Саңырауқұлақ аурулары
Қара мойнақ. Ауру қоздырғыштары əртүрлі микроорганизмдер
Rhizoctonia solani Kuehn., Olpidium brassicae Wor., Pythium deba- ryanum Hesse., Alternaria, Fusarium туыстарының саңырауқұлақтары жəне т.б. (125-сурет).
125-сурет. Қара мойнақ
Қазақстанда капуста көшетін көбінесе Rh.solani залалдайды. Саңырауқұлақтың алғаш түссіз, кейін қоңырланатын жіпшелерінің үстінде – псевдосклероцийлар түзіліп, топырақта бірнеше жыл сақталады.
Залалданған көшеттерден дамыған өсімдіктерде, əсіресе кеш пі- сетін сорттарында, күзде ауру қайталанады. Жапырақтар өзегінен ажырап шіріп, орта жүйке маңайында ұсақ, қара түсті склероций- лар түзіледі. Ауруға шалдыққан қауданның сыртқы жапырақтары қоймада сақталу кезінде сарғайып, құрғап, кейде түгел шіриді.
Бұл аурудың пайда болуына жоғары ылғалдылық, егістікте
өсімдіктің жиілігі, азот тыңайтқышының артық мөлшері, ауа тем- пературасының күрт жоғарылауы жəне т.б. қолайлы жағдай туғы- зады. Крестгүлділерден басқа осы ауруға қияр, қызылша, сəбіз, салат, қызанақ, бұрыш, баялды, қарақұмық жəне т.б. өсімдіктер шалдығады. Аурудың негізгі қоры – топырақ жəне өсімдік қал- дықтары.
Ауру алғаш көшеттерде білініп, оның сабағының түбі (негізі) жəне тамыр мойны қарайып, жіңішкеріп, шіріп, өсімдік жапыры- лып қурайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамыры нашар даму себебінен олар топырақтан оңай суырылады.
Кила. Ауру қоздырғышы – Plasmodiophora brassicae Wor. саңы- рауқұлағы (126-сурет). Қоздырғыш облигатты паразит. Саңырау- құлақтың вегетативті денесі – плазмодий. Одан зооспорангий немесе тынышталған спора дамиды. Зооспора өнеді де, тамыр түктеріне еніп, плазмодийға айналады. Залалданған клеткалардың көлемі ұлғайып (гипертрофия) ісіктер мен бұлтықтар түзіледі. Клеткалар бөлінгенде, плазмодий да бөлінеді. Залалданған клетка көлемі сауларына қарағанда 5 еседей ұлғаяды. Өсімдіктің қарқын- ды дамып, бөлінетін камбий клеткалары ауруға тез шалдығатын- дықтан, патогенге аса сезімтал болады.
Достарыңызбен бөлісу: |