Тамыр ісігі (рак). Ауру қоздырғышы – Pseudomonas tume- faciens F. Stevens (Agrobacterium tumefaciens Conn.) топырақ бак- териясы (161-сурет). Өсімдік ұлпасына бактерия өскін мен ағаш- тарды жер ауыстырып отырғызғанда залалданған тамырлар неме- се насекомдардың жарақаттары арқылы енеді. Бактерия өсімдікке көзшелер, сондай-ақ тамыр қабығының шытынаған жарақаттары арқылы да енуі мүмкін. Қоздырғыштың əсерінен тамыр ұлпасы қарқынды өсіп, ісік (бұлтық) пайда болады. Ісіктер алғаш жұмсақ, түсі ақ-сұр, кейін ағаштанып, қатып немесе ыдырап, бөлініп түседі.