150-сурет. Қара шірік Қоздырғыш сəбіз жəне басқа да шатыршагүлділерді залалдай- ды. Инфекция қоры – залалданған тұқымда, өсімдік қалдықтарын- да, тамыржемісте қыстайтын жіпшелер мен конидиялар.
Залалданған өскіннің мойны қарайып, жапырақтары сарғайып, солып, қурайды. Ылғалды ауа райында жапырақ бетінде түсі жа- сылдау, қоңыр зеңді өңез түзіледі.
Қоймадағы тамыржемістердің бүйірінде немесе төбесінде сұр- ғылт түсті, сəл басылған, құрғақ дақтар пайда болады. Кесіндісінде қара-көмір түсті залалданған ұлпа, сауынан айқын бөлектеніп тұ- рады.