146-сурет. Стрик Жапырақтарда ұсақ, бұрышты, ал сабақ пен сағақтарда сызық- ша немесе жолақты дақтар түзіледі. Залалданған жапырақтар морт сынып қурайды.
Көк жемістердің бетінде қоңыр, жалтыр, сопақша дақтар пайда болады. Ауру қарқынды дамығанда жемістер пішінін өзгертіп, шы- тынайды. Піскен жемістердегі дақтар басылған, түсі əртүрлі болып келеді. Залалданған жапырақтар қурап, сабақ оңай сынып, кейде өсімдіктің ұшы жансызданады.
Мозаика. Ауру қоздырғышы – Tabaco mosaic virus (Nicotiana virus 1 Smith.) вирусы (147-сурет). Ол жылыжайларда жəне егістік- терде алқа, бұршақ тұқымдас жəне басқа да көптеген өсімдіктер- ді залалдайды. Вирус өсімдіктен өсімдікке жұмыс қолдарымен, қолданылған құралдармен, насекомдармен (біте) таралады. Аурудың қоры тұқым мен шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.