148-сурет. Столбур
Столбурға шалдыққан өсімдіктің төбесі мен жас өркендері қы- зылдау немесе күлгін түсті болады. Жаңа шыққан жапырақтар пі- шінін өзгертіп (жіңішкеріп немесе папоротник жапырағына ұқсап), жоғары бағытталып, тікірейеді. Өсімдіктің төменгі жапырақтары сарғайып, жүйкелері астыңғы жағынан күлгін түске енеді.
Тостаған жапырақшалары бір-бірімен қосылып, көлемі ұл- ғайып, пішіні «қоңырау» тəрізді болады. Гүліндегі аталықтары семіп, аналығы қысқарып, кейіпсізденеді. Күлте жапырақшалары ұсақталып, түсі көбінесе жасыл болады. Ауруға шалдыққан гүлде жеміс түзілмейді. Түйін түзілу кезінде залалданған өсімдіктің же- місі піскенде түсі қызыл-сары болып, оның төменгі бөлігі торла- нып, қабығы жұқарады. Залалданған жемісте түтікті талшықтардың ксилема клеткалары қарқынды дамып, тұқым ұялары кішірейіп, тұқымдары жетілмей, əлжуазданады, кейде мүлдем түзілмейді. Же- містері қатайып, дəмсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |