Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет237/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Кəдімгі (европалық) рак. Ауру қоздырғышы – Nectria galligena Bres. саңырауқұлағы (158-сурет). Қоздырғыш конидиялы кезеңін- де – Cylindrocarpon mali Wr. деп аталады. Залалданған мүшелерде тегіс, ақшыл жастықша тəрізді саңырауқұлақтың конидиялы спора тасушыларында екі түрлі конидиялар түзіледі. Микроконидиялары түссіз, бір клеткалы, ал макроконидиялары – ұзынша, цилиндр тə- різді, тік немесе сəл иілген, көп клеткалы. Ауру жаз бойы кони- диялармен таралады.


158-сурет. Кəдімгі рак

Саңырауқұлақ залалданған мүшелерде жіпшумақ немесе пери- теций түрінде қыстайды. Перитецийлер шар тəрізді, қызыл кірпіш


немесе ал-қызыл түсті строма ішінде орналасады. Қалталар ци- линдр тəрізді, көлемі 100-110 х 10-12 мкм. Екі клеткалы қалта- споралар 00С температурада өсімдікті қыста да залалдайды. Ыл- ғалды, жылы қыста ауру қатты дамиды.
Діңі мен бұтақтары түрлі жарақаттар мен күйіктерден əлсіре- ген ағаштар ауруға жиі шалдығады.
Аурудың екі түрі (жабық жəне ашық) болады. Жабық түрі ағаштың бұтақтарында, ал ашығы – діңінде кездеседі. Жабық түрін- де ағаштың жарасы шормен түгел жабылып, тек кішігірім саңлау қалады. Ағаш түрлі механикалық жарақаттар арқылы залалданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет