тармақтың ұшында бір клеткалы, пішіні сопақша, көлемі 12-28 х11-23 мкм конидиялар пайда болады. Ұлпа ішінде түзілген диаметрі 25-30 мкм ооспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, көктемде өсімдікті алғаш залал- дайды, ал қайта залалдану – конидиялармен жүреді.
Кейбір авторлардың айтуынша саңырауқұлақ тұқым қабығын- да да сақталады. Залалданған көшеттерді егістікке отырғызғанда, аурудың дамуы тежеледі. Ылғал мол жағдайда ауру қайта өрбіп, белгісі төменгі жасыл жапырақтарда білінеді. Азыққа арналған капустаға ауру қауіпсіз, ал тұқымдықта аса зиянды. Қоздырғыш қаудан өзегіне еніп, көктемге дейін сақталып, одан ауру өсімдік өсе- ді. Саңырауқұлақ 10-15°С температура мен су тамшысында жақсы дамиды. Капустадан басқа да шаршыгүлдер бұл қоздырғышпен залалданады.