Алхорының қызыл дағы (полистигмоз). Ауру қоздырғышы
– Polystigma rubrum DC. саңырауқұлағы (163-сурет). Қоздырғыш барлық сүйекті жемістілерді залалдайды. Ине тəрізді сəл иілген конидиялар пикнидадан ақ таспа сияқты иректеліп шығады. Олар өсімдікті залалдамайды, тек жыныстық үдерісте қатынасып, саңы- рауқұлақтың қалталы кезеңі дамиды.
163-сурет. Қызыл дақ Саңырауқұлақ перитеций түрінде түскен жапырақтарда қыс- тайды. Перитецийлер шар тəрізді, стромаға батып орналасады. Қалталарының пішіні шоқпар сияқты, бір клеткалы 8 сопақша споралары бар. Олар қыс бойы жетіліп, көктемде жас жапырақтар- ды залалдайды.
Жапырақтың екі бетінен де айқын білінетін сарғыш немесе ашық қызыл түсті дақтар пайда болады. Соңынан дақтар қалыңдап, қызыл түске айналып, жалтырап, жапырақ түскеннен кейін олар қоңырланады. Дақ үстінде пикнидалардың саңлаулары көрінеді.