кен телиоспоралар
көктемде базидияға өніп, одан бүршіктенген 4-12 базидиоспоралар түзіледі.
Соңғылар бір-бірімен қосылып,
инфекциялық жіпшеге айналып, өскінді залалдайды. Жіпшумақ өсімдікте диффузды таралып өсу нүктесіне жетіп, өсімдіктің барлық мүшелеріне (жапырақ, сабақ, масақ) тарайды. Сырттай бұл үдеріс білінбейді. Өсімдіктің дəні түзіле бастағанда жіпшумақ қарқын- ды дамып дəнді бұзады. Жіпшумақ кейін қара спора массасына айналады.
Саңырауқұлақ споралары дəн бетінде,
өсімдік қалдықтарында,
топырақта қыстайды, бірақ топырақтағы споралар түрлі микроор- ганизм əсерінен ыдырап, ұзақ сақталмайды. Сондықтан да телио- споралар жаздық бидайдың артынша себілген күздікті залалдайды. Сонымен
қатар тұқым себетін машиналар, қолданылған құралдар жəне т.б. инфекция қоры болуы мүмкін.