155-сурет. Таз-қотыр
Саңырауқұлақ конидия тасушылары қоңыр немесе зəйтүн түсті, тік орналасқан, тегіс, бір клеткалы, негізі сəл дөңестеу, жеке неме- се шоқтанып түзіледі, кейде киіздей түзілім құрады. Конидиялары дара, зəйтүн түсті, пішіні жұмыртқа немесе теріс шоқпар тəрізді, негізі доғалданған, бір клеткалы, кейін пердемен бөлінеді.
Жаз бойы саңырауқұлақ конидиялары бірнеше (4-10, ал оң- түстікте одан да көп) ұрпақ беріп таралып, жапырақтарды, жас өркендерді залалдайды. Күзде жерге түскен жапырақтарда пери- тецийлер пайда болады. Көктемге дейін олардың ішінде қалта мен қалтаспоралар түзіліп, жетіледі. Қалтаспоралар перитецийден жауын-шашын болған жағдайда босап шығып, өсімдік бүршік жара бастағанда жас жапырақтарды залалдайды.
Саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 8-21 күнге дейін созы- лады, ал 17-210С температурада инкубациялық кезеңі алмада 10, алмұртта 8-9 күн. Қоздырғыш жіпшесі эпидермис қабаттың сыртқы клетка қабырғасы мен кутикула аралығында таралады. Жіпшу- мақта мол конидиялы спора тасушылар пайда болып, жапырақ ку- тикуласын жарып шығып, оның бетінде мақпалды өңез түзеді.
Алма мен алмұрттағы таз-қотыр ылғалы мол аудандарда жиі кездеседі. Көктемнің соңғы, жаздың бастапқы кезіндегі мол жа- уын-шашын жəне шық таз-қотыр ауруының дамуына қолайлы жағдай туғызады. Инфекция қоры түскен жапырақтарда қыстайтын перитецийлер мен өркендердегі жіпшумақ болып табылады.
Өсімдіктің жапырақтары, жемістері жəне өркендері залалда- нады. Жапырақтың үстіңгі бетінде зəйтүн-жасыл, қоңыр-жасыл, қошқыл-жасыл көлемі мен пішіні əртүрлі дақтар пайда болып, мақпалды өңезбен жабылады.
Жеміс бетіндегі дақтар жоғарыда аталғандай, бірақ олардың шеті жіңішке ақшыл жиекпен көмкеріледі. Залалданған ұлпалар тозды қабатқа айналып, көбінесе дақтар шытынайды. Бұл белгі алмұрт жемісінде жиі байқалады. Залалданған жас жемістер бір- жақты дамиды.
Өркендердегі таз-қотырдың белгісі қабықта сəл дөңес түрінде білініп кейін қабыршақтанып жарылған жарықтардан спора масса- сы көрінеді. Өркеннің өсуі саябырлап, бірте-бірте қурауы мүмкін.
Алма мен алмұрттың жапырақ сағақтары, сондай-ақ жеміс са- ғақтары жəне гүлдері залалданады. Ауруға шалдыққан сағақтар- дың жапырақтары мен жас түйіндері түсіп, залалданған гүлдер түйін байламайды. Гүл тостағаншасының жеке жапырақтары ерте залалданса, ауру аса қауіпті, себебі кесел кейін жеміске көшіп, зиян келтіреді.
Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы – Podosphaera leucotricha Salm. саңырауқұлағы (156-сурет). Қоздырғыш алмұртты да залалдай- ды, бірақ ауру қатты дамымайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы ұлпа бетінде дамып, аппрессорийлары арқылы тіркеліп, одан гаусто- рийлар таралып ішке енеді. Жіпшумақ бетінде конидиялы спора тасушыларда бір клеткалы, түссіз эллипс тəрізді, көлемі 21,7-37,2 х 10,9-17 мкм конидиялар тізбектеліп түзіледі де, жаңа өсімдіктерді залалдайды.
Саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі ие-өсімдіктің жағдайы- на жəне температураға байланысты 4-10 күнге созылып, жаз бойы қоздырғыш бірнеше ұрпақ береді.
Клейстотецийлер көбінесе жас өркендер мен жапырақ сағағын- да түзіледі. Олардың пішіні шар тəрізді, түсі қара-қоңыр, қосым- шалары екі түрлі: біріншісі қысқа, иректелген, ашық қоңыр түсті, қарапайым аздаған қосымшалары клейстотецийдің астыңғы бөлі-
гінде түзіледі; басқасы ұзынша, ашық қоңыр түсті, жоғарғы бөлігі түссіз қосымшалар 3-7-ден шоқтанып, клейстотецийдің үстіңгі бө- лігінде орналасады. Клейстотеций ішінде 8 споралы, пішіні дөң- гелек немесе сопақша бір қалта түзіледі. Клейстотецийлер тез түсіп, басқа микроорганизмдер əсерінен ыдырап, инфекция қоры бола алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |