Сулы шірік. Ауру қоздырғышы – Erwinia carotovora pv. ca- rotovora Bergey et al. бактериясы (151-сурет). Бұл паразит басқа да өсімдіктерді – бұршақ, үрмебұршақ, қияр, капуста, асқабақ, пияз, əсемдік гүлдерді жəне т.б. залалдайды.
Бактериялар өсімдікке өнімді жинау немесе қоймаға салу ке- зінде болған жарақаттар арқылы енеді. Тамыржемістер микроор- ганизмдерге қажетті қоректік заттарға өте бай, сондықтан қой- маға салынған жемістер қолайлы жағдайда шірік ауруымен тез залалданады, əсіресе құрамында қанты мол тамыржемістер бұл кеселге жиі шалдығады. Сулы шірік инфекциясы тамыржеміс зиянкестері арқылы жəне ауру жемістер сауларымен тікелей жа- насқанда таралады.
151-сурет. Сулы шірік Тамыржемістің басында алғаш түсі ашық қоңыр дақ пайда болады. Жемістің кесіндісінде ішке қарай өтетін, сау ұлпадан айқын ажыратылатын шірік байқалады. Залалданған ұлпа босап, шіриді.
Пысықтау сұрақтары Ақ шірікте қандай споралар түзіледі? Кеселдің дамуына қолайлы жағдайлар. Аурудың белгісі қалай білінеді? Инфекция қоры қайда сақ- талады?
Қара шірік қоздырғышы залалдайтын өсімдік мүшесі. Аурудың белгісі жəне кеселдің инфекцияқоры.
Сулы шірікті қандай қоздырғыш туғызады? Өсімдікке қоздыр- ғыштың енуі. Кеселдің зияндылығы жəне инфекцияқоры.