Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет247/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Алхорының қалташығы. Ауру қоздырғышы – Taphrina pruni Tul. саңырауқұлағы (164-сурет). Қоздырғыш жіпшумағы жеміс кутикуласының астында дамиды. Қалталары цилиндр, ал қалта- споралары сопақша пішінді. Бір қалтада 8, кейде одан да көп спора болады.


164-сурет. Қалташық

Ауруға ағаштың бұтағы мен жемісі шалдығады. Ауруға шал- дыққан бұтақтар жуандап, бұралып өседі. Қоздырғыш бұтақтардың сыртқы қабатында қыстап, көктемде гүл сағағымен гүлге көшіп, соңынан түйіндерді залалдайды. Кеш гүлдейтін жəне гүлдеу кезеңі ұзаққа созылатын сорттар, гүлдеуі қысқа мерзімде өтіп, ерте гүлдейтіндеріне қарағанда қатты залалданады. Гүлдеу кезеңіндегі жоғары ылғалдылық пен жылылық аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады.


Өсімдіктің гүлдері залалданып, олардан ауру жеміс түзіледі. Жемістер алғаш жасыл түсті, кейін сарғайып, қоңырланады да беті саңырауқұлақтың қалта мен қалтаспораларынан тұратын ақ-сұр өңезбен жабылады. Жемістер пішінін өзгертіп, ұзарып кейде иіліп, етті бөлігі шырынсыз болады. Залалданған жеміс сүйегінің орнын- да қуыс түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет