Тамыр шірігі. Ауру қоздырғышы – Fusarium туысының (F. oxysporum Schlecht жəне т.б.) саңырауқұлақтары (132-сурет). Олар сапрофитті паразиттер, өсімдікті əлсіреген жағдайда залалдап, та- мыр шірігін қоздырады. Инфекция қоры – өсімдік қалдықтары мен топырақ.
132-сурет. Тамыр шірігі
Өскіннің тамыры шіріп, өсімдік жапырылады. Сабақтың тұқым жарнақтан төмен бөлігі жіңішкереді де өскін кенеттен жапырылады. Өсіп жетілген 1-2 нағыз жапырақты өскіндердің сабағы жапырақ астынан жіңішкеріп, шіриді.
Өсіп-өнген өсімдіктердің жапырақтары астыңғысынан бастап сарғайып, өсімдік солады. Сабақ негізі мен тамырлары қоңырла- нып, талшықтанып, жас тамырлардың шашақтары түзілмейді. Ауру
өсімдіктердің түтіктерінде паренхималық клетка қабықшасынан көптеген өскіндер түзіліп, өсімдік бойымен судың жүруіне кедергі жасайды. Бұл кеселге көбінесе қолайсыз жағдайлардан (темпера- тура, топырақтың жоғары ылғалдылығы мен бетінде қабыршық- тың түзілуі жəне т.б.) əлсіреген өсімдіктер шалдығады.
Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы – Erysiphe cichoracearum DC. f. cucurbitacearum Poteb., Sphaerotheca fuliginea Poll. f.cucurbitae Jacz. саңырауқұлақтары (133-сурет).
Саңырауқұлақтың E.cichoracearum түрімен залалданған өсім- дікте ақ, мол өңез көбінесе жапырақтың үстіңгі бетінде пайда болып, жеміс денелері – клейстотецийлер өте сирек түзіледі. Клей- стотецийлердің қосымшалары қысқа, бұтақталмаған, жеміс дене ішінде орналасқан 12 қалтаның əрқайсысында түссіз, пішіні жұ- мыртқа тəрізді екі қалтаспора (аскоспора) болады. Бұл саңырау- құлақ дала егісінде қияр, асқабақ, қауын, қарбыздарды залалдайды. Ауру қатты дамығанда өсімдік жапырағы мен өркендері қурап, өнімнің шығымы мен сапасы төмендейді. Клейстотецийлер өсімдік қалдықтарында қыстайды.
Достарыңызбен бөлісу: |