Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет205/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

128-сурет. Фомоз

Залалданған тұқым жарнағында ашық-қоңыр түсті дақтар пай- да болады. Сабақтың төменгі бөлігінде, тамырда дақтар сарғыш- сұр түсті, сəл басылған. Дақтар кейін қоңырланып, үстінде қара пикнидалар түзіледі. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгітіліп, өсімдік қурайды. Залалданған көшеттерді егістікке отырғызғанда аурудың дамуы жалғасып, өсімдіктің өсуі саябырлап, ақшыл-жасыл түске еніп, төменгі жапырақтары қызыл-күлгін болып немесе көкшіл- денеді. Дақтарда түзілген пикнидалардан споралар шығып, басқа өсімдіктерді залалдайды.


Өсіп-өркендеген өсімдіктердің барлық мүшелерінде дөңгелек немесе сопақша, түсі сұрғылт, қоңыр жиекті дақтар пайда болады да, үстінде қара пикнидалар түзіледі. Сабақ залалданған бөлік- тен сынады. Қоймада сақталу кезінде залалданған тұқымдықтарда ауру өршіп, қауданның өзегі шіріп, үгітіледі. Ондай тұқымдықтар кейін егістікке отырғызғанда өспей, солып қурайды. Жансызданған өсімдіктердің өзегі мен тамыры құрғақ шірікке айналып, ұлпалары мен түтіктері қоңырланып іші ақ жіпшеге толады. Ауруға шалдық- қан тұқымқапта түзілген тұқымдар да залалданып, саңырауқұлақ жіпшелері олардың беткі қабығында бірнеше жыл сақталады.
Альтернариоз. Ауру қоздырғышы – Alternaria brassicae Sacc. саңырауқұлағы (129-сурет). Оның көп клеткалы жіпшумағы клетка аралығымен таралып, залалданған ұлпа бетінде қара-қоңыр түсті өңез пайда болады. Конидия тасушылары қысқа, түсі қоңыр, ал ко- нидияларының құрылысы мен пішіні əр түрлі. Жас конидиялар бір
клеткалы немесе бір перделі, сабақсыз. Жетіле келе көлемі ұлғайып, оны бойлаған жəне көлденең перделерінің саны көбейген, сарғыш- қоңыр түсті конидиялар тізбектеліп орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет