Пысықтау сұрақтары
Саңырауқұлақтар құрылысы бойынша қандай топтарға бөлінеді?
Жіпшумақтың қандай жіпшелері мен өзгерген түрлері бар?
Өсімдіктен қорек алуда саңырауқұлақ ферменттерінің маңызы қандай?
Саңырауқұлақ ие-өсімдік клеткасынан қоректік заттарды қандай жіпшелер арқылы алады?
Саңырауқұлақтың дамуына сыртқы ортаның əсері.
Саңырауқұлақтардың көбею түрлері.
Қарапайым саңырауқұлақтардың жынысты көбеюі қандай жол- дармен өтеді?
Күрделі саңырауқұлақтардың жынысты көбею түрлері қандай?
1.2.1 Саңырауқұлақтардың жіктелуі (классификациясы)
Саңырауқұлақтар морфологиялық, биологиялық, физиология- лық жəне т.б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі. Қазіргі клас- сификация биологиялық ерекшеліктері бойынша саңырауқұлақ- тарды екі бөлімге бөледі: шырыштылар (Myxomycota) жəне нағыз саңырауқұлақтар (Eumycota).
1-кесте
Плазмодиофорамицеттердің жіктелуі
ɒɵɪɵɲɬɵɥɚɪ, ɦɢɤɫɨɦɢɰɟɬɬɟɪ ɛԧɥɿɦɿ
(Myxomycota)
|
|
|
ɉɥɚɡɦɨɞɢɨɮɨɪɚ ɤɥɚɫɵ
(Plasmodiophoromycetes)
|
|
|
Ɇɚԙɵɡɞɵ ɬɭɵɫɬɚɪ: ɩɥɚɡɦɨɞɢɨɮɨɪɚ
(Plasmodiophora), ɫɩɨɧɝɨɫɩɨɪɚ (Spongospora)
|
Көбеюіне байланысты олар класс, класс тармағы, қатар тобы, тұ- қымдас, туыс тармағы, түр тармағы, формаларға жəне т.б. бөліктер- ге жіктеледі. Саңырауқұлақтардың түрі қоректенуі, морфологиялық, биологиялық, цитологиялық белгілері бойынша анықталып, атауы латынша аталады. Бүкіл дүние жүзінде саңырауқұлақтардың атта- ры бірдей болады. Бұл ережелер «Ботаникалық номенклатураның халықаралық коды» деген кітапта жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |