Клейстотеций – домалақ, жабық (тұйық) жеміс дене, аскілері жеміс дене ыдырағанда сыртқа шығады. Бұл жеміс дене ақ ұнтақ саңырауқұлақтарына тəн.
Перитеций – пішіні, алмұрт, құмыра тəрізді жеміс дене. Жоғар- ғы бөлігінде қысқа немесе ұзындау мойны саңлауымен шектеледі. Кейін қалтаспоралар осы саңлау арқылы сыртқа шашылады.
Апотеций – ашық табақша, тостаған, воронка тəрізді жеміс дене. Оның ішкі жағында орналасқан қабатта қалта мен қалтаспоралар түзіледі. Бұл жеміс дене дискомицеттерде түзіледі.
Клейстотеций, апотеций, перитецийлер нағыз жеміс денелер. Олардың қабығы плазмогамия үдерісінен кейін түзіледі. Гаплоид- ты вегетативті жіпшелер аскі түзетін жіпше мен аскілерді шырмап, орап тығыз жамылғыш түзеді.
Аскілердің кейбіреуі арнайы қуыста (локула) түзілуі мүмкін. Оны псевдотеций деп атайды. Олардың түзілуі төмендегіше: алғаш жіпшелер тығыздалып строма түзеді де, оның ішінде аскогон мен антеридий пайда болып, жынысты көбейеді. Аскі түзетін жіпшелер мен аскілер строма ұлпасын ығыстырып, қуыс локулалар құрады. Əр локулада бір немесе бірнеше аскілер түзіледі. Аскілер жетілген кезде жоғарғы жағындағы жіпшелер үзіліп аскі мен аскоспоралар босап шығады (9-сурет).