Жеміс ағаштарының бактериялы күйігі. Ауру қоздырғышы
– Erwinia amylovora Winsl. et al. бактериясы. Қоздырғыш суық пен құрғақшылыққа төзімді, ал 45-50°С температурада тіршілігін жояды. Қоздырғыштың дамуына қолайлы температура 180С жəне жоғары ауа ылғалдылығы (70%), ал температура жоғарылаған са- йын ауру бəсеңдеп, тоқталады.
Қоздырғыш насекомдармен, əсіресе бактерия экссудатымен қоректенетін аралар, соналар, сондай-ақ отырғызу жəне телінуші материалдармен, жемістермен таралады. Өсімдік əртүрлі жаралар мен жарақаттар, кейде леп саңлауы жəне күтіп-баптауда қолданыл- ған құралдар (ара, пышақ) арқылы да залалданады.
Бұл ауруға көптеген жеміс ағаштары, əсіресе алмұрт қатты шалдығады. Қоздырғыш ауру өсімдіктің клетка аралығында қыстап шығып, көзшелер мен шырындықтар арқылы енеді. Инфекция жи- нақтаушылар долана, шетен болуы мүмкін.
Кеселдің белгісі көктемде өсімдіктің гүлдеу кезеңінде білінеді. Залалдану гүл шоғырынан басталып бұтақтарына көшеді. Ауруға шалдыққан ағаштардың гүлдері кенеттен қарайып, солып, бірақ түс- пей ілініп тұрады. Жас бұтақтар мен жапырақтар ұшынан бастап
қарайып, кейін соңғылары ширатылып, қурап, бірақ түспейді. Өсіп, жетілген жапырақтар шетінен бастап қарайып, кейін қызыл-қоңыр түске еніп, вегетацияның соңына дейін ағашта қалып қояды.
Ағаш қабығында қоңыр-жасыл немесе қара-қоңыр түсті шеті көмескі сулы дақтар пайда болып, көлденең кесіндісінде қоңыр-жасыл немесе қоңыр түсті ұлпалар көрінеді. Сау жəне ауру ұлпалардың аралығы мрамор тəрізді камбиймен шектеледі. Қабық жұмсарып, ақшыл экссудат пайда болып, соңынан кеуіп, қоңырланады. Эпидермис қабықтан ажырап, кейін ауру қабық шы- тынап, сауларынан бөлектенеді.
Жаздың бастапқы кезеңінде залалданған жемістер қарайып, қыртыстанып, ағаш басында жапырақтар сияқты түспей ілініп тұрады. Жаздың екінші жартысында залалданған жеміс бетінде алғаш сулы, жасыл кейін қызыл-қоңыр дақтарда ақшыл экссудат түзіледі. Жас ағаштардың жоғарғы ұшындағы жапырақтары алғаш түссізденіп, өркен ұштары қисайып, солады да, 1-2 жылда ауру ағаштар қурап, жойылады.