Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Пияз жəне сарымсақ аурулары Саңырауқұлақ аурулары



бет230/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Пияз жəне сарымсақ аурулары Саңырауқұлақ аурулары


Жалған ақ ұнтақ (пероноспороз). Ауру қоздырғышы – Pero- nospora destructor Casp. саңырауқұлағы – нағыз паразит (152-сурет). Қоздырғыштың жіпшумағы бір клеткалы, тармақталған, клетка ара- лығында таралып, оның конидия тасушылары мен конидиялары леп саңлауы арқылы сыртқа шығады.


152-сурет. Жалған ақ ұнтақ
Конидиялары бір клеткалы, пішіні жұмыртқа тəрізді, түсі күл- гін-сұр, көлемі 35-60 х 22-25 мкм. Ылғалды ауада өну қабілетін бірнеше күнге дейін сақтайды, ал тікелей күн сəулесі түскенде 1,5- 2 сағатта кеуіп, жансызданады. Жетілген конидиялар ауа толқыны- мен, жаңбыр тамшысымен таралады да, жіпшеге өніп, леп саңлауы арқылы өсімдікке қайта енеді.
Өсімдік жапырағы, сабағы конидиямен залалданғанда, кесел алғаш жеке бөліктерде жергілікті дамып, кейін жіпшумақ ауруға шалдыққан мүшелердің негізіне таралып, диффузды түріне айна- лады.
Залалданған сабақ бірте-бірте жойылып, ал саңырауқұлақ атал- ған мүшеден пиязшыққа өтіп, одан əрі түбіріне жетіп, осы бөлікте жіпшумақ түрінде қыстайды. Сонымен қатар қоздырғыш егістегі өсімдік қалдықтарында (сабақта) ооспора түрінде қыстауы мүмкін. Соңғысы сирек кездеседі.
Ауру пиязшықтан диффузды залалданған өсімдік өседі. Кесел- ге шалдыққан өсімдіктердің өсіп-өркендеуі саябырлап, жапырағы сарғайып, солып, жеңіл күлгін-сұр өңезбен жабылады. Түзілген конидиялар жаңа өсімдіктерді залалдайды. Инкубациялық кезеңі 10-18 күнге созылады.
Кеселдің белгісі сабақта, жапырақта, тұқым сабағында ұзын- ша, сұрғылт түсті дақ түрінде білінеді. Дақ үстінде конидия тасу- шылар мен конидиядан тұратын сұр өңез түзіледі. Залалданған жапырақтар кенеттен сарғайып, қурайды. Тұқым сабақтары да сар- ғайып морт сынады. Тұқымдары жетілмей, əлжуазданып, сапасы мен өнгіштігі төмендейді.
Мойын шірігі. Ауру қоздырғышы – Botrytis allii Munn., кейде Botrytis туысына жататын басқа саңырауқұлақтар (153-сурет). Олардың жіпшумағы алғаш түссіз, кейін қоңырланып, үстінде ко- нидия тасушылар мен конидиялар түзіледі. Конидия тасушылары қысқа бұтақталған, қоңыр-сұр болып келеді. Ақшыл сұр түсті, көлемі 6-16 х 4-8 мкм, пішіні дөңгелек немесе эллипс тəрізді, бір клеткалы конидиялары конидия тасушылардың ұшында топта- лып түзіледі. Склероцийлары майда, диаметрі 4,5 мм дейін. Қыс- тап шыққан склероцийлар көктемде конидия тасушылар мен ко- нидияларға өнеді. Ауру қоры – залалданған пиязшық, егістіктегі склероцийлар, ауру тұқымдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет