Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-сурет. 1, 2 – зооспорангийдегі зооспоралар,3 – спорангиоспоралар, 4, 5, 6 – конидиялар



бет22/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

5-сурет. 1, 2 – зооспорангийдегі зооспоралар,3 – спорангиоспоралар, 4, 5, 6 – конидиялар

Зооспоралар плазмодиафора, хитридиомицет, оомицеттер, кла- сы саңырауқұлақтарында кездеседі. Зооспоралардың өнуі үшін су қажет, сондықтан бұл саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар ылғал- ды жерде дамиды.


Спорангиоспоралар – спорангия тасушылардың ұшында дома- лақ спорангийдің ішінде түзіледі. Бұл споралардың қабығы қатты болып, спорангия бұзылғанда ғана сыртқа шығады. Көбінесе мукор саңырауқұлақтарында болады.
Конидиялар – жіпшумақтың белгілі бір тармағында, конидия тасушыларда түзілетін споралар. Конидия тасушының ұшы бүр- шіктеніп ісінеді де, протоплазма мен ядро осы бөлікке өтеді. Соңынан бүршік пен конидия тасушының арасында перде пайда болып, конидия дамып, қабығы қалыңдап, жетілгендері бөлектеніп, оның орнында басқалары дамиды.
Кейбір саңырауқұлақтарда бірнеше конидиялар бір мезгілде дамып, тізбектеліп немесе топталып түзіледі. Конидиялар жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарға тəн споралар.
Конидия мен конидия тасушылар бір-бірінен пішіні, көлемі, түсі, орналасуы, дамуы жəне т.б. ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар бір жəне көп клеткалы, түссіз жəне бояулы, жіп, шар, шоқпар тəрізді. Конидия тасушылар қарапайым, бұталанған, күлтебас тəрізді бола- ды. Саңырауқұлақ түрін анықтауда бұл белгілердің маңызы зор. Ве- гетация кезінде саңырауқұлақтар жыныссыз көбейіп бірнеше ұрпақ түзіп, ауру қоздырғышын таратады.
Жынысты көбеюде екі түрлі жынысты клеткалар (аталық, аналық) гаметалар (gametes – аталық, gamete – аналық) қосылады. Изогамия үдерісінде əр жынысты зооспоралар, яғни гаплоидты га- металардың ядролары қосылып (кариогамия – копуляция) зигота
түзіледі. Зиготада хромосом саны екі есе көбейіп, саңырауқұлақ- тың диплоидтық кезеңі басталады. Кейін диплоидтық ядро бөлі- ніп (редукция), қайта гаплоидтық күйге келеді.
Саңырауқұлақтың даму циклінде гаплоидты жəне диплоиды кезеңдер алмасып отырады. Копуляциядан редукцияға дейін – дип- лоидты кезең, ал редукциядан жаңа копуляцияға дейін – гаплоид- ты кезең.
Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюі олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше жолмен өтеді – изогамия, оогамия, зигогамия, гаметангиогамия, соматогамия.
Изогамия плазмодиофорамицет жəне хитридиомицет саңырау- құлақтарында кездеседі. Пішіні мен көлемі бірдей, əр жынысты екі қозғалатын гаметалардың (зооспоралардың) қосылу нəтижесін- де зигота (циста) пайда болады. Оның қабығы қалың, қолайсыз жағдайға төзімді келеді.
Оогамия оомицеттерге тəн. Əр жынысты пішіні мен көлемі əртүрлі екі гаметалар қосылып, тынышталған ооспора түзеді. Жіп- шумақ үстінде қысқа жіпше басында шар тəрізді аналық – оого- ний жəне ұршық тəрізді аталық – антеридий жынысты клеткалары пайда болады. Оогонийге жанасқанда антерийден түтікше түзіліп ол оогонийға енеді. Түтікше арқылы аталық клетканың құрамы аналыққа ауысып, екеуі қосылып диплоидты (зигота), тығыз бірнеше қабат қабықшасы бар ооспора түзіледі (6-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет