153-сурет. Мойын шірігі
Пиязшықтың мойын бөлігіндегі ұлпа жұмсарып, шіриді. Көл- денең кесіндісінде пиязшық ұлпасы қоңырлау түсті, ыстыққа піс- кендей кейіп алады. Ауру пияздың сыртқы қабатынан ішкілеріне таралады. Залалданған пиязшық бетінде алғаш жеңіл сұр, соңынан ұнтақталған өңез түзіледі де, онда көптеген майда, қара склероций- лар пайда болып, бір-бірімен қосылып қабықша түзеді.
Саңырауқұлақ егістікте əлсіреген өсімдіктердің қураған төмен- гі жапырақтарын залалдап, кейін пиязшықтың мойнына қарай жылжиды. Қоймада жоғары температура пен ылғалдылықта ауру тез дамып, пиязшықта конидия тасушылар түзіліп, сауларына түбірі арқылы еніп, оларды залалдайды. Пиязшықтың тыныштық кезеңі неғұрлым қысқа болса, ол соғұрлым аурумен тез залалданады, себе- бі өсе бастаған тамыршалар инфекцияның енуіне əсерін тигізеді.
Ауру пиязшықтан өскен өсімдіктің жапырақтары бозарып, тез солып, шіріп, қурайды, ал тұқым сабағы мен басы сұр өңезбен жабылып, шіриді.
Тат. Пиязда тат саңырауқұлағының бірнеше түрі кездеседі: Puccinia allii Rud., P. porri Wint., Melampsora allii-populina Kleb (154-сурет). Республикада Алматы жəне Жамбыл облыстарын- да P.allii саңырауқұлағы кең таралған. Қоздырғыш бір иелі, толық циклды. Эцийлері бокал тəрізді, түсі сары немесе қызыл-сары. Уре- динийлері эпидермиспен жабылған, көпіршік тəрізді, кейде олар бір-бірімен қосылады. Эпидермис кейін жарылып, урединиоспо- ралар сыртқа шығады. Бұл споралардың пішіні домалақ, сопақша, жұмыртқа тəрізді, көлемі 18-32 х 18-24 мкм. Урединиоспоралардың қабығы қалың, майда, сирек орналасқан сүйелдері бар.
Телий бөртпелердің ұзындығы 0,5 мм жуық, олар тығыз, қара түсті эпидермиспен жабылған. Телиоспоралары шоқпар пішінді, жоғарғы бөлігі тығыздалып созылыңқы келеді де, негізіне қарай жіңішкеріп, қысқа, тығыз сабаққа көшіп, пердемен екі клеткаға бөлінеді, көлемі 32-80 х 16-25 мкм, қабығы тегіс, түсі қоңыр.
Достарыңызбен бөлісу: |