10-сурет. Телиоспорадан өнген базидиоспоралар
Базидиомицеттерде дикариотты жəне диплоидты кезеңдер көбі- рек кездеседі. Гаплоидты күйінен дикариотты кезеңге тек бір жіп- шумақ бойымен өтетін болады. Бұл жағдайды гомоталлизм деп атайды. Морфологиялық бірдей, əр жынысты клеткалар қосылса, оны гетероталлизм деп атайды.
Дейтеромицеттерде жынысты көбеюдің орнына гетерокариоз жəне парасексуалдық үдерістер жүреді.
Гетерокариоз деп жіпше клеткасында түрлі бірнеше ядролардың болуын айтады. Олар клеткаға анастомоз арқылы еніп, бір-бірімен қосылмайды.
Парасексуалдық үдерісте бір клеткадан екіншісіне көшкен яд- ролар қосылады. Түзілген диплоидты ядролар бөлінеді, кейде ге- нетикалық өзгерістер болады.
Саңырауқұлақтарда жынысты жəне жыныссыз споралар əртүрлі түзіледі. Бір саңырауқұлақтың əртүрлі споралар түзетін қабілетін плеоморфизм деп атайды.
Саңырауқұлақтар өте көптеген споралар түзеді. Мысалы, му- кор саңырауқұлағының бір спорангиясында ондаған мың, ал тат са-
ңырауқұлағының бір бөртпесінде бірнеше мың споралар болады. Жыныссыз споралар қолайлы жағдайда бір вегетациялық кезеңде бірнеше ұрпақ беріп, споралардың саны көбейіп, жылдам таралып, ауру тез дамып, өршиді де көп зиян келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |