161-сурет. Тамыр ісігі
Инкубациялық кезеңі 1,5-2 айға созылады. Бұлтықтар өсімдіктің негізгі, жанама тамырларында жəне өсімдіктің тамыр мойнында
түзілуі мүмкін, соңғысы аса зиянды. Қоректік заттардың мөлшері жеткілікті болғанда бұлтықтар ірі болуы мүмкін. Залалданған өсімдіктің өсуі саябырлап, жапырақтары мерзімінен бұрын сар- ғаяды. Бұлтықтар өткізгіш түтіктерді тығындап, жас өсімдіктер жойылуы мүмкін. Ауруға шалдыққан өсімдіктер 5 жылдан артық өмір сүрмей, олардың жеміс беру қабілеті төмендейді.
Бактериялар насекомдармен, топырақты өңдегенде қолданыл- ған құрал-саймандармен, отырғызылатын (көшеттер, телітушілер) ауру материалдармен таралады.
Бұл кесел ауыспалы егістік сақталмаған жағдайда жəне жеміс көшеттіктерін ұзақ жылдар бойы бір жерде орналастырғанда қатты дамиды. Реакциясы бейтарап немесе сəл негізді топырақ бактерияның дамуына қолайлы, ал қышқыл (рН-5 немесе одан төмен) ортада қоздырғыш өсімдікті залалдау қабілетін жояды.
Ауру барлық жеміс-жидек дақылдарында, сондай-ақ əртүрлі тұқымдасқа жататын көптеген өсімдіктерде – қызылша, капуста, сəбіз, раушангүл, жүзім, тал, терек, құлмақ, қалампыр жəне т.б. кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |