Ақ шірік. Ауру қоздырғышы – Sclerotinia sclerotiorum dBy. саңырауқұлағы (149-сурет). Қоздырғыш барлық көкөніс жəне күн- бағыс дақылдарын залалдайды. Инфекция егістікте жəне қоймада склероций түрінде сақталады. Қыстап шыққан склероцийлардан қалта мен қалтаспоралары бар апотецийлер немесе жіпшелер өне- ді. Өсімдіктің бастапқы залалдануы қалтаспора немесе жіпшемен өтеді.
149-сурет. Ақ шірік Вегетациялық кезеңде ауру баяу дамып, ал өнімді қоймаға салған кезде ол қарқындап, қоздырғыш тамыржемістің барлық бөлігіне таралып кесел асқынады. Уақытымен (мезгілінде) жи- налмаған, солыңқыраған, суыққа ұрынған тамыржемістер ауруға төзімсіз келеді. Сондай-ақ, азот тыңайтқышының артық мөлшері кеселдің дамуына əсерін тигізеді. Қоймадағы жоғары температура қоздырғышқа қолайлы жағдай туғызады.
Саңырауқұлақ 00С температурада дами бастайды, ал 15-200С бұл үдеріс қарқындай түсіп, тамыржемістің тыныс алуы жиілеп, оның едəуір қоры осы үдеріске жұмсалып, ауруға тез шалдығады. Егістікке отырғызылған ауру тамыржемістер (тұқымдық) дамуы- ның бастапқы кезеңінде шіріп, жойылады.
Ауруға шалдыққан тамыржеміс жұмсарып, суланып, шіріп, бірақ жемістің түсі өзгермейді. Тамыржемісте саңырауқұлақ жіп- шумағынан түсі ақ, тығыз мол өңез түзіліп, жіпшумақ бөліктері олармен тікелей жанасқан басқа тамыржемістерге таралады. Жіп- шумақ үстінде ірі, түсі алғаш ақ, кейін қараятын склероцийлар пайда болады. Бұл ауру қоймада сəбізді, петрушканы, пастернакты, сельдерейді залалдайды.
Қара шірік.Ауру қоздырғышы – Alternaria radicina M., D. et E. саңырауқұлағы (150-сурет). Қоздырғыш жоғары температура мен мол ылғалдылықтан əлсіреген өсімдікті залалдап, оның ұлпасын ыдыратады. Жасанды ылғалданған ортада дақ үстінде сұрғылт- жасыл түсті жіпшумақ пен конидиялы спора тасушылардан тұра- тын өңез түзіледі. Жетілген конидиялары қоңыр түсті, бірнеше көлденең жəне бойлаған перделері бар, ал жетілмегендері – түссіз, 2-3 перделі, тізбектеліп түзіледі.