Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет210/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Ақ шірік (склеротиниоз). Ауру қоздырғышы – Sclerotinia liber- tiana Fusk (Scl. sclerotiorum dBy.) саңырауқұлағы (134-сурет). Ол көкөніс пен күнбағыс дақылдарын залалдайды. Аурудың дамуына қолайлы жағдай – жоғары ылғалдылық жəне 12-15°С температура. Склероцийлар өсімдік қалдықтарында, топырақта қыстап, көктем- де апотецийге өнеді. Апотеций ішінде қалта мен қалтаспоралар түзіліп, өсімдікті қайта залалдайды. Жылыжайларда склероцийлар жіпшумаққа өніп, өсімдікпен жанасып, сабақ негізін залалдайды. Бұл саңырауқұлақта жыныссыз спора – конидия түзілмейді.
Өсімдік сабағының негізінде кесел шірік түрінде білініп, за- лалданған бөлік мақта тəрізді ақ өңезбен жабылады. Сабақ тал- шықтанып ыдырап, жапырақтары салбырап, өсімдік қурайды. Кесел өсімдіктің жоғарғы бөліктерінде жəне жемістерінде болуы мүмкін. Залалданған жеміс жұмсарып, ақ өңезбен жабылады. Ауруға шал- дыққан өсімдік бөліктерінде ірі, түсі қара склероцийлар түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет