Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет221/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Бактериялы аурулар




Бактериялы қара дақ. Ауру қоздырғышы – Xanthomonas campestris pv. vesicatoria Dye (Xant. vesicatoria Dowson) бактериясы (143-сурет). Ол өсімдікке леп саңлауы жəне жарақат арқылы еніп, клетка аралығымен тарайды. Залалданған жапырақта қоздырғыш- тың инкубациялық кезеңі 3-6, ал жемісте 5-6 күнге созылады. Ау- рудың дамуына 25-300С температура жəне жоғары ылғалдылық қо- лайлы жағдай туғызады. Инфекция қоры – залалданған тұқым мен шірімеген өсімдік қалдықтары.

143-сурет. Бактериялы қара дақ

Жас жəне өсіп-өркендеген өсімдіктердің барлық жер үсті бө- ліктері вегетациялық кезеңдерде ауруға шалдығады. Жас ұлпалар ауруға төзімсіз келеді. Тұқым жарнақтың бетінде жүйкені бойла- ған қара дақтар түзіледі. Жапырақтағы майда, майлы дақтардың түсі алғаш қара-қоңыр болып, кейін қарайып, сарғыш жиекпен шектеледі. Сабақ пен сағақтағы қара дақтар, аталған мүшелерді бойлап, созылыңқы орналасады. Ылғалы мол жылдары залалданған сабақ шытынап, жарылады. Жемістегі дақтар алғаш ұсақ, жиекті, сүйел тəрізді болып, кейін олар ұлғайып (диаметрі 6-8 мм) ойық жа- раларға айналады.


Бактериялы рак. Ауру қоздырғышы – Corynebacterium michi- ganense pv. michiganense Jensen бактериясы (144-сурет). Өсімдікке қоздырғыш жарақаттар арқылы еніп, түтік жүйесін залалдайды. Бактерияның дамуына қолайлы температура 25-27°С, ал ол жоға- рылағанда (50-53°С) – тіршілігі жойылады. Инфекция қоры тұқым мен өсімдік қалдықтарында сақталады. Вегетация кезінде бакте- рия насекомдар, жаңбыр тамшысы, суарған су, қолданылған құрал- дармен таралады.
Өсімдік кез келген вегетациялық кезеңде ауруға шалдығады. Кеселдің диффузды жəне жергілікті түрлері болады. Диффузды тү- рінде көшеттер солып, ал өсіп-өркендеген өсімдіктің жапырақтары мен өркендері солады. Өсімдік кейде бір жақты, яғни жапырақтың бір жағының жеке бөліктері солып, кейін түгел қурап, түтіктері қо- ңырланады.
Сабақ залалданғанда, осы мүшені бойлаған қоңыр жолақтар түзіліп, кейін олар жарылады. Көлденең кесіндісінде сабақ түтік- терінің қарайғаны байқалады.

144-сурет. Бактериялы рак

Залалданған жемістің пішіні бұзылып, тұқымы қарайып, өн- гіштігі жойылады. Сау көрінген ауру жемісті кескенде, оның тұқым ұяшығына қарай таралған түсі сары бактерия массасы көрінеді.


Өсіп-өркендеген өсімдік қайта залалданғанда кесел жергілікті болып, барлық мүшелері ауруға шалдығады. Жапырақтарда, сағақ- тарда, сабақта майда, қоңыр, ойық жаралар түзіледі.
Жемістегі дақтар тегіс, ортасы қоңыр, шеті ашық түспен жиек- телген. Көк жемістердегі ортасы қара, шытынаған, майда дақтар- дың шеті ақ түсті болады. Піскен жемістегі қоңыр дақтар ақ түспен жиектеліп, «көз» пішінін алады, сондықтан ауруды «құс көзі» деп атайды. Мұндай жемістердің тағамдық сапасы жойылмайды, сон- дай-ақ инфекция тұқымына енбейді.
Төбе шірігі. Ауру қоздырғышы – Pseudomonas persicum Burg. бактериясы (145-сурет). Залалданған жемістің төбесінде үлкен, сұр шеңберлі дақтар пайда болады да ұлпалар тез жұмсарып, шіриді. Бактериялар өсімдік қалдықтарында жəне алқа тұқымдас арам шөптерде сақталады.


145-сурет. Төбе шірігі
Кесел жас жемістерде, алғашқы бірінші немесе екінші жеміс шоқтарында кездеседі. Жеміс төбесінде алғаш майда, сулы дақ пай- да болып, кейін өсе келе қоңырланып, сəл басылады. Залалданған жеміс қатайып қурайды. Ылғал мол жағдайда құрғақ шірік сулыға айналады.
Өсімдікке су мөлшерінің жетіспеуі, əсіресе алғашқы жеміс байлану кезеңіндегі ылғал тапшылығы, сондай-ақ ыстық, құрғақ ауа райы, азот тыңайтқышының топырақтағы артық мөлшері жəне кальцийдің жетіспеуі сияқты факторлар төбе шірігінің тууына се- бебін тигізеді. Фосфор, калий тыңайтқыштарын топыраққа мез- гілінде енгізсе, онда өсімдіктің ауруға төзімділігі артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет