156-сурет. Ақ ұнтақ
Саңырауқұлақ жіпшесі өсімдіктің бүршіктерінде (өсу жəне же- міс беру) кезеңінде сақталады, сондықтан көктемде жаңа ашыла бастаған жапырақтар мен гүлдер ақ ұнтақ ауруымен залалданады. Өсімдіктің жапырағы мен жас өркендеріне түскен споралар жіпше- ге өніп, өрбіп, бүршіктерге еніп қыстайды да, ауруға шалдыққан өркендерде кесел үнемі дамып отырады. Шық пен ыстық ауа райы жəне өсімдікті уақтылы суармау аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Кеселге өсімдіктің жапырағы, өркені, гүлі, кейде жемісі шал- дығады. Алма ағашында ақ ұнтақ ауруы бүршіктер ашыла баста- ғанда жəне алғашқы жапырақтары түзілгенде пайда болады. Жаңа ашылған жас жапырақта, оның сағағында ақ-сұр, кейде сарылау өңез түзіліп, залалданған жапырақтар жетілмей, негізгі жүйке бо- йымен ширатылады. Гүл шоғыры да ақ өңезбен жабылады.
Өркен бетіндегі өңез алғаш ақ түсті, кейін сұрланып, соңы- нан біртіндеп қоңырланып, оның бетінде қара нүкте тəрізді клей- стотецийлер түзіледі де, тез түсіп қалады. Түйін түзіле бастағанда кесел ақ ұнтақ түрінде білініп, қысқа мерзімде жойылады да, жеміс бетінде сарғыш тор тəрізді белгі қалады.
Қара рак. Ауру қоздырғышы – Sphaeropsis malorum Peck. саңырауқұлағы (157-сурет). Пикнидалары шар тəрізді, қара-қоңыр түсті. Пикноспоралары алғаш түссіз, бір клеткалы, жетілгенде қара- қоңыр, кейде екі клеткалы, споралары бір немесе екі түссіз жіп- шеге өнеді. Инкубациялық кезеңі 15-27 күн.
Жылы, ылғалы мол ауа райы, өсімдік қабығының жабын ұл- паларының залалдануы аурудың жаппай дамуына əсерін тигізеді, оған қолайлы температура 26-270С. Инфекция қоры залалданған ұлпада жіпше, ал түскен жапырақ пен жемістерде пикнида түрінде қыстап шығады. Қара рак ауруы 20 жылдан аса өмір сүрген ағаш- тарда дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |